Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет9/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

1 - тарау. Жалпы ережелер
750. Әрбір ТМГҚ сыртқы және ішкі байланыс құралдары орнатылады.

751. Д типін есепке алмағанда, барлық ТМГҚ-да апатты хабарлаудың халықаралық жиілігінде халықаралық кесте бойынша есту радиовахталары орнатылады, ал А типті ТМГҚ-да сонымен қатар қоршаған жағдайға тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

752. ТМГҚ құтқару немесе іздестіру тікұшақтары үшін база ретінде, жақын жатқан аудандарда апатқа ұшыраған кемелермен байланыс үшін делдал ретінде қолдануға және радиобайланыс саласында өзге қосымша функцияларды орындауға жол беріледі.

753. ТМГҚ-да техникалық бақылауға барлық байланыс құралдары, және оларға жататын антенналық құрылғылар, байланыс және қорғаныс аппараттары, тарату қалқандары, негізгі және апаттық қоректендіру көздері, сым желілері және сол сияқты аталған байланыс құралдары орнатылған бөлмелер мен кеңістіктер жатады.



2 - тарау. ТМГҚ ішкі және сыртқы байланыс құралдары

1 - параграф. Жалпы нұсқаулар
754. ТМГҚ байланыс құралдары келесіні қамтамасыз етеді:

1) теңіз қозғалмалы кемесі үшін бөлінген жиілік өрісінде теңіз кемелерімен (соның ішінде өрттік) радиобайланысты;

2) кәсіпшілік және бұрғылау жұмыстарының басшысымен, жергілікті өрт қызметімен, жағалаудағы базамен байланысты (радио осы мақсаттар үшін бөлінген жиілік өрісінде; радиореле немесе сымды);

3) авиациялық қызмет үшін бөлінген жиілік өрісінде қызмет көрсету тікұшақтарымен радио байланысты;

4) платформа қызметтерінің өзара телефон (радио) байланысын;

5) орталық басқару орнынан тұрғылықты, қоғамдық және өндірістік бөлмелерге хабар беру байланысын;

6) тікұшақ алаңы, тұрғылықты бөлмелер және аэропост арасындағы екі жақты хабар беру байланысын.

755. Радиожабдықтың барлық түрлері өзінің техникалық сипаттамалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары жауап береді.

756. Персонал үнемі болатын теңіз қондырғысында және қосымша жағалау қызметтерінде теңіз және әуе апаттық байланыстың тұрақты жұмыс істейтін арналарына тәулік бойы мониторинг жүзеге асырылады.

757. Әуе кемелерін басқару үшін Теңіз қондырғылары радио белгі шамдармен, тікұшақ алаңдарымен жабдықталады.

758. Теңіз операцияларын қалыпты ұстау үшін қолданылатын, теңіз және әуе кемелері радио белгі шамдардан сәйкес қабылдағыштармен жабдықталады.

759. Персонал үнемі болатын объектілерде объектінің барлық жұмысшыларымен қатынаста болу үшін қатты сөйлейтін байланыс жүйесі орнатылады.



2 - параграф. ТМГҚ байланыс құралдарымен жабдықтау
760. ТМГҚ байланыс құралдарымен жабдықтау платформаның орналасқан орны ескеріле отырып, типтер бойынша ТМГҚ бөлімшесіне сәйкес 4-кестеге сәйкес жүргізіледі.
Байланыс құралдарымен жабдықтау

4-кесте



Байланыс құралдары

Типтер бойынша саны

А

В

С

Д

1

2

3

4

5

Әрекет етудің минималды ұзақтығы 150 мильмен негізгі радиобергіш

1

1

-

-

Негізгі радиоқабылдағыш

1

1

-

-

әрекет етудің минималды ұзақтығы 150 мильмен резервті радиобергіш

1

1

1

-

Резервті радиоқабылдағыш

1

1

1

-

Радиотелефонды дабыл белгілерін автоматты бергіш

1

1

1

-

Радиотелефонды дабыл белгілерін автоматты бергіш

1

1

1

-

Радиотелеграфты дабыл белгілерін автоматты қабылдағыш

1

1

1

-

Есту вахтасын радиоқабылдағыш

1

1

-

-

Пайдалану радиобергіші

1

1

1

1

Пайдалану радиоқабылдағышы

1

1

1

1

Теңіз радиобелгілерінің жиілігі аясында жұмыс істейтін, радиобелгі қондырғысы

1

1

1

-

Тікұшақпен байланыс үшін УКВ радиостанциясы

1

1

1

1

Кемелермен байланыстың өлшеу толқындарының радиотелефонды станциясы

1

1

1

1

Радио оқшаулау станциясы













Командалық жеткізу құрылғысы












Ескерту:


1) ТМГҚ радио оқшаулау станцияларымен, командалық байланыс құрылғыларымен жабдықтау жоба бойынша жүргізіледі;

2) А типті платформа үшін метрлі толқындардың резервті ауыстырмалы радиотелефонды станциясы қарастырылады;

3) жобаға сәйкес, ТМГҚ келесімен жабдықталуы мүмкін:

спутниктік байланыстың кемелік станцияларымен;

радиорелейді, су асты – желілі байланыс сымдарымен және тығыздау аппаратурасымен;

4) ТМГҚ авралды байланыс жүйесімен жабдықталады.



3 - параграф. Қоректендіру көздері
761. Барлық байланыс құралдарын қамтамасыз ету үшін платформаны қоректендірудің негізгі және апаттық көздерінен электр энергиясын беру қарастырылады.

762. Байланыс құралдарын қоректендірудің негізгі және апаттық көздерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда (авариялар, мұнай газ көрінулер, ашық атқылау) резервті аккумуляторлардан қоректендіру қарастырылады.



4 - параграф. Антенді құрылғылар
763. Жарылуға қауіпті аймақтарда антеналық құрылғыларды орнатуға жол берілмейді.

764. Жұмыс істеп тұрған жабдықтан тікелей жақындықта өтетін, антеннаны төмендету учаскелері металл торлармен (экрандармен) қоршалады.

765. Антенналарды олардың жұмысына экранды әсер етуге қабілетті жоғарғы металл құрылымдарының (мұнара, жүк көтергіш крандарының жебесі және сол сияқты) жанына орналастыруға жол бермейді.

3 - тарау. Байланыс құралдарын орналастыру
766. Радио жабдық бөлмелерде ТМГҚ тұрғылықты блогының жоғарғы бөлмелерінде орнатылады.

767. радио кескіште байланыс құралдарына қатысы жоқ жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

768. Байланыстың пайдалану құралдарының шығарылатын байланыс пунктерін ТМГҚ пайдалану басқармасы жүргізілетін басқару орындарына орналастыруға жол беріледі (инженерлі-технологиялық пост, негізгі басқару посты, диспетчерлік және сол сияқты).

769. Командалық байланыс құрылғыларының қатты сөйлегіштері барлық тұрғылықты, қоғамдық және өндірістік бөлмелерде, ашық жұмыс алаңдарында орнатылады. Ол кезде командалық байланыс құрылғысы толық тиелген және шекті күшейтілген кезде қызметтік нұсқамаларды микрофонды постардан орындаудың минималды қатты деңгейі осы орындардағы шу деңгейінен 20 Дб дейін асатындай етіп берілуді қамтамасыз етеді.

770. Негізгі командалық микрофонды пост және командалық байланыс құрылғысының күшейткіші, радио хабарлау қабылдағыштары, жазбалардың орындаушылары және дыбыс жазатын аппаратура командалық байланыс желісінде орнатылады.

771. Байланыс сымдары және антеналық-фидерлі құрылғы механикалық зақымданулардан қорғалуы керек.

772. Радиокесу құрылғысына, оны жабдықпен және құралдармен жабдықтау, оған жабдықты орналастыру, қосымша агрегаттар, блоктар және жабдық құралдары үшін басқа бөлмелерді орналастыру және сым желісін құрастыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

773. ТМГҚ барлық қызметтері телефон байланысымен, соның ішінде радиокесу және радио аппарат бөлмелерімен жабдықталады.




4 - тарау. Құтқару қайықтарының, капсуланың, солдың

байланыс құралдары
774. Танкерлі қайықтарда, капсулада, солдарда штатты радиостанциялар қарастырылатын болса, онда ТМГҚ-да радиокесуде көрінетін жерде сақталатын, ауыспалы радиостанциялар болады.

775. ТМГҚ қызмет көрсетуші персоналын эвакуациялау кезінде ауыспалы радиостанция эвакуация жоспары бойынша тағайындалған бақылау тұлғасымен, танкерлі қайыққа, капсулаға, солға ауыстырылады.



5 - тарау. Радиотаратқыштардың қуаты
776. ТМГҚ-да орташа қуаты 0,5 кВт асатын, радио бергіштерді орналастыруға жол беріледі.

20 - бөлім. Электр жабдығы

1 - тарау. Жалпы ережелер
777. Осы бөлімнің талаптары тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, техникалық пайдалануға және қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарға және дайындаушының нормативтік техникалық құжаттарына қосымша электр жабдығына қолданылады.

2 - тарау. Таратқыш қалқандары
778. Таратқыш қалқандары көрші торларды ажыратусыз, кез келген фидерде (торда) қауіпсіз жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін құрылымға ие.

779. Таратқыш қалқандарының фидерлерінде ауыстырмалы жермен қосуларды орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.

780. Желілі аппаратураның әкелу ұштарының құрылымы оларда ескерту жазбаларын ілуге мүмкіндік береді.

3 - тарау. Желіні бейтараптау режимі
781. Электр желілері оқшауланған бейтарап режимінде жұмыс істейді.

782. Желінің оқшаулау кедергісін төмендету туралы автоматты белгі берумен оқшаулауды бақылау қарастырылады.



4 - тарау. Жарықтандыру
783. ТМГҚ-да жұмыс орындарын жарықтандыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес.

784. Жарықтандыру желісі жеке трансформатордан қоректенеді. Жарық жүктемесін және күшті біріктіріп қоректендіруге жол берілмейді.

785. Бұрғылау мұнарасын және бұрғылау және цементтеу сорғыларын жарықтандыру шамдары үзіліссіз жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін екі енгізуден қоректенеді.

786. Өндірістік бөлмелер, жұмыс алаңдары, эвакуациялау жолдарында апаттық жарықтандыру бар.

787. Жергілікті жарықтандыруды талап ететін, жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін орындарда 12 Вольтты кернеумен қол шамдары үшін розеткалар қарастырылады.

Розеткалар жарылуға қауіпті аймақтан тыс орналасады.

12 Вольт желісін қоректендіру бөлінген байламалармен трансорматордан жүзеге асырылады.

788. ТМГҚ қолмен ауыстырылатын аккумуляторлы шамдармен жабдықталады.

Жарылуға қауіпті аймақтарда жұмыс істеуге арналған шамдар осы Талаптың 835 тармағының талаптарына жауап береді.

5 - тарау. Жермен жанастыру
789. Электр жабдығы орнатылған барлық құрылымдық металл элементтері (соның ішінде электрлі бақылау құралдары, автоматика, жарықтандыру және сол сияқты) платформаның металл құрылымынан сенімді электр байланысына ие.

790. Электр жабдығының корпустары жарылуға қауіпті аймақтарда орналасқан кернеу көлеміне қарамастан, жермен жанасқан металл құрылымдарындағы қондырғыларға тәуелсіз, иілімді мыс көп тұрғын өткізгіштермен жерге қосылады. Осы талап «ұшқынға қауіпсіз электр шынжыры» - жарылыстан қорғаныс түрі бар, электр жабдығына қолданылмайды.

791. Жабық және ашық технологиялық жабдық, өнімді (заттарды) тасымалдау және шашырату кезінде электр статты зарядтардың қалыптасуы мүмкін, ТМГҚ-да орнатылатын, отын мен өнеркәсіп ағындарына арналған ыдыс жермен қосылады.

792. Жермен қосылатын өткізгіштер бояудан қорғалған, жермен қосуға арналған орындарда электр жабдығының корпустарына қосылады. Электр жабдығының корпусында, ТМГҚ металл құрылымдарында байланыс беткейлері жермен қосу өткізгішінің жанасу орындарында металл коррозияға қарсы жабындыға ие.

793. Жермен қосатын сымның бұрандалы құрамаларының дірілден өздігінен ағытылуына қарсы шаралар қолданылады.

6 - тарау. Электр энергиясының апаттық көзі
794. ТМГҚ-да тұрғылықты блок аумағында орналасқан, электр энергиясының апаттық көздері қарастырылады. Осындай көздер болып тәуелсіз дизель-генераторлар және аккумуляторлы батарея табылады.

795. Аккумуляторлы батареяны қолдану кезінде оны зарядтау үшін ТМГҚ-да зарядтау құрылғысы қарастырылады. Аккумуляторлы бөлмелерге және зарядтау құрылғыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

796. Апаттық көздің қуаты келесі тұтынушыларды бір уақытта 18 сағат көлемінде қоректендіру үшін жеткілікті:

1) құтқару құралдарын түсіру және персоналды эвакуациялау үшін арналған құрылғылардың электр әкелгіштері;

2) белгі берудің электр жүйелері: жарылуға қауіпті газдар мен булардың шоғырлануын көтермелеу үшін, жарылуға қауіпті бөлмелерді желдету, өртті анықтау және көлемдік өрт сөндіру құралдарын іске қосу туралы, ыдыстардағы сұйықтың көлемі туралы, электр жабдығындағы және бөлмелердегі артық қысымды ұстап тұру жүйесіндегі істен шығушылықтар туралы ескерту жүйелерінің істен шығуы туралы;

3) апаттық жарықтандыру шамдары;

4) көлемдік және өзге арнайы шамдар;

5) өрт сорғыларының жеткізгіштері;

6) радиобайланыс құралдары.

797. Негізгі және апаттық электр энергиясын беру жүйелері істен шыққан жағдайда апаттық аккумуляторлы батарея автоматты режимде 30 минут көлемінде келесі тұтынушыларды қоректендіруді қамтамасыз етеді:

1) көлемді және өзге арнайы шамдардың;

2) радиобайланыс құралдарының;

3) өртке және газдарға мониторинг жүргізу жүйелерінің;

4) көзбен шолу және дыбыстық белгі беру жүйелерінің;

5) жұмыс жүргізудің АЖЖ қарастырылған және персоналды эвакуациялау үшін қажетті уақыт көлемінде апаттық жарықтандыру жүйелерінің.

798. Апаттық электр қамтамасыз етумен қамтамасыз ету жүйесіне апаттық жарықтандыру, байланыс құралдары, навигациялық құралдар, газды және өртті мониторинг жүргізу жүйесі, ТҚЖ, өртті басу жүйесі, ұңғыманы бақылау жүйесі, жүк көтергіш жабдығы, сүңгуірлердің қауіпсіздік жүйесі және қысқы мерзімде апаттық жылыту жүйесі қосылады.

799. Апаттық электрмен жабдықтау және апаттық аккумулятор жүйесі нәтижелері беткейлі вахталық журналда жазыла отырып, айына бір реттен кем емес тексеріледі.

800. Апаттық электрмен жабдықтау және аккумуляторлар негізгі электр энергиясын беру жүйесінен, сондай-ақ жарылу мен өртену мүмкін әлеуетті орыннан белгілі бір қашықтықта орнатылады және тәуелсіз отын берумен қамтамасыз етіледі.



7 - тарау. Басқару органдары және

дабыл белгісі жүйелері
801. Орталық апаттық басқару орындарында жарылуға қауіпті булар мен газдардың пайда болуы салдарынан, жарылуға қауіпті аймақтарды кеңейту кезінде қауіп туғызуы мүмкін, электр энергиясының негізгі және апаттық көздерінен қорек алатын, осы Талаптардың 797 тармағында көрсетілген жабдықты есепке алмағанда, барлық электр және электронды жабдықты ажырату үшін басқару органдары қарастырылады.

802. Басқарудың орталық апаттық орындарында келесі орнатылады:

1) авралды белгінің қолмен ажыратқыштары;

2) осы Талаптардың 796 тармағында көрсетілген жабдық орнатылған, барлық бөлмелерімен және кеңістіктерімен телефонды байланыс құралдары;

3) қатты сөйлейтін командалық байланыс жүйелерінің микрофонды постары.

803. Орталық басқару постында жарық және акустикалық белгі беру құралдары орнатылады:

1) бөлмелерде өртті анықтау;

2) жарылуға қауіпті газдар мен булардың жоғары шоғырлануының пайда болуы;

3) ыдыстарда (танктерде) жоғарғы және төменгі деңгейге жету;

4) артық қысыммен жұмыс істейтін, бөлмелер мен жабдықты желдету жүйелерінде қысымның төмендеуі.



8 - тарау. Өрт дабыл белгісінің жүйесі
804. ТМГҚ өртті, улы заттарды анықтаудың автоматты және қолмен өрт дабыл белгілерімен жабдықталады.

Қорғалатын бөлмелерді өртті және улы заттарды анықтайтын дабыл белгілерінің қабылдау станциялары және өрттің пайда болуы туралы құлақтандыру белгілерін ажыратқыштар орталық өрт постында (әрі қарай – ОӨП) орналасады.

805. Өртті, улы заттарды анықтаудың автоматты дабыл белгісінің типі жобамен таңдалады.

Автоматты дабыл белгісінің типін таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

806. Өртті және улы заттарды анықтау жүйелері объектіде болатын барлық тұлғаларды қауіптілік туралы ескерту үшін дыбыстық белгіні қамтитын (қатты шулы учаскелерде көзбен көретін белгіні), дабылды хабарлау үшін автоматты және қол құрылғыларымен жабдықталады:

1) тұрғылықты және қоғамдық бөлмелерді коридорлары мен алаңдарында;

2) энергетикалық қондырғы бөлмелерінде;

3) технологиялық жабдық орналасқан ашық және жабық кеңістіктің бөлмелерінде.

Қол дабыл белгісінің құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

807. Көлемдік өрт сөндіру жүйелерін әрекетке қосу туралы ескерту дабыл белгісі қарастырылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.

808. Асатын шоғырлануда жалын, отқа қауіпті және газдың немесе улы газдардың жарылатын қоспалары анықталған жағдайда АЖЖ белгіленген әрекеттер орындалады.

809. Анықтау, белгі беру және өшіру кезінде әрекет етуге және персоналды құлақтандыруға қабілетті ұқсас функцияларды өшірудің алдын алатын, мониторинг жүйесі қарастырылады.

810. Анықтау жүйесі апаттық аккумулятордан жұмыс істеу кезінде техникалық сипаттамалармен қарастырылған уақыт көлемінде, негізгі және апаттық электр қоректендіру жүйелері істен шыққан кезде мониторингті қамтамасыз етеді.

811. Дыбыстық және көзбен шолу жүйелері өрт үшін, улы заттарды анықтау үшін жеке нақты және ескерту белгілерін, платформадан эвакуациялау бойынша белгілер және «Борттан тыс адам» белгісін береді.

812. Эвакуацияға дайындау туралы белгі жағдайға байланысты және Апатты жою жоспарына сәйкес, объект басшысымен немесе Теңіз құрылысының капитанымен сәйкес шешім қабылданғаннан кейін қолмен беріледі.

813. Өртті және улы газдарды анықтау жүйесі тұтану немесе газдың ағуының ерте кезінде анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуге реттеледі.

814. Апаттық белгіні қосу үшін механикалық құрылғылар тез қол жететін орындарда, жұмыс аймақтарынан шығатын жерде орнатылады.

9 - тарау. Электр жабдығын

қоршаған орта әсерінен қорғау
815. Барлық электр жабдықтар ТМГҚ-та орналасу орнына байланысты сыртының қорғанысы болады.

Электр қозғалтқыштары, іске қосу және коммутаторлық аппаратура, тарату құрылғылары, жарықтандыратын арматура және жабық бөлмелерде орнатылатын өзге электр жабдығы JР23 төмен емес корпустарда қорғалып орындалуға ие.



10 - тарау. Жарылу қауіпсіздігі
816. Жарылыс нәтижесінде қалыптасатын, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын алу келесімен қамтамасыз етіледі:

осы өндірістік үрдістерде қолданылатын, жарылуға қауіпті заттардың минималды көлемін анықтаумен;

отты тежегіштерді, гидро ысырмаларды, су және шаң бөгеттерін, инертті (жануды ұстамайтын) газды және булы жабындыларды қолданумен;

жарылыс қысымына есептелген жабдықты қолданумен;

өндірістің жарылуға қауіпті учаскелерін орау немесе бункерлеумен немесе оларды қорғаныс кабиналарына орналастырумен;

қысымды апаттық түсіру құрылғыларының көмегімен жарылыс кезінде жабдықты қираудан қорғаумен (қорғайтын мембраналар және қақпақтар);

тез әрекет ететін кесу және керу қақпақтарын қолданумен;

жарылысты белсенді басу жүйелерін қолданумен;

ескерту дабыл белгілерінің құралдарын қолданумен.

817. Технологиялық жабдықтың ішінде жарылысқа қауіпті ортаның қалыптасуының алдын алу келесімен қамтамасыз етіледі:

технологиялық жабдықты қымтаумен;

тұтану аумағынан тыс орта құрамы мен көрсеткіштерін ұстаумен;

сәйкестейтін (химиялық белсенді) және баяуландыратын (инертті) қоспаларды қолданумен;

өндірістік жабдықты және үрдістерді жобалау кезінде қабылданатын, құрылымдық және технологиялық шешімдермен.

818. Мамандандырылмаған ұйымдармен жасалған, электр жабдығын жарылыстан қорғау бойынша маркалауы жоқ немесе жарылыстан қорғау элементтерін бұзумен жөнделген электр жабдығын орнатуға жол берілмейді.

819. Жарылыстан қорғау құралдары істен шыққан, одақтасу, басқару және қорғау сызбалары бұзылған жағдайда электр жабдығын қолдануға жол берілмейді.

820. Жарылысқа қауіпті аймақтарға 5-кестеде көрсетілген, ТМГҚ бөлмелері мен кеңістіктері жатады.

5-кесте





р/с

Бөлмелер мен кеңістіктер

Жарылысқа қауіптілік санатттары

1

2

3

1.1.

1.2.


1.3.

1.4.
2.1.

2.2.
3.1.
4.1.

4.2.


4.3.

4.4.

4.5.

4.6.



4.7.

4.8.

4.9.

4.10.



Мұнай және мұнай газдары бар, бұрғылау ерітіндісі үшін ашық технологиялық құрылғылар орнатылған ашық бөлмелер.
В - Iа санаты аймағына жатқызылуы мүмкін, алайда оларда газдардың таралу мүмкіндігі жоқ шахталар, арналар, тартпалар және басқа сәйкес құрылғылар.

Тез тұтанатын сұйықтарды айдау үшін жүк өңештерін сақтау жабық бөлмелер.


Бояушы және шамшырақты бөлмелер.
Тез тұтанатын сұйықтар, мұнай және жанатын газдар үшін ажырату және реттеу құрылғыларының жабық технологиялық құрылғылары, жабдықтар, аппараттар, құбыр жолдары, желілер орнатылған жабық бөлмелер.

Ағынды сулардың сорғысының жабық бөлмелері


Мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітіндісі үшін ажырататын құрылғылардың жабық технологиялық құрылғылары, жабдықтар, аппараттар, құбыр жолдары, желілері орнатылған жабық бөлмелер.
Мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітіндісі үшін немесе барлық жағына 5 м қашықтықпен шектелген, тез тұтанатын сұйықтар үшін ажырататын құрылғылардың ашық технологиялық құрылғылары, аппараттары, желілері айналасындағы ашық кеңістіктер.
Бұрғылау ерітіндісі, тұтанатын сұйықтар үшін ажырататын құрылғылардың жабық технологиялық құрылғылары, жабдықтары, аппаратттары, желілері айналасындағы, сондай-ақ барлық жағына 3 м қашықтықпен шектелген атқыма арматурасының айналасындағы ашық кеңістіктер.
Мұнай және мұнай газдары бар бұрғылау ерітіндісі, немесе қоршау аясында тез тұтанатын сұйықтар үшін ажырататын құрылғылардың технологиялық құрылғылары, жабдықтары, аппаратурасы, желілері орнатылған жартылай жабық кеңістіктер.

Бұрғылаудың жұмыс алаңының қоршау биіктігінің қоршалу шегіндегі жартылай жабық кеңістіктер, бірақ 3 м кем емес.


Қоршау аясында бұрғылаудың жұмыс алаңы төсемінің астындағы жартылай жабық кеңістіктер.
Бу газ бөлінудің мүмкін болатын көздерінен барлық жақтарға 3 м көлемінде бұрғылаудың жұмыс алаңының төсемі астындағы ашық кеңістіктер
Қоршау аясында атқыма арматурасы орналасқан, жартылай жабық кеңістіктер.
Тез тұтанатын сұйықтарды ағызу үшін жүк өңештерін сақтауға арналған жартылай жабық кеңістіктер.

Барлық жағынан 3 м қашықтықпен шектелген, В - I және В-Iа бөлмелерінен соратын желдеткіш тесіктерінің айналасындағы ашық кеңістіктер


Барлық жағынан 1,5 м шектелген, В-I және В-Iа бөлмелерінен кез келген тесіктердің ашық кеңістіктері (терезелердің, есіктердің жақтаулары).

В-I


В-I

В-I


В-I

В-Iа

В-Iа

В-Iб


В-Iг

В-Iг
В-Iг


В-Iг


В-Iг

В-Iг

В-Iг

В-Iг


В-Iг

В-Iг

Ол кезде:

1) егер де цементтеу сорғылары жеке бөлмеде орналасқан және олардың құбыр жолдары мен арматура жүйелері осы сорғыларды бұрғылау ерітіндісінің айналдыру жүйесімен немесе мұнай бар цистерналармен бірігуін қарастырмайтындай етіп орнатылған болса, онда ондай бөлмелер жарылысқа қауіпті емес деп саналады;

2) мұнай және мұнай газы бар бұрғылау ерітіндісі үшін немесе құрама фланецтері жоқ, тез тұтанатын сұйықтар үшін құбыр жолдарының учаскелері ғана төселген бөлмелер өртенуге қауіпті емеске жатады.

821. Есіктердің, терезелердің немесе кез келген басқа жолдар мен тесіктердің болуына жол берілмейді:

1) жарылысқа қауіпті және өзге бөлмелер арасында;

2) В-Iа және В-I санаттарының жарылысқа қауіпті аймақтары арасында.

822. Жарылысқа қауіпсіз аймақтан жарылысқа қауіпті аймаққа жолдар мен тесіктер орналастыру қажет болған жағдайда, осы аймақтар жарылысқа қауіпті болады және келесіні есепке алмағанда, жарылысқа қауіпті аймақтар жататын санатқа жатқызылады:

1) В-I санатының жарылысқа қауіпті аймағына тікелей шығумен жабық бөлме В-I а санатының жарылысқа қауіпті аймағы ретінде қарастырылады, төменде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда:

өтетін жер В-Iа санатты жарылысқа қауіпті аймақ жаққа ашылатын, газ өткізбейтін есікпен жабдықталады;

бөлме В-I г санатының жарылысқа қауіпті аймағына қатысты артық қысым қамтамасыз етілетіндей етіп, желдеткішпен жабдықталады;

желдету жүйесіндегі бұзылулар және бөлмедегі ауа қысымының төмендеу туралы хабарлайтын, тұрақты вахтамен басқару постында дабыл белгісі қарастырылады;

2) В-Iа санаты жарылысқа қауіпті аймаққа тікелей өтетін бөлме жарылысқа қауіпті емес бөлме ретінде қарастырылады, егер де:

өтетін жер жарылысқа қауіпті аймақ жаққа ашылатын, өздігінен жабылатын, газ өткізбейтін есікпен жабдықталады;

бөлме, онда жарылысқа қауіпті аймаққа қарағанда артық қысым қамтамасыз етілетіндей етіп, желдеткішпен жабдықталады;

желдету жүйесіндегі бұзылулар және бөлмедегі ауа қысымының төмендеу туралы хабарлайтын, тұрақты вахтамен басқару постында дабыл белгісі қарастырылады;

3) В-I санатты жарылысқа қауіпті аймаққа тікелей кірумен жабық бөлме жарылысқа қауіпті емес деп қарастырылады, егер де:

өтетін жер әуе тамбурын қалыптастыратын, екі өздігінен жабылатын газ өткізбейтін есіктермен жабдықталған;

В-I санатының жарылысқа қауіпті аймағына қарағанда ауаның артық қысымын қалыптастыратын, желдеткішпен жабдықталған;

Бақыланатын бөлмедегі артық қысымның жоқ екендігі туралы хабарлайтын, тұрақты вахтамен басқару постына дабыл белгісі қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет