Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- бөлім. ТМГҚ қойылатын негізгі талаптар



бет2/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4 - бөлім. ТМГҚ қойылатын негізгі талаптар

1 - тарау. Жалпы талаптар
34. Барлық ТМГҚ үшін келесі жасалады:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) аварияны жою жоспары, онда ерекше жағдайлары ескеріле отырып, персоналдың аварияның алдын алу және апаттық жағдайларды жою, өртті сөндіру бойынша жедел әрекеттері қарастырылады.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.

35. Теңіз құрылысында операциялар жүргізу кезінде Жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетіле отырып, қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылайтын тұлға тағайындалады.

36. Өндірістік бақылау туралы ережеде Бақылау тұлғасының және Ұтқыр теңіз құрылысының капитанының міндеттері мен өкілеттіліктері шектеледі.

37. Персонал және теңіз құрылысына келушілер кіріспе нұсқаулықтан өтеді, объектіде болған кездегі қауіпсіздік талаптарымен және авария болған кездегі әрекеттермен танысады.

38. ТМГҚ-да жұмыс орындарында өндірістік бөлмелерде мұнай және газ құбыр желілерінің ұзындығы мен диаметрін көрсете отырып, бұрғылау және пайдалану жабдығының желілерінде құбырлардың және тірегіш құрылғылардың орналасқан орындарының сызбасы ілінеді.

Жабдықтың желісіндегі құбырлар мен тірегіш құрылғыларының орналасуындағы барлық өзгерістер мен толықтырулар бір тәулік ішінде сызбаларға енгізіледі.

39. Құрамаларында тығыздық болмаған жағдайда құбыр желілерін, жабдықтарды және аппаратураны пайдалануға жол берілмейді. Құрамалардағы және мұнай, газ және отын өткізгіштердегі барлық тығыздық еместер дереу жойылады. Ауысым кезіндегі барлық жойылмаған бұзылушылықтар вахталық журналға жазылады.

40. Дауылдан кейін бұрғылау жабдығының, пайдалану тұрақтардың, отырғызу алаңдарының және платформада орнатылған өзге жабдықтың жағдайына тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижелері жабдықтың техникалық жағдайының журналына енгізіледі және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданылады.

41. ТМГҚ-да жарылысқа қауіпті аймақтан тыс орналасқан, дәнекерлеу посты қарастырылған. Постының орналасқан жері жобамен анықталады.

42. Дәнекер және өзге де оттық жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

43. Жабық кеңістікте және биіктіктегі жұмыстар, пайдаланудағы ТМГҚ оттық жұмыстар бақылау тұлғасының басшылығымен, наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі, онда қауіпсіздік шаралары, қорғаныс және құтқару құралдары көрсетіледі.

44. «Шығарынды» белгісі кезінде, бұрын берілген наряд-рұқсаттар бойынша, ТМГҚ оттық жұмыстар тоқтатылады. Көрсетілген жұмыстарды наряд-рұқсатты қайтадан рәсімдеу кезінде жалғастыруға жол беріледі.

45. ТМГҚ болатын кез келген ұңғымада мұнай газ білінулері немесе ашық атқыма кезінде барлық оттық жұмыстар тоқтатылады. Жұмыстарды жүргізу құтқару және өрттік кемелерінің кезекшілік етуімен, аварияны жою жоспарына сәйкес (әрі қарай - АЖЖ) жүзеге асырылады.

46. ТМГҚ бөлмелерінде, бөлмеден тыс газдың жиналуы мүмкін жерлерде отық жұмыстарын жүргізуге тек әуе кеңістігін газ талдағыштармен бақылағаннан кейін және наряд-рұқсатта көрсетілген, бақылау тұлғасының қатысуымен жол беріледі. Оттық жұмыстарды газдалу жоқ болған жағдайда жүргізуге жол беріледі.

47. ТМГҚ шылым шегу үшін тұрғылықты блокта осы мақсаттарға арналып жабдықталған орындар бөлінеді. Шылым шегу орны арнайы белгімен белгіленеді. Басқа орындарда шылым шегуге жол берілмейді.

48. ТМГҚ персоналында тұрғылықты блоктан тыс болған жағдайда өзімен жеке қорғаныс заттары болады.

49. ТМГҚ жоғарғы қабаттарында түнде немесе қолайсыз метеорологиялық жағдайларда (қар, мұз және сол сияқты) жұмыс істеуге жол берілмейді. Ерекше жағдайларда жұмыс орнын 30 лк кем емес жарықтандыруды қамтамасыз еткен, бақылау тұлғасының басшылығымен қауіпсіздік шаралары қабылданған жағдайда түнде жұмыс жүргізуге жол беріледі.

50. Суда болатын құрылымдық элементтер ұйымның техникалық басшысымен бекітілген мерзімдерде тексеріледі.

51. ТМГҚ-да 1 миля қашықтықтан көрінетін, ТМГҚ жоғарғы жағының екі қарама қарсы жағында жарық беретін бояумен жазылған атауы бар. ТМГҚ атауы тәуліктің қараңғы уақытында жанады.

52. Барлық апаттық жағдайларда аварияны жою жоспарына сәйкес құлақтандыру жүргізіледі.

53. Өрттің (жарылыстың) пайда болу мүмкіндігімен байланысты апаттық жағдайлар кезінде, ТМГҚ-да өрттік және құтқару кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

54. ТМГҚ-да «Апатты жою жоспарына» және «Кеменің сақталғыштығымен күрес бойынша нұсқауға» сәйкес әрекет ететін, сақталғыштық топтары ұйымдастырылады (НБЖС-70).

55. ТМГҚ-да СТ ҚР МСТ 12.4.026-2002 «Белгі түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылды таңба» сәйкес қауіпсіздік белгілері ілінеді.

56. Түнгі уақытта және қатты тұман болғанда ТМГҚ-да теңізде жүзудің және аэроновигацияның қауіпсіздік белгі оттары қосылады.

57. ТМГҚ-да тамақтар мен ішетін судың жұмсалмайтын қоры қамтамасыз етіледі. ТМГҚ қозғалмайтын қорының көлемі платформаның орналасу орнына байланысты жеткізу мүмкіндігін ескере отырып анықталады және кем дегенде 3 күндік қорды қамтамасыз етеді.

58. ТМГҚ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Мұнай және газ кен орындарын игеру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

59. Персоналдың тәжірибелік әдетін алу үшін ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, бірақ жылына бір реттен аз емес, оқу жаттығулары, дабылдар өткізіледі.

60. ТМГҚ-да «Өрт!», «Шығарынды!», «Борттан тыс адам!», «Барлығы ТМГҚ кетсін!» дабылдары бойынша кесте бар.

Дабылдар бойынша кесте ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

Жаттығулар, дабылдар бойынша кестеде дабылға сәйкес келетін белгі және персоналдың жиналу орындары көрсетіледі.

Дабылдар бойынша кесте көрінетін жалпыға қол жетімді орындарда ілінеді.

2 - тарау. Сүңгуір су асты – техникалық жұмыстар
61. Сүңгуір жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген, Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

62. Жұмыстарды ұйымдастыру жоспарында суға сүңгумен операция кезінде персонал мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмыс тәртібін сипаттай отырып, сүңгумен, қашықтықтан басқаратын жабдықпен байланысты сипаттау қарастырылады.

Сүңгуір станцияларының қызметіне бақылау жасауға құқылы тұлғалардың ескертулері анықталған кемшіліктерді жою мерзімі көрсетіле отырып, сүңгуір жұмыстарының журналында тіркеледі.

63. Дірілмен суға кетіру кезінде сүңгуірлердің су астына түсуіне жол берілмейді. Қарау бойынша жұмыстар дірілмен суға түсіретін агрегат тоқтатылғаннан кейін орындалады.

64. Жер асты теле көру құралдарымен немесе жер асты аппараттарымен жұмыстар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, трасса бойынша құбыр желілерін сүңгуірлермен тексеру жүзеге асырылады. Тексеру кезінде сүңгіурлер тексеру сызығы аясында қозғалады.

65. Құбыр желілері төсемінің трассасының астын сүңгуірмен қарау ені 20 м кем емес учаскеде, белгіленген трассадан әрбір жағына 10 м-ден жүргізіледі.

66. Барақ итті сүңгуірлермен тексеруге жол берілмейді.

67. Топырақты гидромонитормен өндеу кезінде машинист сүңгуірдің командасын орындайды, ал соңғысы ордың еңісінің жағдайын бақылайды және забой мен тік еңісте кедір-бұдырдың қалыптасуына жол бермейді.

68. Жұмыс істеп тұрған земснарядты қараусыз қалдыруға, шығырдың жұмыс істеуі кезінде болат арқаннан тікелей жақын тұруға, және арқанды қолмен бағыттауға жол берілмейді.

69. Жер асты орын арқанды-сырмалы қондырғымен әзірлеу кезінде механизмнің желілерінің бекітілуі, тежегіш құрылғылар, шығырды бекітуге арналған зәкірлерді жерге орнату сенімділігі, арқанның кедергісіз қозғалуы (тастардың, адырдың) алдын ала тексеріледі. Электр шығырындағы жұмыс орны диэлектрлі галоштармен, қолғаптармен және кілемшелермен қамтамасыз етіледі.

70. Арқан үзілген жағдайда судан көтеру шығыр өшірілген күйде жүзеге асырылады.

71. Арқанды-сырмалы қондырғының жұмысы кезінде келесіге жол берілмейді:

сырмалы шөміштің немесе арқанның қозғалыс аймағында орларды өлшеуге;

үйіндіден топырақты бульдозермен жылжытуға;

сүңгуірді әрекет етуші жұмыс органының аймағына түсіруге;

қозғалып тұрған шөмішті қолмен бағыттауға немесе оны топырақтан қолмен тазалауға.

72. Сүңгуірлі тексеру кезінде земснаряд жұмысы тоқтатылады.

73. Жоғарғы тегеурінді сорғылармен топырақты шаю кезінде жіңішке ағысты екінші сүңгуірдің жұмыс жағына бағыттауға жол берілмейді.

74. Батқан кезде құбыр желілерін ұстап тұратын құбырлар мен қалқымада сүңгуірдің болуына жол берілмейді.

75. Құбырды бетіне көтерген жағдайда және топырақтан азғана биіктікке көтері үшін сүңгуір бұйрығынсыз жұмыс столын таңдауға немесе көшіруге, және сүңгуір су астында болған жағдайда, жұмыстар жүргізіліп жатқан кемені жылжытуға жол берілмейді.

76. Су түбінен көтерілетін заттарды бекіткеннен кейін, сүңгуір бетіне шығады.

Көтерілетін жүк астында болуға және онымен бірге бетіне шығуға жол берілмейді.



3 - тарау. Су айлағында теңіз стационарлы

мұнай құрылыстарын орналастыру
77. ТМГҚ орналастыру кезінде айлақта Атырау облыстық әкімиятының «Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы» 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 қаулысының талаптарына сәйкес сақталады.

78. ТМГҚ құрылысы алдында топырақтың көтергіш қабілетін тексеру үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер, су асты сымдарының, құбырлардың болуына теңіз түбінің жағдайына тексеру, бекітілген навигациялық жолдардан тыс, әсіресе кемежайға жақын және сол сияқты жерлерде объектінің орналасу жерін таңдау жүргізіледі.

79. ТМГҚ құрылыс нүктесінде мұнай және газ көлігі, дайындаудың үрдісті блогынан, өзге де қысыммен жұмыс істейтін мұнай кәсіпшілік жабдығынан шекті мүмкін болатын қашықтықта, жұмыстың неғұрлым қауіпті учаскелерінен, ұңғыма сағасынан, бұрғылау ерітінділерін өндеу жүйесінен, сорғылардан, мұнай бар ыдыстардан аулақта тұрғылықты блокты орналастыруды ескере отырып және желдің үстем бағытын ескере отырып, желдету жағынан болатындай етіп орналастырылады.

80. ТМГҚ құрылыс нүктесінде орналастыруға бұрын салынған ТМГҚ-дан және жүзетін бұрғылау қондырғыларын орнату орнынан 250 м кем емес қашықтықта жол беріледі.

Құбыр желілерінің трассасы айлақ картасына түсіріледі. Қызмет көрсету кемелері, өрттік және құтқару кемелері айлақ карталарымен қамтамасыз етіледі.

81. Бұрғылау мен қазуға арналған жекелеген теңіз құрылысының «Қауіпсіздік аймағы» объект айналасында орналасқан аумақ ретінде құрылыстың сыртқы шетінен 500 м қашықтықта сызылатын шекара шегінде орнатылады.

82. Теңіз су асты құбырлар үшін құбыр білігінен екі жағынан 500 м шегінде қауіпсіздік аймағы орнатылады.

83. Бөтен кемелерге теңіз объектісінің қауіпсіздік аймағы шеңберіне кіруге жол берілмейді. Теңізде мұнай операцияларын қолдайтын теңіз және әуе кемелері бортында үнемі персонал болатын теңіз кемесін өзінің қауіпсіздік аймағына кіру ниеті туралы ескертеді және оған объект басшысынан сәйкес рұқсат алу керек.

84. Теңіз кемелеріне объект иесімен келіспей зәкірге тұруға, қазу, түбін тереңдету жұмыстарымен айналысуға, жер асты құбырларының, теңіз ұңғымаларының сағаларының және мұнай мен газды игеруде қолданылатын өзге де жер асты теңіз құрылыстарының қауіпсіздік аймағы шегінде түбінен балық аулауға жол берілмейді.

85. Теңіз объектісінің орналасқан жері нақты координаттары көрсетіле отырып, иесімен алдын ала Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз флоты басқармасына және Қазақстан Республикасының порт биліктеріне хабарланады.



4 - тарау. Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету
86. ТМГҚ-да бақылау тұлғалары гидрометеорологиялық жағдайларға бақылау жасайды, ауданның гидрометеорологиялық ерекшеліктерін, ТМГҚ пайдалану ауданына тән, табиғаттың қауіпті көріністерінің жақындауының сыртқы белгілерін және сипаттамасын біледі.

87. ТМГҚ-да метеожинақтар мен дауылдық ескертулердің қабылдауын, жедел және шұғыл ақпаратты беруді қамтамасыз ететін тәулік бойы радиовахта әрекет етеді.

88. ТМГҚ пайдаланатын ұйым ТМГҚ-ны келесі гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді:

1) тәуліктік толқын және ауа райы болжамымен;

2) жартылай тәуліктік толқын және ауа райы болжамымен;

3) келесі екі күнге толқын және ауа райы болжамымен;

4) табиғаттың қауіпті көріністері туралы ескертумен.

Ақпаратты беру уақыты ТМГҚ пайдаланатын ұйымның және гидрометеорологиялық қызмет басқармасының келісілген шешімімен белгіленеді.

89. Мұзды алаңдардың ауытқуы мүмкін уақытта ТМГҚ пайдаланатын ұйымдар ТМГҚ платформаны пайдалану ауданындағы мұз жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

90. Гидрометеорологиялық ақпарат ТМГҚ-да вахталық радиооператормен «Ауа райы болжамы журналында» тіркеледі.

91. Жасау кезінде АЖЖ-на жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, операция жүргізу орындары үшін сипатты қолайсыз ауа райы жағдайы кезіндегі негізгі бағыттарды және әрекеттерді қосады.

92. АЖЖ шараларды келесі мақсаттарда қосады:

персоналдың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіпті төмендету;

объекті мен жабдыққа дауылмен келтірілген шығынды азайту;

қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін төмендету.

5 - тарау. Теңіз мұнай газ құрылыстарының бөлімшесі
93. Теңізде платформаның орналасу орны бойынша:

1) ТМГҚ-ның қызмет көрсетуші кемелердің жүзуінің шектелмеген ауданының аймағында болған жағдайда – А типі;

2) ТМГҚ-ның екі баспана арасындағы шекті қашықтық 500 мильге дейінгімен, баспана орнынан 200 мильге дейінгі шектелген қашықтығымен, қызмет көрсетуші кемелердің жүзудің шектелген аймағында болған жағдайда, баспананың екі орны арасындағы шекті қашықтық 400 мильге дейінгімен – В типі;

3) ТМГҚ-ның екі баспана арасындағы шекті қашықтық 100 мильге дейінгімен, баспана орнынан 50 мильге дейінгі шектелген қашықтығымен, қызмет көрсетуші кемелердің жүзудің шектелген аймағында болған жағдайда – С типі;

4) ТМГҚ-ның қызмет көрсетуші кемелердің жүзуінің шектелген аймағында болған жағдайда (порттық сулардың аймағы, рейдтер және жағалаудағы аудандар) – Д типі.

6 - тарау. Өндірістік бөлмелердің құрылымы
94. Ысырмалар мен өзге арматураның әрең жететін жерлерде орналасуы кезінде қашықтықтан басқару (ұзартылған штоктар немесе басқару штурвалдары, электропневможетектер және өзге құрылғылар) қарастырылады және жөндеу және ауыстыру кезінде оларға қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.

95. Мұнай өнімдерінің, химреагенттерінің және басқаның төгілуі мүмкін өндірістік бөлмелерде, шешілетін жанартастар қарастырылады. Бөлменің төсемінде (еденінде) ағынды суларды жинау жүйесіне қосылған, жолға еңіс бар.

96. Өндірістік бөлмелерді орналасқан және қызатын барлық жабдықтар, құбырлар және арматура конвективті және нұр жылуын бөлуді шектейтін немесе алдын алатын құрылғылармен қамтамасыз етіледі (жылу оқшаулау, экрандау, жылуды әкету және сол сияқты); оқшаулау беткейінің температурасы 45 ºС аспайды.

97. Өндірістік бөлмелерде атқарылатын жұмыспен байланысты емес, заттарды, жанатын-майлау және өзге материалдарды сақтауға жол берілмейді.

98. Жарылысқа қауіпті аймақтарда пайдаланылған сүртетін материалдарға арналған жәшіктерді орнатуға жол берілмейді.

99. Өрт жабдығына, өрт сөндіру, байланыс және дабыл құралдарына өтетін жерлерді бөгеуге және ластауға жол берілмейді.

100. Жұмыс орындарында барлық байланыс құралдары жанында авария мен өрт туралы белгі беру, денсаулық пунктінің, диспетчерлік пунктінің қызметкерлерін және басқаларды шақыру тәртібі көрсетіле отырып белгілер ілінеді.

101. Цементті, бетондалған және өзге шаңның бөлінуі мүмкін өндірістік бөлмелерде лақтырылатын өнімді тазалаумен, соратын шаңсорғыш жүйелері қарастырылады.



7 - тарау. Жұмыс орындары
102. Жұмыс орындары қауіпті өндірістік факторлардан қорғаныспен жабдықталады және қауіпті жағдайларда персоналдың қауіпсіз кетуін қамтамасыз етеді.

103. Бөлмеден тыс орналасқан персоналдың жұмыс орындары қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғалады.

104. Температурасы 70 0С жоғары ыстық металл беткейлері жылуды оқшаулайтын материалдармен қоршалады немесе жабылады.

105. Жұмыс учаскелеріндегі еден құлау мен зақымдануға әкелетін, дөңес пен ылди жоқ, сырғанауының алдын алатын, тұрақты және қауіпсіз төсеммен қамтамасыз етіледі.

106. Басының зақымдануына қауіп туғызатын, төменде ілінетін құрылымдар ашық түске боялады.

107. Еден деңгейінен 1 метрден жоғары көтерілген жұмыс алаңдары басқыштармен жабдықталады, қалқанмен қоршалады. Басқыштар мен сатының еңісі мен ені Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген «Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабының» 2 бөліміне сәйкес қамтамасыз етіледі.

108. Есіктер бөлмеден қозғалыс бағыты бойынша шығыс бағытқа эвакуация пунктіне ашылады немесе екі жаққа ажыратылады.

109. Өрт пен жарылыстан қорғау үшін қауіпті аймақтарда арнайы әйнектер қолданылады (металл сыммен күшейтілген).

110. Қауіпті газдардың мүмкін болатын әсеріне ұшыраған жұмыс орындары мәжбүрлі желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

111. Газданудың тұтанатын қосылымға дейінгі жоғарғы қаупі кезінде жарықтандыру жарылысқа қауіпсіз түрде қолданылады.

112. Қозғалыс және қауіпті учаскелердің сызбасы көрінетін жерге ілінеді.

8 - тарау. Персоналды көшіру
113. Теңіз құрылыстарында АЖЖ құрамында қауіпті жағдайларға қолданылатын, Апаттық эвакуация жоспары жасалады және енгізіледі.

114. Апаттық эвакуация жоспары жинау жолдары мен орындарын, түгендеу тәртібін, және апаттық және қауіпті жағдайларды персонал мен лауазымды тұлғалардың негізгі міндеттерінің сипаттамасын қарастырады.

115. Құрылыста эвакуация сызбалары және апаттық жағдайлар кезінде қозғалыс бағытын көрсететін белгілер ілінеді.

116. Теңіз объектісінен Апаттық эвакуациялау жоспары төтенше жағдайлар кезінде теңізде эвакуациялау ережелерінің сипаттамасын, кезекші көлік кемесін және тікұшақтарды қолдану нұсқаларын қамтиды.

117. Уақытша баспана борттағы персоналды өрт, температураның көтерілуінен, түтіннен, улы газдардан, жарылыс салдарынан қорғайды.

Уақытша баспанаға эвакуациялау жолдары төтенше жағдайдың барлық кезеңінде қол жетімділікті қамтамасыз етумен, өрт пен жоғарғы температурадан қорғаныспен қамтамасыз етіледі.

118. Персонал үнемі болатын теңіз объектісінде кезекші кеме суатқыштан суды объектінің жоғарғы палубасына беруді және қорғаныс су бүркеуінің қалыптасуын қамтамасыз ететін, өрт жабдығымен қамтамасыз етіледі.

119. Уақытша баспана эвакуацияланатын персоналды қабылдау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі, және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жабдық бар. Персоналды эвакуациялау уақытша баспананың әрекет ету ұзақтығы үшін АЖЖ қарастырылған, уақыт көлемінде кез келген ауа райы жағдайында қамтамасыз етіледі.

120. ТМГҚ-да жұмыс алаңдары және бөлмелерде кем дегенде екі эвакуациялық шығыстар (негізгі және апаттық) бар.

121. Эвакуация жолдарында негізгі шығыстар үшін көтеру құламасы 60 ºС көп емес, жол құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

Тік жолмен апаттық шығыс жабдығына жол беріледі.

122. Эвакуация жолдарындағы есіктерде ілмектер бар және эвакуация барысында қозғалыс жағына ашылады.

123. Басқыштардың (жолдардың) ені 650 мм кем емес.

124. Эвакуация жолдары, суға түсетін құрылғыларды қоса алғанда, ұжымдық құтқару құралдарын орналастыру орындары, түсіру орнындағы теңіз беткейіне (құтқару құралдарын дайындау және түсіру кезінде) қараңғы уақытта жарық түсіріледі. Осы мақсаттар үшін жұмыс және апаттық жарық беру қарастырылады.

125. Эвакуация жолдары жарық түсіретін бояумен соғылған, көрсеткіштермен көрсетіледі.

126. ТМГҚ персоналы құтқару қайықтары мен салдары бойынша жазылған.

127. ТМГҚ-да екі немесе одан да көп өндірістермен бір мезетте жұмыстар орындау кезінде вахтаның барлық жұмысшыларының жеке құрамы бірыңғай кестеге сәйкес құтқару қайықтары бойынша қол қояды.

128. Қайықтық (отырғызатын) алаңға әкелетін жолдың ені 1,2 м кем емес.

129. Отырғызу (қайықтық) алаңның құрылымы персоналды алаңның екі жағынан ұжымдық құтқару құралдарына отырғызуды қамтамасыз етеді.

130. ТМГҚ персоналы және келушілер (вахта ауысымдылығын ескере отырып) объектіден эвакуациялау кезінде әрекеттерге үйренеді және нұсқаулықтан өтеді.

131. Эвакуация жоспарымен әрбір орнатылған ұжымдық құтқару құралына қызмет көрсетуші персонал арасынан (вахтаның ауысымдылығы ескеріле отырып) аға (және оның орынбасары) тағайындалады, оның нұсқаулықтары аталған құтқару құралының экипажы үшін міндетті.

132. Әрбір персоналдың персоналымен ТМГҚ-да тоқсанына бір реттен кем емес эвакуация бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізіледі.

133. ТМГҚ персоналын эвакуациялау туралы команда платформа бастығымен (оның орынбасарымен) немесе оны алмастыратын бақылау тұлғасымен беріледі. Ол кезекші кемелер мен тікұшақтарды да ескертеді, ал қажет болған жағдайда жақын жерде жүзіп жүрген кемелерді шақыра отырып, «халықаралық апат белгісін» жібереді.

134. ТМГҚ-да екі немесе одан да көп кәсіпорындардың екі және одан да көп құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар жүргізу кезінде қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялау туралы команданы ұйымдардың басшыларының келісімі бойынша эвакуацияны ұйымдастыру бойынша міндеттер жүктелетін, бөлімшенің басшыларының біреуі (немесе оның орынбасары) береді.

135. Платформа персоналын ұжымдық құтқару құралдарына отырғызу ТМГҚ-ны қалдыру туралы белгі бойынша платформада жүзеге асырылады.

136. Платформа бастығы (оның орынбасары немесе бұйрықпен тағайындалған өзге де жауапты тұлға), радиошы (радиооператор), және өртпен күрес бойынша бригадалар платформада ешкім қалмағандығына көз жеткізіп, ТМГҚ-дан соңғы болып кетеді.

137. Ұжымдық құтқару құралдарын суға түсіру эвакуация кестесінде көрсетілген жұмысшылармен жүзеге асырылады.

5 - бөлім. Теңіз мұнай газ құрылыстарын салу

1 - тарау. ТМГҚ құрылымына қойылатын талаптар
138. ТМГҚ құрылымдары тасымалдау, берілген нүктеде орнату және пайдалану үрдісінде оларға түсетін жүктемелерге тұрақты.

139. ТМГҚ мөлшері, бұтадағы ұңғымалардың саны, ұңғымалар арасындағы қашықтық және олардың өзара орналасуы жобамен анықталады.

140. Көп қабатты ТМГҚ құрылымы пайдалану ұңғымаларының сағаларының және пайдалану кешенінің жабдығын төмені қабатта, ал бұрғылау ұңғымаларының сағаларының платформаның төменгі қабатында орналасуын қамтамасыз етеді.

141. ТМГҚ жүктерді және жабдықты ТМГҚ шегінде ауыстыру бойынша көп еңбекті үрдістерді механикаландыруды қамтамасыз ететін, машиналардың, механизмдердің және құрылғылардың (көпірлі, атқыш, консольды-айналмалы крандар және басқа) кешенімен жабдықталады.

142. ТМГҚ технологиялық қондырғылар мен жабдықтың орналасуы жобаға сәйкес орындалады.

143. Мұнара асты портал ТМГҚ-да механизмдер мен жабдыққа қызмет көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналасады. Ол кезде қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялаудың ыңғайлы жолдары қарастырылады.

144. ТМГҚ-да түрлі бағыттағы желдің болуы кезінде кемелерге адамдарды отырғызу және түсіру мүмкіндігі ескеріле отырып, кем дегенде төрт отырғызу алаңдары бар.

145. ТМГҚ құрылымында отырғызу және жағалаудағы алаңдардың ауқымдылығынан шығатын, консольды алаңдар жоқ.

146. Шабатын палдардың құрылымы арқандап байланатын кемелердің жүктемесін ТМГҚ отырғызу алаңдарына бермейді.

ТМГҚ шабатын палдары қызмет көрсетуші кемелерді арқандап байлау кезінде пайда болатын соққыларды әлсірететін, соққыны жұмсарту құрылғыларына ие.

147. ТМГҚ-да арқандап байлау құрылымы ТМГҚ пайдалану кезінде қарастырылатын, неғұрлым су ығыстыратын қызмет көрсетуші кемелерін арқандап байлауды қамтамасыз етеді.

ТМГҚ-да арқандап байлау құрылғыларын орналастыру қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

148. ТМГҚ әрбір қабаттың периметрі бойынша еденнен биіктігі 1,2 кем емес төмендегі беткейі 150 мм сенімді қоршауға ие.

149. ТМГҚ төсемдерінде қарастырылатын тесіктер мен ойықтар қоршалады немесе люктер бар.

150. ТМГҚ тірегіш блогының құрылымында металл құрылымын оны суға түсіргеннен кейін тік жағдайға келтіру үшін жоғарғы жағында қосымша қалқыманы бекіту орындары бар.

151. Тірегіш блогының құрылымы тік жағдайға келтіру (оларды қалқымада тасымалдау кезінде) және берілген нүктеде топыраққа орнату мақсатында төменгі секциялардың ішкі көлемін сумен толтыру үшін құрылғыға ие.

152. Зауыттық жағдайларда құрыстырылатын немесе ТМГҚ құрылысы кезінде орнатылатын, ұңғымалардың суды бөлетін бағаналары тігінен 30º көп емес ауытқуға ие.

Тексеру орталықтандырылған еңіс өлшегішпен жүзеге асырылады.

153. ТМГҚ барлық қабаттарында төсем қарастырылады. Төсем құрылымында төсемге ағатын сұйықтарды жинау мүмкіндігі қарастырылады. Төсемде платформаның барлық өлшемі бойынша, биіктігі 150 мм болатын жиектеу бар.

154. Порталдың мұнара үсті төсемі ағаштан жасалады, және ағындарды бұру және өнеркәсіп ағындарының блогы бар.

155. Бұрғылайтын және пайдалану ұңғымаларының, шыңырау құбырының және алаң төсемімен ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған құндақтардың жанасу орындары қымталған.

156. Жұмыс алаңының төсемінде роторда бұрғылау ерітіндісін шашыратуға қарсы құрылғының шлангасына арналған тесік қарастырылады. Тесік шешілетін қақпақпен жабылады.

157. ТМГҚ металл құрылымдары және блок – модуль оларды кранды-құрастыру кемесінің (әрі қарай - КҚК) немесе тіркелетін жүзу құралының палубасына бекіту үшін құрылғылармен жабдықталады.

158. Блок-модульдердің салмақтық сипаттамасы ТМГҚ құрылысына қарастырылған, КҚК жүк көтерімділігін ескере отырып белгіленеді.

159. Әрбір блок-модульдің құрамында технологиялық құбыр желілері және қатынастар қарастырылады.

160. Блок-модульдердің құбырларында тез шешілетін құрамалар бар.

161. Жеке блок-модульдердің түйісу орындары ТМГҚ пайдалану кезінде теңіздің, бұрғыланған жыныстың шашылатын материалдармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануын болдырмайды.

162. ТМГҚ құрылымы платформаның жоғарғы құрылысының бұрғылау блок-модульдерін бөлшектеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

163. ТМГҚ блок-модульдерінің құрылымы тез құралады (бөлшектенеді), ТМГҚ орнатылған жүк көтергіш құралдарының көмегімен технологиялық жабдықты ауыстыруға мүмкіндік береді.

164. ТМГҚ металл құрылымдарын және блок-модульдарын КҚК палубасына немесе тіркелетін жүзу құралына бекіту қолмен жеңіл бөлшектенеді.

165. Блок-модульдердің құрылымы ілмектеуге құралға ие.

166. Блок-модульде ілмектерді бекітуге арналған құрылғылардың орналасу орындары және ілмектердің ұзындығы блок-модульде орнатылған жабдықтар мен желілерді созу кезінде олардың ілмекпен соғысу мүмкіндігін жоққа шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет