Кредиттерді қайта есептеу – өзге оқу орнында немесе өзге оқу жоспары бойынша оқылған пән мазмұнының бекітілген және қолданыстағы оқу жоспары пәніне сәйкестігін мойындау рәсімі, нәтижесінде алған бағасымен бірге оқу пәнібілім алушының транскриптіне енгізіледі;
Қайта тіркелу кезеңі (Add/Drop Period) – білім алушы бір пәннен бас тартып, басқа пәнге тіркелу арқылы өзінің жеке оқу жоспарын өзгерте алатын кезең;
Пәнді қайта оқу (Retake) – қорытынды бағасы «қанағаттанарлықсыз» («F») болған жағдайдағы пәнді қайта оқу;
Диплом алды практикасы – бакалаврдың бітіру жұмысын орындау үшін білім алушы қажетті материалдарды жинау мақсатымен дипломдық жобалау алдында өткізілетін кәсіби практиканың түрі;
Постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) – пәнді оқу аяқталғаннан кейін алынған білім, білік, дағды және құзыреттілігі талап етілетін пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа түрлері және (немесе) модульдер;
Пререквизиттер (Prerequisite) (Пререквизиттер) – оқылатын пәнді және (немесе) модульдерді игеру үшін қажетті білім, білік, дағды және құзыреттіліктері бар пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа да түрлері;
Жарты семестрлік емтихан (Midterm Examenation) – академиялық кезеңнің ортасында өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
Дипломға қосымша (Diploma Supplement) – Еуропалық комиссия, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО стандарттары бойынша жасалған жоғары білім туралы ресми құжаттың жалпы еуропалық стандартталған қосымшасы; білімнің біліктілік иеленушісі меңгеріп аяқтаған оқудың сипатын, деңгейін, контекстін, мазмұнын және статусын сипаттайды;
Өндірістік практика – білім алушылардың жоғарғы оқу орнында негізгі (базалық) және бейіндеуші пәндер циклдары бойынша алған теориялық білімдерін маман ретінде тәжірибелік түрде қызметін атқару арқылы бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге, болашақ мамандығы бойынша кәсіби және ұйымдастыру жұмысындағы озық тәжірибелерде меңгеруге бағытталған кәсіби практиканың түрі;
Достарыңызбен бөлісу: |