3.Жүректің тұйықталуына қарай сол шекарасын анықтау:
А) сипалау арқылы жүректің ұшының соғысын тауып,плессиметр саусағын одан сыртқа қарай алдыңғы қолтық сызығына қабырға аралығына қойып, (егер жүрек ұшының соғысын анықталмаса, плессиметр саусағын алдыңғы қолтық сызығы V қабырға аралығына орналастырамыз )
Б) тұйық дыбыс пайда болғанша қабырға аралығымен ішке қарай перкуссия жасайды.
Қалыпты жағдайда жүректің тұйықтығы: сол шекара сол бұғананың ортаңғы сызығынан жүректің ұшынан ішке қарай 1-2 см орналасқан.
4.Жүректің тұйықтаығына қарай жоғарғы шекарасын анықтау:
А) плессиметр саусағын І қабырға параллель сол төс сызығынан 1 см сыртқа қарай шегініп,орналастырамыз.
Б) тұйық дыбыс естілгенше төмен қарай қаққылау керек.
Қалыпты жағдайда жүректің тұйықтығы жоғарғы шекара ІІІ қабырға тұсына сәйкес келеді.
2.12.2 Стандарт «Жүректің абсолютті тұйық шекарасын анықтау »
1.Жүректің оң абсолютті тұйық шекарасын анықтау:
А) плессиметр саусағын жүрек тұйықтығына қарай оң шекарасына қоямыз
Б) плессиметр саусағын ішке, солға қарай тұйық дыбыс пайда болғанша жылжытып, баяу перкуссия жасаймыз.
В) анық дыбысқа қараған саусақтың сыртқы шекарасын белгілейміз.
Қалыпты жағдайда жүректің оң абсолютті тұйық шекарасы төстің сол жағында орналасқан.
2.Жүректің сол абсолютті тұйық шекарасын анықтау:
А) плессиметр саусағын жүрек тұйықтығына қарай сол шекарасына қоямыз.
Б) плессиметр саусағын ішке, оңға қарай тұйық дыбыс пайда болғанша жылжытып, баяу перкуссия жасаймыз.
В) анық дыбысқа қараған саусақтың сыртқы шекарасын белігілейміз.
Қалыпты жағдайда жүректің сол абсолютті тұйық шекарасы жүрек тұйықтығына қарай сол шекарадан 1-2 см ішке орналасады.
3.Жүректің жоғарғы абсолютті тұйық шекарасын анықтау:
А)плессиметр саусағын жүрек тұйықтығына қарай жоғарғы шекарасына орналастырамыз.
Б) төмен арай тұйық дыбыс пайда болғаша баяу қаққылаймыз
В) анық дыбысқа қараған саусақтың сыртқы жағынан шекарасын белгілейміз
Қалыпты жағдайда жүректің жоғарғы абсолютті тұйық шекарасы IV қабырға тұсына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |