Тәжірибелік жұмыс №1 Материалдардың қасиеттерін анықтау әдістері


Тәжірибелік жұмыс № 5 «Темір-цементит» және «темірграфит» күйжай диаграммасы



бет3/11
Дата08.04.2022
өлшемі1.72 Mb.
#456628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
консмат практика такырыптар

Тәжірибелік жұмыс № 5 «Темір-цементит» және «темірграфит» күйжай диаграммасы





Тәжірибелік жұмыс № 6 Теміркөміртегі материалдарын таңбалау және жіктеу
Болатты химиялық кұрамы, атқаратын қызметі, сапасы, тотықсыздандыру дәрежесі және құрылымы бойынша былай жұпталады.
Химиялық құрамы бойынша болатты көміртегі және легірленген болатқа жүптайды. Көміртек концентрациясы бойыпша бұл екеуі де аз көміртекті (<0,3%С), орташа көміртекті (0,3-0,7%С) және жоғары көміртекті (>0,7%С) болатқа бөлінеді. Қүрамына енгізілген злементтеріне қарай легірленген болат хромды, марганецті, хром-никельді, хром-кремний-марганецті және басқа да көптеген болаттарға бөлінеді. Қүрамына енгізілген элементтердің мөлшеріне қарай оларды аз, орташа және жоғары легірленген болаттарға ажыратып бөледі. Аз легірленген болаттағы легірлеуші элементтердің мөлшері 2,5% аспайды, ал орташа легірленген болаттағы мөлшері 2,5%-10% дейін, жоғары легірленген болаттағысы 10% көбірек болады.
Болаттарды маркалау
Сапасы кәдімгідей болаттардан басқа көміртекті болаттар көміртегінің молшері бойынша маркіленеді. Легірленген болаттың маркасы оның химиялык қүрамып белгілейтіи әріптер меп цифрлардың үйлесуінен қүралады. МЕСТ бойынша: хром -X, никель - Н, марганец - Г, кремний - С, молибден - М, вольфрам - В, титан - Т, ванадий - Ф, алюминий - Ю, мыс - Д, ниобий - Б, бор - Р, кобальт-К әріптерімен белгіленетіндігі қабылданған. Әріптерден кейін тұрған цифр легірлеуші элементтің шамамен алынған мөлшерін пайыз есебімен көрсетеді. Егер цифр жазылмаса, онда легірлеуші элемент бір пайыздан кем немесе соған жуык болады.
Конструкциялық легірленген болаттардағы марканың алдыңғы екі цифры көміртектің мөлшерін пайыздың жүздік үлесімен керсетеді. Мысалы, 20ХНЗА маркалы болатта орташа есеппен: 0,20% С, 1% Сr және 3% Nі болады. Маркасының соңындағы А әрпі болаттың жоғары сапалы екенін көрсетеді. Ерекше жогары сапалы болат маркасының соңында Ш әрпі болады (мысалы, 38ХГС-Ш).
Аспаптық болаттардағы марканың алдыңғы бір цифры кеміртектің мөлшерін пайыздың ондық үлесімен көрсетеді. Оларда 1% немесе онан көбірек көміртегі болғанда марканың бастапқы цифры жазылмайды. Мысалы, ХВ4 маркалы болатта 1% кебірек С, ~ 1% Сг және 4%W болады.
Таңбаларды ыкшамдау үшін күрделі легірленген болаттардың маркаларындағы бірқатар цифрлар да жазылмайды. Мысалы, 38Х2М10А маркалы болат 38ХМ10А деп белгіленеді.
Болаттардың кейбір топтарында қосымша белгілеулер болады: шарикті – подшипникті болаттар маркасы Ш әрпімен, тез кесуге арналған болаттар Р әрпімен. электротехникалық болаттар Э әрпімен, магниттік қатты болаттар А әрпімен, автоматтық болаттар А әрпімен басталады. "Электросталь" зауыты қорытып шығаратын, стандартсыз легірленген болаттар сол сияқты ЭИ (зерттелетін электрлік болат) немесе ЭП (П-сыналатын) әрпімен және рет санымен (мысалы, ЭИ415, ЭП716 т.с.с.) маркаланады. Өнеркәсіпте игерілгеннен кейін шартты белгілер болаттың шамамен алынған күрамын көрсететін маркаға алмастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет