Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары


-тарау. Теңіздің стационарлық қабатының құрылысы



бет2/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#125589
1   2   3   4   5   6   7

2-тарау. Теңіздің стационарлық қабатының құрылысы
92. ТСҚ жоғарғы құрылысы бір уақытта бұрғылауға және ұңғымаларды, тұрғын, қызметтік блоктарды және санитарлық ғимараттар мен тікұшақ алаңдарын пайдалануды қамтамасыз ететін қондырғысы бар блок-модульдерді көздейтін жобаға сәйкес келеді.

93. Құрылыс орнында ТСҚ тіреу блоктарын орналастыру жөніндегі жұмыстар тәуліктің жарық уақытында іске асырылады.

94. Тіреу блогының жоғарғы құрылымының конструкциясында строптарды бекіту құрылғысы, оларға бару жолдары көзделеді.

95. Тіреу блогының жүк асып қою арқаны жүйесі оны құрылыс орнына қайта жүк асып қою арқанының қажеттілігін болдырмайды.

96. Тасымалданатын жүзу құралдарында тіреу блогын түсіру кезінде адамдардың болуына жол берілмейді.

97. Жүзу кезіндегі көліктік көлбеу жағдайы тіреу блогы ТСҚ жобасында көрсетілген қызмет көрсететін кемелер қауіпсіз қашықтыққа алынғаннан кейін ауыстырылады.

Блок аяғының секциясындағы балласты қабылдауды басқару дистанционды. Дистанциондық басқару КМК бортынан іске асырылады.

98. ТСҚ тіреу блоктарының жоғарғы бөліктері бір-біріне қатысты көлбеу кеңістікте орналастырылады.

99. Тіреу блогының тізбекшесі оны құрылыс орнына мықтылап орнатқаннан және оның жоғары бөлігінің көлбеулігін қамтамасыз еткеннен кейін жүргізіледі.

100. Көмекші понтондарды демонтаждау және су үсті бөлігінің конструкциясын блок панелінің жоғары элементтері бойына монтаждау үшін биіктігі 1,4 м сатылардың бір жақты қоршауымен кіруі көзделеді.

101. КМК тіреу блогын бекіту жабдықталған қада ұру қондырғысымен іске асырылады.

102. Нүктедегі тіреу блоктарын орнатқаннан кейін ғимараттарды металл конструкциялардың мүмкін деформациялануын су асты зерттеу іске асырылады.

103. ТСҚ орналасқан бұрғылау және технологиялық қондырғыларды монтаждау және сынаудан кейін қабылдауды қабылдау комиссиясы іске асырады.

3-бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

1-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау

1-параграф. Жалпы талаптар
104. ТСҚ ұңғымаларды бұрғылау техникалық жобаға сәйкес жүргізіледі. Жобаның бір данасы ТСҚ болады.

105. Барлау (іздестіру) ұңғымаларын бұрғылау кезінде қабат қысымын болжау жүргізіледі.

106. Еңіс-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау жобасы барлық ұңғымалардың нөмірленуін, қабатта ұңғыма аузының орналасуын, олардың забойлардың жобалық жағдайына байланыстыру, бұрғылау кезектілігін қарастырады.

107. ТСҚ құрылысы аяқталған кезде маркшейдерлік қызметтің қабаттың орналасуы мен бағдарын нақтылағаннан кейін және қабаттың нақты орналасқан орны немесе бағдарының елеулі өзгерістері анықталған жағдайда еңіс ұңғымалардың жобалық параметрлеріне түзетулер енгізілгеннен кейін ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.

108. Бұрын көзделмеген ТСҚ ұңғымаларды бұрғылау қажеттілігі кезінде оны жүргізу белгіленген тәртіппен қарастырылған және бекітілген жоба бойынша іске асырылады.

109. ТСҚ мұнараларды статикалық жүктемеге сынау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

110. Бұрғыланатын, пайдаланатын мұнай және газ ұңғымалары сағаларының үстінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ТСҚ өрт сөндіру кемесі кезекшілік жасайды.

2-параграф. Ұңғымалар бағандарының кездесулерінің алдын алу
111. Еңіс-бағытталған ұңғымаларды бұрғылау жобасында еңіс бағыттарының кескінінің миниамальдыдан максимальдыға дейінгі тереңдігімен анықталатын ұңғыманы бұрғылау кезектілігі көзделеді.

112. Қисаю учаскесінде 3,5 м және одан кем радиуста бағандардың қиылысу нүктесінен бағандар маңындағы зона неғұрлым қауіпті.

Қауіпті зонаға ену белгілері байқалған кезде бұрғылау тоқтатылады және қалған барлық жұмыстар әзірленген жоспар бойынша жауапты бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.

113. Келесі әрбір ұңғыманы бұрғылауға рұқсатты бұрын бұрғыланған ұңғымалардың нақтыланған көлбеу және тіке кескінді орнатқаннан кейін бұрғылау жұмыстарын бақылауды іске асыратын бас геолог береді.

Жаңа ұңғыманы бұрғылау бұрын бұрғыланған ұңғымалардың аузында балға мен жағалата колонналы бұрғылау құралының контактілерін фиксациялауға арналған приборлар «шу өлшеуіштер» орнатылады.

3-параграф. Мұнай газ тастауларын және ашық фонтандаудың

алдын алу
114. Ұңғымалардың ауыздары ұңғыманың конструкциясы мен жүргізілетін жұмыс түріне сәйкес жобамен белгіленген ескерту құрылғымен жабдықталады.

115. ТСҚ орнатылатын тастауларға қарсы қондырғылардың (әрі қарай-ТҚҚ) паспорты, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ТҚҚ байлау типтік сызбасы болады.

116. Жағалай орналасқан трубаларды жағалай орналасқан колонналарға ұңғымаларға түсіргенгенге дейін ТҚҚ және оның манифольдымен опрессовкалау ұңғыманың ауыздарын жабу, ашық фонтандау кезіндегі күтілетін қысымға қатысты 1,1 коэффициентімен жүргізіледі.

Ұңғымалар құрылысы кезіндегі жағалай орналасқан колонналарды және цементті сақиналарды сынаудың басқа шарттары ұңғымаларды герметикалығына сынаудың технологиялық регламентіне сәйкес жүргізеді. Опрессовка нәтижесі актімен ресімделеді.

117. Пайдалану колоннасы перфорация алдында фонтанды арматураның айшықтарымен және қатты винттің оймасын шығаратын аспаптары бар ескерту құрылғымен жабдықталады.

Ұңғыма аузын жабдықтау кезінде колонна бастарын және байлау элементтерін дәнекерлеуге пайдалануға жол берілмейді.

118. Аралық колонналар мен олардағы ескерту құрылғылардың мықтылығы ашық фонтандау кезінде ұңғыма аузының жабылуын қамтамасыз етеді.

119. ТСҚ тасталуға қарсы қондырғыларды, сақтау мен тексеруге, жүк көтеру құралымен жабдықталған тиекті арматура мен құрал-жабдықтарды сақтауға арналған алаңдар көзделеді.

120. Ұңғыма аузындағы тастауға қарсы қондырғыларды фиксациялау үшін алынбалы тартпа бұрандалары қолданылады.

Тастауға қарсы қондырғыларды сағаларға сөгулер арқылы фиксациялауға және дәнекерлеуге жол берілмейді.

121. Тастауға қарсы қондырғының манифольда желісінің тіреулер мен бағандарға бекітулері болттардағы хомуттармен (дәнекерді қолданбай) жүргізіледі. Тіреулер арасындағы қашықтық 4 м артық емес.

122. Соңғы фланц бастарын колоннамен төселімнен 0,5 м биіктікте орналастыру шартынан анықталатын ТСҚ ескерту манифольдасы желісінің тұрақты биіктігі қамтамасыз етіледі.

123. ТҚҚ манифольды жоғарғы сатыда орналастырылады.

124. Тастауға қарсы қондырғылар манифольдасы желісіндегі ысырмалар тобы және манифольданың өзі оларға қызмет көрсетуге және ауыстыруға ыңғайлылықты қамтамасыз ететін оңай орналасқан жерде орналастырылады.

125. ТСҚ тастауға қарсы қондырғыны басқару коммуникациялары олардың зақымдануы мүмкіндігін болмайтын етіп орналастырылады.

126. Ескерту құраларын дистанционды басқару ұңғыма аузынан 20 м кем емес қашықтықта орналасқан бұрғылаушы мен пульт постынан және персоналдың құтқару құралдарына эвакуация жолындағы ыңғайлы орында орналасқан жерінен іске асырылады.

127. Ескерту құралдарын қолмен басқару штурвалдары мұнара порталы контурының сыртқы жағынан бір метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

128. Құрал-жабдықтарды көтеру кезінде бұрғылау ерітіндісін ұңғымаға құю және бұрғылау ерітіндісінің деңгейін тұрақты ұстап тұру мақсатында ұңғыманың толуына сандық бақылау жасау қамтамасыз етіледі.

129. Бұрғылау кезінде мұнайгазбен қаныққан қабаттардың жетекші трубасының астынан шар краны орнатылады.

130. Газмұнай құбылыстары басталған, ұңғыманың ашық фонтандануы кезінде ескерту құралдарын жедел жабу, өрт және құтқару кемелерін ашық фонтандардың алдын алу және жою жөніндегі әскерилендірілген апатты құтқару қызметін (әрі қарай-ӘАҚҚ) шақыру, электр қондырғылары мен өрт әсер етуші аппараттарды газдалған зонада сөндірумен ұңғымалар мен лафетті бағандарды суғару жүйесін іске қосу жөніндегі шаралар қабылданады.



4-параграф. Екі бұрғылау құрылғысымен бұрғылау
131. ТСҚ екіден кем емес бұрғылау құрылғысын қоюға жол беріледі.

132. Ұңғыманы екінші бұрғылау құрылғысымен бұрғылау бұрғыланатын ұңғыма аузына кондукторды және ескерту құрылғысы бар қондырғыны түсіргеннен кейін жол беріледі.

133. Екі бұрғылау құрылғыларымен бұрғылау кезінде еңіс-бағытталған ұңғымалар екі топқа бөлінеді, олардың әрбіреуінде осы Талаптың 114-тармағында баяндалған бұрғылау кезектілігі қамтамасыз етіледі.

134. Екі бұрғылау құрылғымен бұрғылау кезінде забойлардың ауытқулары тікесінен азимут бойынша 200 кем емес жағдайда болғанда параллель бұрғылауға жол берілмейді.

135. Екі бұрғылау құрылғысымен бұрғылау кезінде, әрбір циркуляциялық жүйенің пайдалы көлемі осы Талаптың 153-тармағының талаптарына сәйкес болған шарттарда олардың циркуляциялық жүйелерін қосуға жол беріледі.

136. Бір ұңғымада ілініп алған құрал-жабдықтар, тампонаж, перфорациялардың алыстауы, мұнаралық порталдарды игеру немесе орын ауыстыру кезінде басқа бұрғыланатын ұңғымада мүмкін болатын қиыншылардың алдын алу шараларын қабылдай отырып, ағымдағы және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар тоқтатылады.

137. Бұрғыланатын ұңғымалардың бірінде мұнай газ құбылыстарының жойылуы тастауға қарсы қондырғылар қолданыла отырып, жүргізілетін мұнай газ құбылыстары болған жағдайда басқа бұрғылау құрылғысындағы барлық жұмыстар мүмкін қиындықтардың алдын ала отырып, тоқтатылады.


2-тарау. Бұрғылау қондырғысы

1-параграф. Мұнара және мұнара астындағы портал (постамент)
138. Мұнара конструкциясы оның порталға (постаментке) мықты бекітілуін және оның тартусыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

139. Мұнара ішінде бұрғылау насос манифольдасының екі бағаны орнатылады.

140. Бұрғылау құрылғысы ӘАҚҚ механизмдерінің кешенімен жарақтандырылады. Мұнара балконы жұмысшыны жедел шығаруға арналған құрылғымен және сөйлесу құралымен жабдықталады.

141. Мұнара астындағы портал (постамент) технологиялық регламентпен белгіленген оның жұмыс алаңы төселімі үстіндегі биіктін қамтамасыз ететін ротордың фиксацияланған орналасуын қамтамасыз етеді.

142. Мұнара үстіндегі портал биіктігі жобаға сәйкес белгіленген тастамаға қарсы қондырғыларға қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі жұмыстар қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

143. Қабат арқанның, машина кілттерінің қарсы жүктері жетекші трубалар мен АБТ арналған шурфтық бағыттары портал үстінде жұмыс жүргізуге кедергі жасамайтындай етіп орналастырылады. Қарсы салмақтар мен қарсы жүктердің қорғаныс қоршаулары болады.

144. Мұнара астындағы портал (постамент) циркуляциялық жүйе қондырғыларына, қабылдаушы көпірге және апаттық шығу жолдарына баратын алаңдармен және траптармен жабдықталады.

Портал астында тастауға қарсы қондырғыларды монтаждау және қызмет көрсетуге арналған сүйеніші бар ауыспалы алаңдар көзделеді.

145. Мұнара астындағы портал ерітінді құбырларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу үшін сүйеніші бар жолаушылар жолымен жабдықталады.

146. Мұнара астындағы портал тастауға қарсы қондырғыларды ауыстыру және монтаждауға арналған жүк көтеру құрылғысымен жабдықталады.

147. Ұңғымаларды көп қатарлы бұрғылау кезінде мұнара астындағы портал конструкциясында көлбеу және тіке бағытта қозғалуын қамтамасыз ететін құрылғылар көзделеді.

148. Мұнара астындағы порталдың бағыттаушысы шеттерінде таяныштар мен соңғы сөндіргіштермен жабдықталады.

149. Мұнара астындағы ауыстыруларды гидробасқару жүйелері көлбеу және тіке бағыттарда портал ауысуының екі бірдей бағытта бір мезетте қосылу мүмкіндігін болдырмайтын блокировкасы болады.

150. Мұнара астындағы порталдың ауысуын басқару пульті ауысу процессіне қызмет көрсету және тексеру ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.


2 -параграф. Сөрелер мен қабылдау көпірі
151. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін трубаларды сөрелерде биіктігі 1,25 м артық штабельдермен жинау кезінде мыналар көзделеді:

1) трубаларды штабельдерге көтеру үшін фиксацияланған сатылар;

2) трубалдарыдң дөңгелеуінен сақтайтын сөрелердің металл бағандары;

3) жұмыс істеушінің труба штабеліне құлауының алдын алатын труба ұзындығы бойынша сөрелерді қоршау;

4) сөрелердің бүйір жағынан қабылдаушы көпірге екіден кем емес өтетін орын.

152. Трубалар сөрелерден қабылдау көпіріне қабатта орналасқан жебелі крандар арқылы беріледі. Қабылдау көпірлеріне сөрелерден трубалардың сырғануына жол берілмейді.



3-параграф. Циркуляциялық жүйе
153. ТСҚ бұрғылау құрылғысының циркуляциялық жүйесінің толық көлемі 1-кестеге сәйкес болады.
1-кесте


Бұрғылау тереңдігі,

м


Бұрғылау құрылғысының типі

Циркуляциялық жүйенің пайдалы көлемі, м 3

2500

3000


4000

5000


6500

8000


БУ-2500

БУ-3000


БУ-4000

БУ-5000


БУ-6500

БУ-8000


90

120


150

180


240

300

Ұңғымаларды бұрғылау кезінде циркуляцияға қатысатын ұңғыма көлеміне байланысты жуу сұйығының, саз ұнтақ қоры, химиялық реагенттер мен ауырлатқыштар бір еселік қоры көзделеді. Бұл қорды жасау уақыты және оның көлемі ұңғыма құрылысының жобасында қарастырылады және геологиялы-техникалық нарядта және технологиялық регламентте көрсетіледі.

154. Бұрғылау құрылғысының порталында циркуляциялық жүйе жабдықталады:

1) қабылдау ыдыстарындағы бұрғылау ерітінділерінің деңгейін бақылау жүйесімен, бұрғылаушының көру өрісінде орналастырылатын көрсететін прибормен;

2) ұңғымадан шығатын бұрғылау ерітіндісіндегі газдың болуы туралы тұрақты бақылау жүйесімен, газды пайда болуы туралы сигнализация бұрғылаушы постында және орталық басқару постында орналастырылады;

3) бұрғылау ерітіндісінде газдың бірінші пайда болу белгілерінде бұрғылау ерітіндісін дегазизациялау жүйесімен.

155. Циркуляциялық жүйенің ерітінді құбырының еңісі бұрғылау ерітіндісінің ұңғыма аузынан тазарту құрылғысына қарай ағуын қамтамасыз етеді.



4-параграф. Шашылатын материалдардың пневмокөлігі
156. Пневмокөлік жүйесінің трубақұралдарының учаскелерін қосу жиі бөлшектеуге жатады, жылдам алынады, герметикалы және оларды монтаждау, демонтаждау және пайдалану кезінде ыңғайлылығы мен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл қосулар оңай орналасқан орындарда орналастырылған.

157. Биіктікте орналасқан пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында тиекті арматураларды орналастыру орындары сүйенішті қоршаулармен және траптармен (сатылармен) жабдықталған.

158. Сақтау бункерлерінің, бункер-таразылар және түсіру бункерлер түбі аэрирлеуші құрылғылармен жабдықталады.

159. Сақтау бункерлерінде, бункер-таразыларда және түсіру бункерлерде жылдам ашылатын люк-лазалар көзделеді.

160. Люк-лазаның қақпағы ашық жағдайда тығыздаушысы және фиксирлеуші құрылғысы болады.

161. Сақтау бункерлерін, бункер-таразыларды және түсіру бункерлерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану үшін люк-лазадан бункер түбіне апаратын траптар орнатылады.

162. Пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында өнім немесе ауа қозғалысының бағыты көрсетіледі.

163. Пневмокөлік жүйесінің трубақұбырларында ұнтақ тәріздес материалдар жиналуы және тығындар қалыптасуы мүмкін орындарда сығылған ауа берілетін үрлеу қалқаншасы орнатылады.

Үрлеу қалқаншасы корпусының ішінде аэрирлеуші құрылғы орнатылады.

164. Цемент беру трубақұбырлары мен өңделген ауаны шығару жүйесінің трубақұбырлардың тығындалып қалуының алдын алу үшін цементтің бұрғылау ерітіндісіне цементтің түсуін болдырмау мақсатында жұмыстар аяқталған соң ауаны үрлеу мүмкіндігі болады.

165. Циклондардан өңделген ауаны шығару ТСҚ қарама-қарсы жағынан желдің бағытына қарай төменгі саты төсендісінің астына қарай жүргізіледі.

166. Пневмокөлік жүйесінің компрессорлық құрылғысы компрессорды апаттан қорғауды, электрдвигательді сөндіруді және жарық және дыбыс сигналдарын бір уақытта беруді қамтамасыз ететін автоматика жүйесімен жабдықталады.



4-бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану

1-тарау. Жалпы талаптар
167. ТСҚ ұңғымаларды игеру және жөндеу әрбір нақты ұңғыма үшін әзірленген жоба (ЖҰЖ) бойынша жүргізіледі.

ЖҰЖ жұмыстарды жүргізу тәртібі, қауіпсіздік шаралары, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасы көрсетіледі.

168. Келесі талаптарды орындау кезінде ТСҚ бір уақытта бұрғылау және пайдалануға жол беріледі:

1) фонтанды ұңғымалар ұңғыма ішіндегі және ауыздардағы қалқанша-отсекательдер кешендерімен жабдықталады;

2) газлифтілі ұңғымалар ауыздардағы және желілік қалқанша-отсекательдермен жабдықталады.

169. Ұңғыма ауыздарының сызбасы және байлау шарттары жобада анықталады.

170. ТСҚ әрбір игерілетін және пайдаланылатын ұңғымалардың таратушы трубақұбырына тиекті құрылғылары бар су ағындары болады. Трубақұбырлардың су тартқыларында кері қалқаншалар орнатылады. Ұңғымалардың әрбір қатарының өзінің таратушы трубақұбыры болады.

171. Таратушы трубақұбырлар және тиекті құрылғылар ұңғымаларды пайдалану кезінде күтілетін максимальды қысымға есептеледі.

172. Таратушы трубақұбырдың насос манифольдасына қосу желісінде ұңғыманы жабу үшін тиекті құрылғылар орнатылады.

173. Тиекті құрылғылар арасында қысымды бақылауға арналған манометрлер орнатылады.

174. Ұңғыма маңындағы жұмыс алаңын игеру, пайдалану, күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде артық қондырғылармен және материалдармен үйіп тастауға болмайды.

175. ТСҚ трубақұбырлары топтарға біріктірілген және бір кеңістікте салынады. Трубақұбырларының қиылысуына ерекше жағдайларда жобамен негізделгенде жол беріледі.

176. ТСҚ фонтанды арматураларға қызмет көрсету үшін биіктікте реттелетін құрастырылатын алаңдар көзделеді.

177. Бұрғылау қондырғысының блок-модульдерін демонтаждаудан кейін ТСҚ пайдалану ұңғымаларын жабуға арналған блок-модульдер орнатылады.



2-тарау. Ұңғымаларды игеру
178. Игерілетін ұңғымаға насостарды жабу (глушение) үшін қоса отырып, ДВС ұшқын сөндіру жағдайында тексеруді қоса алғанда барлық дайындау жұмыстарын орындау және ТСҚ бұрғылау ерітінділерінің болу шартында ТСҚ игеруге жол беріледі.

179. Жебелік және жарылыс жұмыстары перфоратор мен торпедоны ұңғымаға түсіруді қамтамасыз ету және перфоратордың бірінші атылу тәуліктің жарық уақытында болуын қамтамасыз ету есебімен оператор бекіткен ЖҰЖ бойынша жүргізіледі.

Қараңғы түскен уақытта жұмыс алаңдарын және қауіпті зоналарды жарықтандыруды қамтамасыз ету кезінде белгіленген нормаларға сәйкес бұл жұмыстарды орындауға жол беріледі. Жарықтандыру жұмыс басталғанға дейін ЖҰЖ сәйкес дайындалады.

180. Түнгі уақытта ағынды шақыруға жол берілмейді.

181. ТСҚ ұңғыманы перформациялау алдында ТСҚ барлық ұңғымалар сағалары байламындағы рұқсат берудің болуы тексеріледі. Анықталған рұқсат берулер жойылады.

182. Ұңғыма перфорациялауға дейін бұрғылау ерітіндісімен толтырылады, ұңғымалар сағалары тастауға қарсы қондырғылармен жабдықталады.

183. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі Талаптарына қосымша перфорациялау кезінде қамтамасыз етіледі:

1) ТСҚ өрт және құтқару кемесінің болуы;

2) ТСҚ фонтанды ұңғымалар үшін желілік және пакерлі қалқанша-отсекательдер бар ұңғыма ішіндегі жинақтың болуы.

184. Ұңғымаларды сынауға арналған қондырғы орналастырылған алаңдардың жақсы табиғи желдеткіші болады.

185. Ұңғыманы перфорациялау кезінде бұрғылау және от жұмыстарын орындауға болмайды. Бұл жағдайда бұрғылау ұңғымаларындағы мүмкін болатын қиыншылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады. ТСҚ пайдалану ұңғымаларында ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізуге және ТСҚ қызмет көрсету кемелерінің келуіне жол берілмейді.

186. Насосты-компрессорлық трубалар ұңғымаға түсірілгенге дейін шаблондалған және опрессовкаланған. Опрессовка нәтижесі бойынша акт жасалады.


3-тарау. Мұнай өндіру
187. ТСҚ әрбір фонтанды ұңғыма сағалық арматураның бұзылуы, ұңғыма аузында өрт пайда болуы, тастау коллекторында қысымды жоғары немесе төмен өлшеу кезінде жұмыстың тоқтатылуын қамтамасыз ететін ұңғыма ішіндегі қалқанша отсекательмен, жергілікті постыдан немесе диспечерлік пульттан жеке ұңғымаларды немесе пайдалану ұңғымалар тобын апаттық жағдайда сөндіруге мүмкіндік беретін задвижка-отсекательмен жабдықталады.

188. Ұңғыма ішіндегі және желілік қалқанша-отсекательдердің жұмыс қабілеттілігі осы қалқаншаларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кесте бойынша тексеріледі.

189. Әрбір фонтанды ұңғымада труба сыртындағы, сақинадағы, трубалық және колонна аралық кеңістік ұңғымаларындағы қысым бақылау іске асырылады. ТСҚ үлгілі манометрлер кешені қарастырылады.

190. Резьбалық қосылыстарда пропусктардың алдын алу үшін запакерирленген ұңғымалардың затрубалық кеңістігінде жасанды қысымды ұстап тұруға жол беріледі. Распакерлеу және трубалық кеңістікте қысымды арттыру кезінде ұңғымаларды сөндіру және қайта перепакеровкалау шаралары қабылданады.

191. Тот басу компоненттері бар ұңғымаларды пайдалану кезінде коррозияға қарсы тұратын материалдан жасалған арматура қолданылады. Көрсетілген ұңғымаларда ингибаторды уақытында енгізу қамтамасыз етіледі.

192. Фонтанды арматураны және басқа трубақұбырларды фонтанды «шыршадан» блок-манифольдаға дейін байлау колонналы бұрыштармен және заводта жасалған үштіктермен жүргізіледі. Лақтыру желілері қабатқа мықты бекітіледі.

193. Трубақұбырлары жартылай жұмыс қысымына есептелген резьбалық қосындыларда орындалады. Бұл жағдайда трубақұбырларды қарау және жөндеу мүмкіндігі қарастырылады. Әрбір трубақұбырда 10 м интервалда бояумен ұңғыма нөмірі мен ағын бағыты көрсетіледі.

194. Трубақұбырлары арасындағы жарықтағы қашықтығы қолданылатын трубалар диаметрі ≥200 мм болғанда 200 мм кем емес. Басқа жағдайларда жарықтағы қашықтық 100 мм кем емес. Трубақұбырлардың төселімге дейінгі қашықтығы 350 мм кем емес.

195. Ұңғымалардың көп қатарлы орналасуы кезінде трубақұбырлардың пайдалану ұңғымасынан ұңғымалар арасындағы қатарларға салуға жол берілмейді.

196. Трубақұбырлар қатты бекітіледі, және қысымның тиісті маркісі және ГОСТ 14202 бойынша іздестіру бояуы болады.

197. Ұңғымалар өлшемдері және сепарация өнімдері бойынша блокты құрылғылар алдында ұңғымалардың лақтыру желілері алдында кері қалқаншалар орнатылады.

198. Ұңғымаларды, трубақұбырларды, сепараторларды және тағы басқаларды үрлеу және разрядтау технологиялық блок арқылы жүргізіледі.

199. Ұңғымалардың лақтыру трубақұбырларында, пайдалану бағанына бағытталған өнім құбырларында, желілік қалқанша-отсекательдер орнатылады.

200. Мұнай, газ және тағы басқа жанатын сұйықтары бар трубақұбырларын тұрғын блокқа тартуға жол берілмейді. Көрсетілген трубақұбырлары тұрғын блоктан және ұжымдық құтқару құралдарына 10 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

201. Газ немесе жанатын сұйықтары трубақұбырлары жанбайтын трубақұбырымен қиылысқан кезде соңғылары төмен орналастырылады.

4-тарау. Ұңғымалардың ағымдағы және күрделі жөндеуі
202. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарына дайындау ЖҰЖ сәйкес жүргізіледі және ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен «Ұңғымаларды жөндеуге дайындау туралы акті» жасалады. Жөндеуден кейін ұңғыма акті бойынша өткізіледі.

203. Фонтанды ұңғымаларды жөндеу алдында бұрғылау ерітіндісінің жөнделетін ұңғыманың белгіленген параметрлері 2 еселік максимальды көлемінен кем емес қоры жасалады.

204. Фонтанды арматураны алғаннан кейін (насосты-компрессорлық труба) ескерту құрылғы жобаға сәйкес ұңғыма аузына орналастырылады және опрессовкаланады.

205. Мұнай газ пайда болуы кезінде өндіріс ұңғымаларды жөндеу, бұрғылау процессінде бұрғыланатын ұңғымаларда болатын қиындықтарға қарсы шаралар қабылдай отырып, тоқтатылады. Болған қиыншылықтар туралы ТСҚ пайдаланатын ұйым басшылығына және ашық фонтандардың алдын-алу және жою жөніндегі әскерилендірілген АҚҚ-ға хабар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет