Оқу үлгерімінің орташа балы GPA (Grade Point Average) – таңдалған бағдарлама бойынша белгілі бір кезеңдегі білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің орташа өлшенген бағасы (берілген оқу кезеңінде берілген жұмыс түрлері бойынша кредиттердің жалпы санына оқу жұмысының барлық түрлері бойынша қорытынды баға балдарының сандық эквивалентіне кредиттер сомасының қатынасы).
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Достарыңызбен бөлісу: |