Ихрам кезінде рұқсат етілетін амалдар
Теңіз хайуанаттарын аулау.
Түйе, сиыр және қой-ешкі сойып жеу. Өйткені бұлар аңшылық олжасына жатпайды.
Жеңіл-желпі жуыну. Басты денені жуған кезде шаштардың және денедегі түктердің өздігінен түсуінің оқасы жоқ. Алайда оы ысқылып, жұлып түсіруге болмайды.
Тобықты жаппайтын аяқ-киім кию.
Күнге қарсы үйдің, көлікің қасын пайдалану және қолшатыр ұстау.
Жарақаттанғанжердің матаме таңу, тіс жұлдыру, сынған жерді салу және ихрам киімін жуу не ауыстыру.
Зиянкес жәндіктерден қауіп төнген жағдайда оларды өлтіру.
Қол сағат, белдік, көзілдірік, жүзік тағу.
Құлақтың дұрыс естуі мен басқа да хабарлар тыңдау үшін арнайы құрылғы пайдалану.
Тауап жасау
Тауап жасау дегеніміз – Қсаиетті Қағбаы жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап – Алла тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес, Алла тағалага деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалаты ғибадат. Ихрамға кірген адам миқатта өткеннен бастап, Қағбаны көргенде дейін тәлбия айтуын тоқтатады. Қажы әл-Харам мешітіне оң аяғымен:
Арапша.........
«Әъузу билләһил-ъазыйм, уә би уәжһиһил-кәрим уә султаниһил-қадим миаш-шайтанир-ражим. Бисмилләһ, уәс-салату уәс-сәләму ъалә Расулилләһ. Аллаһуммафтах ли әбуәбә рахматик» деген дұғаны оқып кіреді.
Мағынасы: «Ұлы Алладан, Оың ардақты дидарымен және Оың ежелгі билігімен лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан пана болуын сұраймын. Алланың атымен, Алланы Елшісіне Оның игілігі мен сәлемі болсын! Уа, Аллам! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр»
Бұл дұғаны барлық мешіттерге кірерде оқу сүннет амалдарыа жатады әрі сауапты амал.
Одан кейін умра жасаушы ер азаматтар ихрамыың оң иығын ашып, Қағбаның оңтүстік жағындағы бұрышындағы «Қара тас» тұрған жерден бастап:
«Бисмилләһи Аллаһу Акбар!»
деп бастайды.
Ескерту: Тауап жасау барысында қара тастың тұсына келгенде басқаларға сүйкеніп, зиян тигізетіндей әрекеттер жасаудан сақ балу қажет.
Мүмкіндік болса, қара тасты сүйгені абзал. Егер қатты кептеліс болса, онда өзге қажыларға зиян келтіріп бармаған дұрыс. Сондай-ақ тауап жасағанда санақ қара тастың бұрышынан басталып, Қағбаны жеті рет айналады. Қағбаны айналу кезінде қара тастың тұсына жеткенде оған сәлем беріп, оң қолды көтеріп, алақанын қарата: «Аллаһу Акбар!» дейді. Қара тас орналасқан бұрыштың сол жағында «Йемен бұрышы» бар. Йемен бұрышына жеткен уақытта мүмкіндік болса, сол бұрышты ұстаған абзал. Адамдармен сығылысп ұстаған дұрыс емес. Йемен бұрышы мен қара тас бұрышының арасында:
«Раббәнә әтинә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил-ахирати хәсәнәтән, уә қинә ъазәбән-нәр» дұғасын оқиды.
Мағынасы: «Раббымыз, бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және тозақ азабынан сақтай гөр».
Тауап жасау барысында жоғарыдағы аталмыш дұғаны және басқа да білген дұғаларын оқуына әрі өз тілінде ішкі тілегін айтуына, Құран оқуына болады.
Тауап жасауда жүру қиындық туатын кісілер арнайы арбамен Қағбаны айалып, тауап жасауына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |