Тәжірибелік жұмыс № 11 Бірінші және екінші текті жасыту. Болатты шынықтыру. Көміртекті және легирленген болаттарды қыздыру
Көміртекті болаттарды шынықтыру суда, ал көптеген легирленген болаттарды майда немесе ауада шынықтырады. Легирленген болаттарда диффузиялық үрдістер баяу жүреді.
Микроқұрылымы: ине тәрізді немесе пакетті мартенсит.
Мартенсит дегеніміз α-Fe көміртегі атомы енген қаныққан қатты ерітінді.
Мн – мартенситті түрлену температурасының басталуы
Мк - мартенситті түрлену температурасының аяқталуы
Шынықтырылғыштық – шынықтыру үрдісінде болаттың ең жоғары қаттылыққа ие болу қабілеті.
ҚЫЗДЫРЫЛҒЫШТЫҚ - шынықтырылған аумақтың ену тереңдігі.
Тәжірибелік жұмыс № 12. ХТӨ түрлері және тағайындалуы
Химиялық-термиялық өңдеу (ХТӨ) – бөлшектің бет қабатының химиялық құрамын, микроқұрылымын өзгерте отырып
беріктендіру тәсілі болып табылады.
ХТӨ кезеңдері:
1. Диссоциация: молекулалардың ыдырауы мен белсенді атомы қанықтырушы элемен, мысалы 2СО → СО2 + С;
2. Абсорбция: бөлшектің бет қабатының қанықтырушы элемент атомдарын қабылдауы.
3. Диффузия – адсорбцияланған атомдардың бұйымның ішкі қабатына енуі. Нәтижесінде металдың бетінде қанықтырушы элементтің көп мөлшері пайда болады.
ХТӨ түрлері:
Көміртектендіру (цементтеу)
Азоттау
Циандау
Нитрокөміртектендіру
Диффузиялық металдау
Көміртектендіру дегеніміз қаттылық пен жемірілуге тұрақтылықты арттыру үшін аз көміртекті болаттардың бет қабаттарын көміртегі атомдарымен диффузиялық қанықтыру.
Мақсаты: аз көміртекті болаттардың бет қабаты жоғары көміртекті болып, жоғары қаттылыққа ие болады. Ал өзегі аз көміртекті құрылымды сақтай отырып, қаттылығы төмен болады.
Көміртектендіру тереңдігі һ = 1...2мм.
Азоттау дегеніміз металдың бет қабатын азот атомдарымен қанықтыру.
Мақсаты: қаттылық, тозуға тұрақтылық, коррозиялық төзімділік жәгн беріктік артады.
Негізгі артықшылықтары:
- Жылумен өңдеуден және ажарлаудан өткен, дайын бұйымдарда орындалады;
- Азотталған қабаттың қаттылығы өте жоғары;
Жұмыс температурасы - 500…600 °С, (А1 температурасынан төмен).
Герметикалық пештерде, баллоннан аммиак беру арқылы жүргізіледі:
диссоциация реакциясы: NH3 → 3H + N.
Азоттаудан кейін бұйымның өзегінде сорбиттің құрылымы сақталады, бұл оның жоғары беріктігі мен тұтқырлығын қамтамасыз етеді
Циандау – үстіңгі бетті бір мезгілде көміртекпен жəне азотпен қанықтыратын химия-жылулық өңдеу.
Мақсаты: тетіктердің қажуға және жемірілуге тұрақтылығын арттырады.
Ерітілген цианидті тұздармен, мысалы, NaCl, BaCl жəне т.б. тұздар қосылған NaCN тұзымен ванналарда жүзеге асырылады.
Жоғары температурада циандау – 800...950°С температурада жүргізіліп, болат негізінен көміртекпен 0,6...1,2%-ға дейін қанықтыру
Төмен температурада циандау – 540...600°С температурада жүргізіліп, болатты негізінен азотпен қанықтыру. қоса жүзеге асырылады (сұйық цементтеу).
Достарыңызбен бөлісу: |