Тәжірибелік жұмыс №1 Материалдардың қасиеттерін анықтау әдістері



бет4/11
Дата08.04.2022
өлшемі1.72 Mb.
#456628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
консмат практика такырыптар

Тәжірибелік жұмыс № 7 Құйма алу
Жалпы мәліметтер
Машина тетікбөлшектерінің құйма дайындамаларын алу құю өндірісінің соңғы мақсаты. Қазіргі кезде әр түрлі құйма қорытпаларынан жасалатын құйма қабырғаларының қалындығы 2–ден – 5000 мм–ге дейін, ең үлкен қорам өлшемі 30 м дейін, мөлшерзаты 270 т дейін. Құймалардың ең көп мөлшері бір реттік қалыптарда алынады. Мұндай қалып тек бір ғана құйманы жасау үшін қызмет атқарады, сосын құйманы алғанда қалып бұзылады. Бір реттік қалыптарға – ылғалды (ылғал күйінде қалып), құрғақ (құрғақ күйінде қалыптау), беті кептірілетін, химиялық қатаятын қалыптар жатады.
Бір реттік қалыптарды жасау тәсілдері
Мынадай қалыптау тәсілдері қолданылады: сүлбелер бойынша, үлгілер бойынша, өзектермен (сүлбесіз).
Сүлбе бойынша қалыптау – ең көп тараған тәсіл, көбінесе екі жақтауда орындалады, үш және одан көбіректе сирек; топырақта ашық (жоғарғы жарты қалыпсыз) және жабық (жоғарғы жарты қалыпты қолданумен) – едәуір сирек.
Құймалардың пішініне байланысты қалып әр түрлі әдістермен жасалады: ажыратылатын және ажырамайтын сүлбе бойынша, бөліктері алмалы–салмалы сүлбе бойынша, кесумен, жалған жақтаумен, аспалы кесекпен, үлгі бойынша, қаңқалы сүлбелер бойынша, өзектермен.
Үлгі және қаңқалы сүлбелер бойынша қалыптау – көлемді өлшемдері және салыстырмалы қарапайым пішіндемесімен құймалар жасау үшін пайдаланылады. Өзектермен қалыптау, күрделі пішіндемесімен құймалар үшін қолданылады. Бұл әдіс алмалы–салмалы бөліктерінің көп санды сүлбелер бойынша қалыптауды ойдағыдай ауыстырады. Өзектерді – өзектер жәшігінде немесе үлгі бойынша орындайды. Бірінші әдіс, ең қарапайым және көп тарағаны. Бірлі–жарым және аз жалғасы бар өндірісте қолмен қалыпқа құю тәсілдері көп тараған. Көпше және жаппай көпшілік өндірісінде жоғары өнімді машинамен қалыпқа құю тәсілдері көп тараған.
Практикада – жом, сілку, құм лақтырғыш, т.б. машиналарды пайдаланады. Қолмен құю әдісімен салыстырғанда, машинамен қалыптау қалып қоспасының біртекті және сапалы нығыздалу арқасында, ең жоғары сапалы құймалар алу қамтамасыз етеді. Сонымен бірге құйма өлшемдерінің дәлдігін арттырады, осыған сай жарақтылық өндеуге әдіптердің азаюынан металл шығыны сәйкес төмендеп, еңбек өнімділігі ұлғаяды және жұмыстың техникалық–тазалығы жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет