Тәжірибелік жұмыс №1 Материалдардың қасиеттерін анықтау әдістері


Тәжірибелік жұмыс № 8 Металды прокаттау, престеу және қалыптау



бет5/11
Дата08.04.2022
өлшемі1.72 Mb.
#456628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
консмат практика такырыптар

Тәжірибелік жұмыс № 8 Металды прокаттау, престеу және қалыптау
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Қысыммен өңдеу деп бастапқы материалды сыртқы күш әсерінен пластикалық деформациялау арқылы түрөзгертетін технологиялық үрдісті айтамыз.
Өңдеу ыстықтай және суықтай жүргізіледі.
Қысыммен өңдеудің негізгі түрлері: илемдеу, пресстеу, еркін соғу, көлемдік қалыптау, қаңылтырлы қалыптау, созып-тарту.
Сыртқы күштің әсерінен металдың кристалдық торындағы атомдар түрақты күйдегі орнынан ығысады. Егерде атомдар арасынддағы арақашықтық присталдық тор шамасында өзгерсе, онда сыртқы күш алынғанда, атомаралық күш әсерінен атомдар өз орнына қайтып келіп, метал бастапқы қалпына келеді. Яғни, серпімді деформация орын алады. Ал егерде, сыртқы күш әсерінен кристалдық тор атомдары атомаралық қашықтықтан артық орын ауыстырса, онда күш алынғаннан кейін де метал бастапқы қалпына келмейді. Демек, пластикалық деформация жүреді.
Пластикалық деформацияның жүруіне қажетті сыртқы күш шамасы металдың пластикалық қасиетіне, температурасына, деформациялаушы жүктеменің берілу сұлбасына қарай анықталады.
Пластикалық деформация нәтижесінде метал көлемі тұрақты, металдың ағуы кедергінің аз мәніне қарай жүреді.
Металды қыздыру пластикалық қасиетін арттырады, сол себепті ыстық күйде түр өзгерту, суық күйге қарағанда аз күшті қажет етеді.
Пластикалық деформацияланатын металдағы ығыса орын ауыстыру жазықтық бетімен сырғу бойынша жүреді, жазықтық аралық қашықтық 100-200 А.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Металдарды қысыммен өңдеу кезіндегі серпімді және пластикалық деформацияның физикалық негізін қарастырыңыз
2. Пластикалық деформация механизмін түсіндіріңіз
3. Металдарды қысыммен өңдеуді сипаттаңыз
4. Есептің мазмұны: жұмыстың тақырыбы мен мақсаты, металдарды қысыммен өңдеу кезіндегі деформацияны сипаттау, қорытынды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Металдарды қысыммен өңдеу әдәсі немен сипатталады?

  2. Серпімді және пластикалық деформация арасындағы айырмашылық

  3. Пластикалық деформацияның дәрежесі мен қорытпаның химиялық құрамы қайтакристалдану температурасына қалай әсер етеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет