2.6.Стандарт «Аускультация жүргізудің жалпы ережесі»
Бөлме жарық және тыныш болу керек.
Аускультация кезінде науқас тексеруге ыңғайлы жағдайда тұрады, орындықта отырады немесе төсек қалпында жатады.Тексеру науқастың жалпы жағдайына байланысты.
Тыңдау кезінде стетоскоп науқастың денесіне тығыз орналасу керек.
Тексеруші стетоскопты екі саусағымен нық ұстау керек.
Тексеруші тексеру кезінде алдына қойылған талаптарға байланысты науқастың қалпын өзгертіп тұрады.
2.7 Стандарт «Кеуде қуысының пальпациясы»
Оң және сол кеуде қуысының симметриялы жерлеріне оң және сол алақанды тығыз орналастыру арқылы пальпация екі қолдың көмегімен жүргізіледі.
пальпация арқылы анықтайды:
кеуде қуысының ауырсынуын;
кеуде қуысының серпімділігін;
эпигастральды аймақтың енін;
дауыс дірілін .
2.7.1 Стандарт «Кеуде қуысының ауырсынуын анықтау»
Науқасты беліне дейін шешінуін өтінеміз.
Тексеру науқастың тұрған қалпында немесе отырғызып жүргізіледі.
Бір уақытта екі қолдың да саусақ ұштарын кеуде қуысының симметриялы аймағына қоя отырып, пальпация 2 қолмен жүргізіледі
Бұғана үсті аймағы,бұғанақтар,бұғана асты аймақтар,кеуде,қабырғалар,қабырға аралықтары кезегімен сипаланады.Содан кейін кеуде қуысының бүйірі және жауырын үсті жауырын ортасы аймақтары сипаланады.
2.7.2. Стандарт «Кеуде қуысының серпімділігін анықтау»
- кеуде қуысының алдыңғы артқы және бүйір бағытында қысу арқылы жүргізіледі.
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Бір қолдың алақанын кеудеге , ал екінші қолдың алақанын екі жауырын ортасына қоямыз.
3.Қысу алақанның негізінде қажырлы және серпімді қысу арқылы жүргізіледі (1-2 рет)
4.Содан кейін, алақанды кеуде қуысының шетінің симметриялы аймақтарына,қабырғаға паралель орналастырып және бүйірден қысу жүргізіледі (дені сау адамның кеуде қуысы қысқан кезде серпімді және созылымды).
Достарыңызбен бөлісу: |