Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары



бет7/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#125589
1   2   3   4   5   6   7

6-тарау. Өртке қарсы жабдықтар
505. ТСҚ өрт сөндірудің алғашқы құралдары жарамдылық жағдайда ұсталады және оларға бару ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орындарда орналастырылады.

506. ТСҚ өрт сөндірудің алғашқы құралдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысымен танылған Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімінің Жүзу бұрғылау қондырғылары мен теңіз стационарлық қабаттарын жабдықтау, салу және классификациялау ережесінің талаптары негізінде таңдалады.

507. ТСҚ үш еселік қосымша қорымен осы объектіге арналған сұраныс мөлшері есебінен өрт сөндіру құралдарын: от сөндіру ұнтақтары, көбік жасаушы, және басқа химиялық құралдарды сақтау жөніндегі ғимараттар қарастырылады.

508. ТСҚ бөлек орындар сақталатын жылу байқалатын киім-кешектің үш жинағы болады.



7-тарау. Ауа ортасын бақылау
509. Ауа ортасы автоматты түрде келесі заттардың болуына тексеріледі:

1) мұнай және мұнай газдарының көп компонентті қоспаларының жарылыс қауіпті концентрациялары;

2) күкірт сутегі бар кен орындарын бұрғылау және пайдалану кезінде күкірт сутегінің ПДК.

510. Тасымалданатын газанализаторлармен ауа ортасында келесі заттардың болуын бақылау қарастырылады:

1) мұнай және мұнай газ буларының жарылыс қауіпті концентрациялары;

2) күкірт сутегі ПДК;

3) метанол буларының ПДК.

Приборлар саны әрбір типтен 2 данадан кем емес.

511. Ауа ортасын бақылаудың автоматты жүйесі қамтамасыз етеді:

1) егер күкірт сутегінің концентарциясы 3 мг/м3 жеткен жағдайда тиісті жергілікті басқару пультына және орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне ескерту өшіп-жанатын жарық сигналының берілуін;

2) егер мұнай және мұнай газ буларының концентрациялары 20 % НВП жеткен жағдайда тиісті жергілікті басқару пультына, бұрғылаушы мен бұрғылау мастерінің постына, орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне апаттық желдетудің іске қосылуын;

3) егер күкірт сутегінің концентарциясы 10 г/м3 жеткен жағдайда термикалық принципте жұмыс істейтін мұнай және мұнай газ буларының қауіпті концентрацияларының жарылу сигнализаторларының ажыратылуын және орталық басқару пульты сигнализациясының щитіне жарық және дыбыс сигналдарының берілуін.

512. Ауа ортасында мұнай және мұнай газ буларының қауіпті концентрацияларын болуын бақылау барлық жарылыс қауіпті зоналарда қарастырылады.

513. Ауа ортасында зиянды заттар ПДК болуын бақылау олардың бөлінуі мен жиналуы мүмкін ғимараттар мен ашық кеңістіктерде жүргізіледі.

Персонал резервуарлармен жұмыс істеу кезінде жеке газ детекторларымен қамтамасыз етіледі.

514. Жарылыс қауіпті концентрациялар сигнализаторлар датчиктері мен сынама алатын құрылғылары орнатылады:

1) ТСҚ ғимараттарын желдетуге арналған ауа жинау орындарында;

2) тастау трубақұбырлары байлаулары ауданында еден үстінен 0,5 м артық емес биіктікте бұрғылау ерітіндісін немесе оңай жанатын сұйықтарды тасымалдайтын әрбір насос жанында;

3) бұрғылау ерітіндісінің ашық ыдысы үстінде-жоғары жағынан 0,2 м кем емес, ыдыс жанында еден үстінен 0,5 м биіктікте орналасқан қашықтақта;

4) діріл илегіш жанында-одан 1 м артық емес, оның үстінен 0,5 м артық емес биіктіктегі қашықтықта;

5) технологиялық аппараттар жанында-мұнай булары үшін еденнен 0,5-0,7 м артық емес биіктікте булар мен газдар бөлінуі мүмкін көздер ауданында;

6) газтаратушы батареялар секциялары жанында-көздері үстінен 0,5-0,7 м артық емес биіктікті ғимараттың екіден кем емес орында;

7) бір ғимаратта біреуден кем емес оңай жанатын сұйықтар мен жанатын газдар сақтайтын қойма ғимараттарында;

8) бұрғылаудың жұмыс алаңы астында-бұрғылау ерітіндісі ағыны ауытқу ауданында одан 1 м кем емес қашықтықта төрт орыннан кем емес.

515. Күркіртсутегі ПДК газанализаторларының датчиктері немесе сынама алу құрылғылары орналастырылады:

1) ғимараттарда-еденнен 1 м кем емес биіктікті жұмыс алаңында біреуден кем емес;

2) бұрғылаудың жұмыс алаңының астында-ағынды ауытқылаушы ауданда кемінде төрт орында.

516. Мұнай және мұнай газ булары концентрацияларының жарық және дыбыс сигнализацияларының күкірт сутегі сигналдарынан айырмашылығы болады.

Ескерту сигналдарының апаттық сигналдардан айырмашылығы болады.

517. Приборлар датчиктері және сынама алу құрылғылары оңай баратын орындарда орнатылады және мүмкін зақымданулардан сақталған.

518. Сынамалардың датчикке кешігіп түсу уақыты газ жүретін желілер есебінен минимальды және 60 секундтан артық емес.

519. Датчиктерге баратын газ жүретін желілер тот баспайтын болаттан және бақыланатын қоспалар ортасында тот баспайтын басқа материалдардан жасалады.



12-бөлім. Персоналды жеткізу

1-тарау. Жалпы талаптар
520. ТСҚ тікұшақ алаңдарымен, бұрғыланатын ұңғымалардан қарама-қарсы жақта орналасқан кемелердің жел жағынан келуді және адамдарды отырғызу және түсіруді қамтамасыз етуге арналған платформалар мен тоқтау құрылғыларымен жабдықталған. Тоқтау-отырғызу құрылғылары ғимараттың кемінде екі жағынан орналастырылады және теңіздің жылдық барынша деңгейінен 1,5 м кем емес көтеріледі. Тоқтау-отырғызу құрылғыларының және тікұшақ алаңдарының орналасуы «Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде стационарлық ғимараттарды жобалау, құрылысы және монтаждау. Негізгі ережелер. Классификациялау» Қазақстан Республикасы ҚН 3.05-27-2004 талаптарына сәйкес келеді.

Ескерту: Д типіндегі ТСҚ кемелерге арналған отырғызу алаңдарын орналастыруға ғана болады.

521. ТСҚ вахталар ауысымы тікұшақпен немесе жолаушылар кемесімен іске асырылады.

А, Б және С типтегі ТСҚ персоналды жеткізу тікұшақпен жүргізіледі.

522. ТСҚ қызмет көрсетуші персоналының тікұшақпен немесе кемеде шығуы ТСҚ бастығы бекіткен тізім бойынша және бақылау тұлғасының байқауымен жүргізіледі.

523. ТСҚ бақылау тұлғасы оған барлық келген және кеткендерді есепке алу, олардың ТСҚ болу мерзіміне байланыссыз іске асырылады.



2-тарау. Персоналды тікұшақпен жеткізу
524. Персоналды ТСҚ жеткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрі 1999 жылы 9 шілдеде № 185 бекіткен Әуе тасымалдаулары, Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерімен және Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінң азаматтық авиация комитеті төрағасының 12 қараша 2004 жылы № 217 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерінің жазғы экипажының қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес іске асырылады.

525. Түсіру және отырғызу операциялары тікұшақ командирінің және платформа бастығының (орынбасары) тікелей бақылауымен іске асырылады.

526. Тікұшақты алаңға қондыру (ұшыру) платформа бастығының (орынбасары) рұқсаты бойынша жүргізіледі.

527. Тікұшақпен жеткізілетін барлық жолаушылардың құтқару кеудешелері болады.

528. Тікұшақты алаңға қондыру кезінде тікұшақтың қонуына (ұшуына) кедергі келтіретін ТСҚ орналасқан крандармен жұмыс істеуге жол берілмейді. Крандар бастары тікұшақ алаңынан басқа жаққа бағытталған.

529. Тікұшақты қондыру (ұшыру) кезінде тікұшақ алаңындағы өрт сөндіру құралдары толық дайындық қалпында болады.

530. ТСҚ тікұшақ штормдық жел кезінде ек бекіткіш арқылы платформаға мықты арқандап байланады.

531. Тікұшақ ұшу және қону кезінде тікұшақ алаңында адамдардың болуына жол берілмейді.

532. Тікұшақ алаңдарын бөтен заттармен және винт қалақтары немесе двигатель айналысы зонасына түсуі мүмкін заттармен толтыруға жол берілмейді. Алаң мұздан және қардан тазартылған.

533. ТСҚ орнатылған прожекторлар ұшқышқа және тәуліктік қараңғы уақытында тікұшақтың ұшуына көрінбейтіндей әсер етпейді.

534. Тікұшақ алаңы ТСҚ ірі ғимараттарынан пайда болатын желдің құйындауы мүмкін зонадан тыс орналасатын және ұшу және қону жағынан ұшқышқа жақсы көрінетін жарықтанатын жел көрсеткішпен жабдықталған.

535. ТСҚ тікұшақты қабылдауды қамтамасыз ететін әуежай қарастырылған.

536. ТСҚ радиомаяк көздеген жағдайда, ол жаға мен платформа арасындағы барлық ұшу кезінде іске қосылған болып қалады.

537. Платформадан және жағадан тікұшақтың ұшуын радиобақылау, соның ішінде апат жиіліктерінде қамтамасыз етіледі.



3-тарау. Персоналды жолаушылар кемесінде (ЖК) жеткізу

1-параграф. Жалпы талаптар
538. Адамдарды ТСҚ қызмет көрсетуші кемеден және платформадан қайта отырғызу осы мақсатқа арналған құрылғылар арқылы жүргізіледі.

539. Отырғызу және түсіру кемек және ТСҚ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасының байқауымен жүргізіледі.

540. Адамдарды қайта отырғызу платформа бастығы мен кеме капитаны арасындағы алдын ала келісім бойынша іске асырылады.

541. Кемеге отырғызу кезінде ТСҚ отырғызу алаңында адамдардың жиналуына жол берілмейді.

542. Жүзу құралдарын ТСҚ арқандап байлау кезінде арқандап байлау ұштарын қабылдау және бекіту ТСҚ қызмет көрсету персоналының бөлінген және оқытылған тұлғаларымен жүргізіледі.

Жүзу құралдарын тоқтау алаңына арқандап байлау кезінде арқандап байлау ұштарын қабылдайтын тұлға ғана болады, басқа адамдардың болуына жол берілмейді.



2-параграф. Баспалдақтар және борт сыртындағы траптар
543. Жолаушылар кемесінен қызмет көрсетуші персоналды отырғызу және түсіру баспалдақтар және борттан тыс траптар арқылы жүргізіледі.

544. Борт сыртындағы траптар мен баспалдақтардың барлық түрлері екі жағынан бірдей биіктігі 1 м кем емес леер немесе тұтқалары бар бағандары болады.

545. Борт сыртындағы траптар кеме бортына тығыз жапсырылған және траптың жоғары ұшы мықты бекітілген.

546. Баспалдақтар кеме бортына мықты бекітілген. Баспалдақтарды 45о артық бұрышпен қоюға жол берілмейді.

547. Бұрылмайтын баспалдақтары бар борт сыртындағы траптарға еңіс бұрышы 30о кем болғанда көлбеу жұқа тақтайшалары бар баспалдақтарды барлық ұзындығы бойынша салынады.

548. Егер кеме траптың төменгі алаңы тоқтау жабуынан 0,5 м биік немесе одан 20 мм төмен орналасса, алаңнан көлбеу жұқа тақтайшалары бар және трап алаңына бекітілген баспалдақтар салынады.

549. Жұмыс қосымшасына орнатылған траптар немесе баспалдақтар алдындағы кеме бортында ұзындығы 27,5 м кем емес лине бекітілген құтқару дөңгелегі болады.

550. Қызмет көросетуші персоналды отырғызу және түсіру кезінде трап немесе баспалдақтар жанындағы осы операцияның қауіпсіздігін бақылайтын вахталық матрос болады.

551. Тәуліктің қараңғы уақытында адамдарды отырғызу және түсіру орындарындағы жарықтандыру кемені арқандап байлаушы кеме жүргізушісіне көрсетпейтін әсер етпейтіндей болып орналастырылады.

3-параграф. Арнайы люлькалар
552. Адамдарды арнайы люлькалар арқылы қайта отырғызу платформа бастығы немесе оны алмастыратын бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.

553. Люлкалар адамдар саны мен люлканың адамдар мен жүкті көтеру қабілеті көрсетілетін тақтайшалармен жабдықталады.

Тростарды есептеу және оларды браковкалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтеру крандарының құрылысы және қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес жүргізіледі.

554. Люлкалардың жүзу қабілеті болады, амортизаторлары мен кранцты қорғанысы болады.

555. Тәуліктің қараңғы уақытында люлькалармен адамдарды қайта отырғызу кезінде кеме палубасында және ТСҚ 30 лк кем емес люлькаларды орнату орындарын жарықтандыру қамтамасыз етіледі.

556. Адамдарды кемеден ТСҚ түсіру кезінде люлькаларды кеменің тігінен толқуының максимальды үлкен амплитудасын биіктікке көтереді, оны палубадан теңіз жаққа қарай алып шығады және ТСҚ көтеру жүргізіледі.

557. ТСҚ кемеге адамдарды отырғызу кезінде ТСҚ люлкаларды теңіз үстіне түсіреді және кеме қалпынан жоғары биіктікке жеткеннен кейін толқын ескегінде люльканы палуба үстіне орнатады және оған түсіреді.

558. Люлканы отырғызу орнына оларға бекітілген қара майланған кеме арқаны арқылы бағыттайды.

559. ТСҚ адамдарды қайта отырғызу үшін арнайы люлькаларды пайдалану алдында мыналар:

1) люлька бекітулерін, тростар жағдайын және басқа байлауларды мұқият қарау;

2) қарай нәтижелері тіркеу және қарау журналына жазылады;

3) люлька конструкциясында жіберілетін адам санынан артық емес адамдарды қайта отырғызу;

4) кеме палубасында және ТСҚ люльканы орналастыру орындарын бөтен заттардан босату.

560. Люлькада адамдар мен жүктерді бір уақытта тасымалдауға жол берілмейді.

561. Люлкада қайта отырғызу жүргізілетін жолаушының құтқару кеудешесі болады.

562. Люлканы үш айда бір рет бақылау тұлғасы қарайды. Тексеру нәтижесі журналға жазылады.



4-параграф. Штормтраптар
563. Штормтраптар персоналдың келуіне ыңғайлы орындарды ТСҚ әрбір жағында және ұжымдық құтқару құралдары орналасқан орындарда орналастырылады. Олардың орналасу орнында көрсеткіштер болады.

564. Штормтраптар бойынша адамдарды түсіру бір адамнан жүргізіледі.

565. Штормтрап бойынша түсіру кезінде түсетін адам ТСҚ палубасында адамдар ұстап тұратын мықты қара майланған кеме арқанымен сақтандырылады.

566. Тәуліктің қараңғы уақытында штормтраптың орналасу орны жарықтандырылған (жарықтандырылуы 30 лк кем емес).

567. Штормтраптарды қолдануға жол берілмейді, егер:

1) штормтрап сыналмаған немесе жоғары қысқа бағандарда көрсетілген маркировкасы бойынша тексерілетін кезекті сынау мерзімі өткен;

2) кемінде бір қысқа баған жарылған, тесілген немесе жоқ;

3) штормтрап платформадан берілген кезінде кеме палубасына жетпейді;

4) кемінде бір орам-адырнасы үзілген;

5) адырна тростары шіріген немесе диаметрінің 1/3 тереңдігігне жанып кеткен;

6) бензелл орнынан қозғалған және немесе қысқа бағандар өзара параллель емес.

568. Штормтраптар ТСҚ қабаттарында мықты бекітіледі. Және әрбір түсіру алдында бақылау тұлғасы қарайды.



13-бөлім. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу

1-тарау. Жалпы талаптар
569. ТСҚ жобалау кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар су ортасын және ауа бассейнін ластаудың алдын алу жөніндегі барлық қондырғыларды және техникалық құралдарымен, қауіпсіз пайдалану және апаттық жағдайлардың алдын алатын бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғымаларды қоса алғанда бірыңғай технологиялық кешен ретінде қарастырылады.

570. Ауа бассейнін немесе су ортасының мүмкін ластаушы болып табылатын мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдаланудың технологиялық қалдықтары жиналады және жағалық (қоқыс жинаушы) базаларға тасымалданады.



2-тарау. Ауа бассейнінің ластануының алдын алу

1-параграф. Жалпы талаптар
571. Ұңғымаларды үрлеу және разрядкалау кезінде бөлінетін, қысыммен жұмыс істейтін тастау желілері мен ыдыстарындағы газдар жойылады. Жою мүмкін болмаған жағдайда газдар факелге бағытталады.

2-параграф. Газды жағуға арналған факел
572. Факел берілетін газдың көп еселі және дистанционды жағылуын (электржану немесе газды тұтандырғыш) қамтамасыз ететін тұтандырғыш құрылғымен жабдықталған.

573. Тұтандырғыш құрылғы желден қорғалған.

574. Факелді желілерде бітегіш арматура орнатуға жол берілмейді.

575. Факел бағаны платформаға мықты бекітіледі.

576. Факелді трубақұбырында факел бағаны маңында жөндеуге және қарауға ыңғайлы от ұстаушы орнатады.

577. Факел бағанының конструкциясы төгілетін сұйықты жинау және ағызуды қамтамасыз етеді.

578. Факел конструкциясы газдың кебуін және ұңғымаларды кезекпен пайдалануға берілуіне қарай газ мөлшерінің артуын ескере отырып, тұрақты жануын қамтамасыз етеді.

579. Факелдің жануы туралы сигнализация орталық басқару пультында орналастырылады.

580. Факелді трубақұбырда конденсатты ұстау үшін сепаратор орнатылады.

581. Факелді трубақұбыр сепараторға қарай еңіс болады.

582. Факелге конденсаттың түсуін болдырмау үшін сепаратордан көлемі 3 м3 артық емес ыдысқа соңғысы ағызылады.

583. Факелді бағанға апаратын барлық трубақұбырлар, жүйенің жеке бөлшектері жүйенің біржарым еселік жұмыс қысымымен опрессовкаланады.

584. Газды факелге жағуға беру алдында факелді трубақұбыры бумен немесе инертті газбен үрленеді.

585. Факелді трубақұбырына газ ауа қоспаларын тастауға жол берілмейді.



3-тарау. Теңіз ортасының ластануының алдын алу
586. Құрылыс-монтаждау жұмыстары, бұрғылау, мұнай және газ ұңғымаларын игеру және пайдалану, мұнай және газдарды жинау, дайындау және тасымалдау теңіздің ластануына әкеліп соғатын апаттардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жүргізіледі.

587. Бұрғыланып жатқан және пайдаланудағы ұңғымалар сағалары ауданындағы ТСҚ, технологиялық қондырғылар мен басқалар астында орнатылған тұғырықтар мен ванналар ағынды сулардың ортақ жүйесімен баспалдақтармен қосылған траптармен жабдықталған.

588. Тұғырықтар мен ванналарды конструктивті орындау және траптардың орналасқан орны тұғырықтар мен ванналарда ағынды сулардың жиналуына жол бермейді.

589. Трасса бойынша қалдықтардың болмауының алдын алу мақсатында ағынды суларды жинау және жою жүйесінің коммуникациясы мерзімді түрде теңіз суымен жуылады. Бұл жағдайда жуу суы өндірістік ағындар ыдыстарына жиналады және оның теңізге түсу мүмкіндігі болмайды.

590. Ағындар блогының ыдыстары қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарды орналастырылған люктермен және лазалармен жабдықталады.

591. Ағынды суларды жинау және ағызу үшін блокты құрылғы сатылармен және қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталады.

592. ТСҚ тоқтау алаңына шаруашылық-тұрмыстық ағындарды беру соңында белгіленген үлгідегі ысырма мен фланец орнатылған трубақұбыры арқылы іске асырылады.

593. Ағынды суларды жинау және ағызуға арналған ыдыстар (цистерналар) деңгей өлшеуіштермен жабдықталады. Ыдыстардағы ағынды сулардың шектік жіберілетін деңгейге жеткені туралы сигнализация орталық басқару пультында орналастырылады.

594. ТСҚ механизмдер сымдарының өңделген майларын жинауға арналған ыдыстар қарастырылады. Өңделген майларды ыдыстардан тоқтау алаңына беру ағынды сулар трубақұбырларымен байланысы жоқ майқұбыры арқылы жүргізіледі.

595. Іштей жану двигателі пайдаланылған газдарын тастау жүйесі майларды ыдыстарға жинау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

596. Бұрғылау ерітіндісін тазарту құрылғысы астынан қоқыстарды жинау үшін контейнерлер (қоқыс жинаушылар) орнатылады.

597. Контейнерлер орнатылған орындарды ағынды суларды жинаудың ортақ жүйесіне сұйықтар ағатын ыдыстар орнату көзделеді.

598. Қоқыстарды жинау контейнерлері контейнерлерді тиеу және түсіруге ыңғайлығын қамтамасыз ететін тіреуіш құрылғысы болады.

599. Контейнерлерді дірілилегіштерінің астына ортану (алу) процесі механизацияланған.

600. Тиеу-түсіру операциялары кезінде контейнерлер герметикалы жабылады.

601. Тағам және басқа қатты қалдықтар контейнерлеге салынады және жағаға жіберіледі.

602. Дәретханалар, жуынатын, ыдыс жуу орындарының фан және ағынды сулар қалдықтары фекальды цистерналарға ағызылады және қызмет көрсету кемелеріне айдалады.

603. Тұрғын ғимараттары кәріздері жүйесі ағынды сулар жүйесінен бөлінген.



Қолданылған қысқартулар
ТСҚ-теңіздің стационарлық қабаттары;

ЖОП-жинаудың орталық жағалық пункті;

НҚҚ-навигациялық қондырғы құралдар;

КӨКН-кеменің өмір сүруіне күресу жөніндегі нұсқаулықтар;

ТҚ-тиісілмейтін қор;

ИГЗ-инженерлік-геологиялық зерттеулер;

КМК-кранды монтажды кеме;

ТҚҚ-тастауларға қарсы қондырғылар;

ӘАҚҚ-әскерилендірілген апатты құтқару қызметі;

ЖҰЖ-жұмыстарды ұйымдастыру жобасы;

РЗ-радиоактивті заттар;

КСАХЕ-кемелердің соқтығысуының алдын алудың халықаралық

ережелері;

ОӨП-орталық өрт постында.

____________________

Мазмұны


Бөлім, тарау,

параграф




Беті

1-бөлім

Жалпы талаптар




1-тарау

Қолдану саласы




2-тарау

Жалпы талаптар




3-тарау

Теңіздің стационарлық қабаттарын

акваторияларға орналастыру






4-тарау

Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету




5-тарау

Теңіздің стационарлық қабатының бөлімшелері




6-тарау

Өндірістік ғимараттарды орналастыру




7-тарау

Персоналды эвакуациялау




2-бөлім

Теңіздің стационарлық қабатының құрылысы




1-тарау

ТСҚ конструкцияларына қойылатын талаптар




2-тарау

Теңіздің стационарлық қабатының құрылысы




3-бөлім

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау




1-тарау

Ұңғымаларды бұрғылау




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Ұңғымалар бағандарының кездесулерінің алдын алу




3-параграф

Мұнай газ тастауларын және ашық фонтандаудың алдын алу




4-параграф

Екі бұрғылау құрылғысымен бұрғылау




2-тарау

Бұрғылау қондырғысы




1-параграф

Мұнара және мұнара астындағы портал (постамент)




2-параграф

Сөрелер мен қабылдау көпірі




3-параграф

Циркуляциялық жүйе




4-параграф

Шашылатын материалдардың пневмокөлігі




4-бөлім

Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Ұңғымаларды игеру




3-тарау

Мұнай өндіру




4-тарау

Ұңғымалардың ағымдағы және күрделі жөндеуі




5-тарау

Ұңғымаларды бір уақытта жөндеу және бұрғылау




6-тарау

Ұңғымалар өнімдерін жинау, дайындау және көлігі




5-бөлім

Қондырғының орналасуы




1-тарау

Ұңғымаларды орналастыру




2-тарау

Жебелі крандарды орналастыру




3-тарау

Факельді орналастыру




4-тарау

Кәсіби-геофизикалық жұмыстар үшін қондырғыларды орналастыру




10-параграф

Радиоактивті заттарды (РЗ) қоймаға орналастыру




5-тарау

Пайдалану кешенінің қондырғыларын орналастыру




1-параграф

Пайдалану бағаны




6-тарау

Апаттық дизель генераторды орналастыру




7-тарау

Отын, май және метанолды орналастыру




8-тарау

Оттығы бар жалынды жану құрылғыларды орналастыру




6-бөлім

Құтқару құралдары




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

ТСҚ ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықтау




3-тарау

ТСҚ апат сигналдарының пиротехникалық

құралдарымен жабдықтау






4-тарау

Құтқару шлюпкалар, капсулалар, плоттар конструкциясы




1-параграф

Негізгі талаптары




2-параграф

Құтқару шлюпкалар, капсулалар, плоттарды жабдықтау




5-тарау

Құтқару кеудешелері мен құтқару дөңгелектері




6-тарау

Түсіру құрылғыларының конструкциялары




1-параграф

Негізгі талаптар




7-тарау

Түсіру құрылғысына арналған

шығырлар конструкциясы






8-тарау

ТСҚ құтқару құралдарын орналастыру және орнату




1-параграф

Құтқару шлюпкалары, капсулдар және плоттары




2-параграф

Құтқару кеудешелері. Құтқару шеңберлері




7-бөлім

Сигнал құралдары




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

ТСҚ синалды құралдармен жабдықтау




3-тарау

ТСҚ сигналды құралдарының құралдарын орнату




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

ТСҚ блоктарын тасымалдау




3-параграф

ТСҚ монтаждау (демонтаждау)




4параграф

Пайдаланудағы ТСҚ




5-параграф

ТСҚ консервациясы




8-бөлім

Байланыс құралдары




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

ТСҚ сыртқы және ішкі байланыс құралдары




1-параграф

Жалпы нұсқаулықтар




2-параграф

ТСҚ байланыс құралдарымен жабдықтау




3-параграф

Қоректендіру көздері




4-параграф

Антендік құрылғылар




3-тарау

Байланыс құралдарын орналастыру




4-тарау

Құтқару шлюпкасы, капсула, плоттар байланыс құралдары




5-тарау

Радиоқабылдағыштар қуаттылығы




9-бөлім

Электрқондырғылар




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Тарату щиттері




3-тарау

Желі нейтралы режимі




4-тарау

Жарықтандыру




5-тарау

Жерге қосу




6-тарау

Электр энергиясының апаттық көздері




7-тарау

Басқару органдары және сигнализация жүйелері




8-тарау

Электр қондырғыларын қоршаған орта

әсерінен қорғау






9-тарау

Жарылыс қауіпті зоналар




10-тарау

Жарылыс қауіпті зонасына арналған электр қондырғыларын таңдау




11-тарау

Кабелдер




12-тарау

Найзағайдан қорғану және найзағай разрядтарының қайталамалы құбылыстарынан қорғау




13-тарау

Жарылыс қауіпті ғимараттарды желдету




10-бөлім

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Ғимараттар конструкциясы




1-параграф

Ғимараттар конструкциясына қойылатын жалпы талаптар




2-параграф

Траптар мен алаңдар




3-параграф

Шығатын орындар, есіктер, терезелер




3-тарау

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жабдықтау




1-параграф

Тамақтану блогы




2-параграф

Санитарлық - тұрмыстық ғимараттар




3-параграф

Медициналық жәрдем




4-тарау

Тұрғын және қоғамдық ғимарттарға қызмет көрсету жүйесі




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Ғимараттарды желдету, жылыту және жарықтандыру




3-параграф

Сумен қамсыздандыру




4-параграф

Қалдықтарды жою




11-бөлім

Өрттен қорғау




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Конструкциялы өрттен қорғанысы




3-тарау

Өрт қондырғылары және жүйелері




1-параграф

Су өрт жүйелері




4-тарау

Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері




5-тарау

Өрт сигнализациясының жүйесі




6-тарау

Өртке қарсы жабдықтар




7-тарау

Ауа ортасын бақылау




12-бөлім

Персоналды жеткізу




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Персоналды тікұшақпен жеткізу




3-тарау

Персоналды жолаушылар кемесінде (ЖК) жеткізу




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Баспалдақтар және борт сыртындағы траптар




3-параграф

Арнайы люлькалар




4-параграф

Штормтраптар




13-бөлім

Қоршаған ортаның ластануының алдын алу




1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Ауа бассейнінің ластануының алдын алу




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Газды жағуға арналған факел




3-тарау

Теңіз ортасының ластануының алдын алу







Қолданылатын қысқартылған сөздер







Мазмұны




______________________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет