2.20.Стандарт «Бүйрекке перкуссия жүргізу техникасы »
1.Науқасқа тұрып тұруын өтінеміз.
2.Сол қол алақанын науқастың бел аймағына яғни бүйрек проекциясының аймағына қоямыз
3.Оң қолдың қырымен,сол қолдың сыртқы беткейіне қысқы,баяу қаққылаймыз.
Егер қаққылау кезінде ауырсыну анықталса, оң симптом ретінде қаралады (Пастернацкий әдісі).
2.21.Стандарт «Буындарға пальпация жүргізу техникасы »
1.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаймыз-буындардың жоғарғы ұштары вертикальды қалыпты тексеріледі,омыртқа жотасы-вертикальды қалыпта немесе ішпен жатып тексеріледі,ал төменгі жақ буындары тұрғызып,отырғызып немесе жатқызып тексеріледі.
2.Буын үстіндегі терілерді жайлап сипап,сеземіз.
Буын пальпациясы кезінде мына өзгерулер анықталынады :
Қараудан кейін пайда болған буындардын сыртқы түрін (мысалы , контурының тегістелуін,ісіну, тұрақты дефигурациясы және деформациясы),
Жараланған буын терісінің гипертермиясын , кейде оның көрінбейтін ісінуі .
Буын қабының ауырсынуын
Ірі буындар арасындағы еркін сұйықтықты (мысалы ,тізе )
Тығыздалуын-кальцинаттар ,инфильтраттар ,үлкен артериялар жолындағы түйіндерді ,тофустар .
Омыртқаларды және омыртка өсінділерін сипап ауырсыну сезімін бағалау.
Сегізкөз-мықын байланымы аймағын тексергенде оң алақанды бірнеше минут аралығында мықын сүйегіне басып тұрады. Қабыну процесстерінде сегізкөз -мықын аймағында ауырсыну белгісі пайда болады.
2.22.Стандарт « Қалқанша безіне пальпация жасау техникасы»
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау-отырғызып,тұрғызып немесе арқасымен жатқызып.
Қалқанша безін сипалаудың 3 тәсілі бар:
І –тәсіл:тексеруші науқастың алдында тұрады, ІІ – V бүгілген саусақтарды кеуде – бұғана,емізікше бұлшық етінің артқы шетіне қойып,ал үлкен саусақты қалқанша безінің аймағына кеуде – бұғана,емізікше бұлшық етінің алдыңғы шетінен ішке орналастырады.
Науқас сипалау кезінде бірнеше рет жұтыну қимылын жасайды,соның нәтижесінде қалқанша безі кеңірдекпен бірге орнынан қозғалады және тексерушінің саусағының астына жылжиды.
ІІ-тәсіл: тексеруші науқастың оң жағында сәл алдына таман тұрады.Мойын бұлшық еттерінің босаңсуы үшін науқасқа сәл басын төмен түсіруін сұранады. Сол қолдың алақанын науқастың мойынының артына орналастырып, ал оң қолдың саусақтарымен қалқанша безін жайлап сипалайды.
ІІІ-тәсіл: тексеруші науқастың артында тұрады. Үлкен саусақтар науқастың мойының артына орналастырады, ал саусақтарын қалқанша безіні шемңргегінің, ішке кеуде – бұғана, емізікше бұлшық етінен алдына орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |