Қадум тауабы. Бұл – сырттан келетін адамдардың Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем беру ретінде жасайтын алғашқы тауап түрі. Бұл тауапты жасау – сүннет.
Ифада тауабы. Қажылардың Арафат жазығынан қайтқаннан кейін жасайтын тауап түрі. Бұл қажылықтың үшінші парызына кіреді. Мұны зиярат тауабы деп те атайды.
Қоштасу (уадағ) тауабы. Қажылық амалдарын орындап болғаннан кейін Меккеден қайтаты кезде атқаратын тауап түрі. Қажылыққа сырттан келетін адамдар үшін бұл тауапты жасау – уәжіп. Бұл тауапты жасау арқылы қажылық амалдары тәмамдалады.Тауаптан кейі қажылар Қағбамен қоштасып, отандарына қайтады.
Нәпіл тауабы. Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын тауап түрі. Мұы сырттан келген адамдар да жасауына болады. Нәпіл тауап жасау – әпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені намазды кез келген мешіттетерде оқуға болады. Алайда тауапты тек Қағбада ғана орындайды. Сондықта қажы нәпіл тауапты көбірек орындаған абзал.
Умра тауабы. Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың алғашқы төрт айналымы – умраың парыздарынан, міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаған жағдайда умрасы дұрыс болмайды. Егер қалған үш айналым тауап орыдалмай қалған жағдайда, арнайы жаза өтеліп, бір қой шалып кәффараты беріледі.