Міндетті компонент (Core Subjects) – міндетті компонент-МЖМБС белгілеген және міндетті түрде оқу бағдарламасы бойынша оқитын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
Бағдар беру аптасы – 1 курс білім алушыларына кредиттік оқу жүйесінің негізгі ережелерін меңгертуге арналған оқу жылының алдындағы апта;
Оқу жоспары (ОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар даярлау бағыттарының жіктеуіші және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы білім беретін стандарты негізінде әзірленетін, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, міндетті компонент пәндерінің және практиканың барлық түрлерінің, қорытынды аттестаттаудың тізбесі мен кредиттерінің ең аз көлемін көрсете отырып, университеттің Ғылыми кеңесі бекітетін оқу құжаты.
Негізгі оқу бағдарламасы (НОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және университеттің Ғылыми кеңесі бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәнінің оқу құжаты;
Офис-тіркеуші (Office of the Registrar) – білім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
"I" (Incomplete) бағасы – пән аяқталмады;
«AU» (Audit) бағасы – пән тыңдалды;
Педагогикалық тәжірибе (практика) – жоғарғы оқу орынында оқу барысында білім алушылардың алған теориялық білімдерін бекітуге, педагогикалық дағдыларды игеруге, болашақ педагогикалық мамандығы бойынша кәсіби және ұйымдастыру жұмысындағы озық тәжірибелерде меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі мемекемелеріндегі кәсіби практиканың түрі;
Курстан курсқа өту GPA балы – жыл сайын әр оқу жылына белгіленетін келесі оқу курсына өтуүшін қажетоқу жетістіктерінің орташа баға деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |