Тәлбия: «Ләббәйкә Аллаһумма ләббәйк. Ләббәйкә лә шәрикә ләкә ләббәйк. Иннәл-хамда, уән-ниъмәтә, ләкә уәл-мулк. Лә шәрикә ләк» Мағынасы: «Уа, Аллаһым! Міне мен Сені алдыңдамын. Міне, мен сенің алдыңдамын



бет8/8
Дата06.02.2022
өлшемі26.88 Kb.
#455135
1   2   3   4   5   6   7   8
Умра

«Бисмилләһир-Рахманир рахим.

Қул йә әйюһәл-кәфирун. Лә аъбуду мә таъбудун. Уә лә әнтум ъабидунә мә әъбуд. Уә лә әнә ъабидум-мә ъабәдтум. Уә лә әнтум ъабидунә мә аъбуд. Ләкум динукум уә лия дин».

Ықылас сүресі

«Бисмилләһир-рахманир рахим.

Қул һууаллаһу әхад. Аллаһум-самәд. Ләм йәлид, уә ләм йуләд, уә ләм йәкул-ләһу куфууән әхад».



Сағи жасау үлгісі

Тауап жасап болғаннан кейін Сафа мен Маруаның арасында жүруге шығады. Сафа төбешігіне жақындап тұрып Алла тағаланың Құранда бастағаны тәрізді қажы да:



«Иннәс-сафа уәл-маруата мин шаъайрилләһ. Фәмән хажжәл-бәйтә әуиътәмәра фәлә жунәха ъалейһи әййәттаууәфә биһимә. Уә мән тәтаууаъа хайран фә-инналлаһә шәкирун ъалим» деген аятты оқу арқылы құлшылығын бастайды.

Мағынасы: «Расында Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен. Сонда кім қажылық неме умра орындаса, ол екеуінде тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кім қосымша жақсылық жасаса, Алла- шүкірлікті Қабыл етуші, толық Білуші» (Бақара сүресі, 158-аят.)


Аятты оқып болғаннан кейін Сафа төбесіне көтеріліп, Қағбаға қарап, екі алақанын көтере жайып, Аллаға мадақ, «Аллаһу Акбар» деп тәкбірлер, шын көңілмен дұға жасап, былайша мадақ айтады:

«Лә иләһә иллал-лаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу, әнжәзә уәъдәһу, уә насара ъабдаһу, уә һәмәзәл-әхзәбә уәхдаһу» деген дұғаны оқыған абзал. Аталмыщ мадақтар мен тәкбірді және дұғаны үш реттен оқыған жақсы.
Мағынасы: «Жалғыз, серігі болмаға Алладан басқа құдай жоқ. Билік пен мадақ Оған тән. Ол әр нәрсеге Құдіретті.Жалғыз Алла өзге құдай жоқ. Ол уәдесін орыдады, пендесіне (Пайғамбарға) көмек берді (жеіске жеткізді, бүкіл топты жалғыз Өзі жеңді».

Бұл дұғаны оқып болғаннан кейін өзіне, отбасына, жақындарына, барша мұсылмандарға және көңіліндегі кез-келген дұға-тілегін айтып, жалбарынады.

Сосын Сафа төбешігінен түсіп, Мәруә төбешігіне қарай жүреді. Мүмкіншілік болса сүннетте келген дұғалармен әрі көңіліндегі шын ықыласымен жақындарына, мұсылмандарға өз тілінде көп дұға жасайды. Сондай-ақ «Бақара» сүресіндегі аталмыш 158 аятты қайталап оқыса да болады. Сағи жасайтын жердің ұзындығы 450 метр шамасыда.

Ескерті: Екі төбешік арасында кездесетін жасыл жолақтардың арасында ерлер баяу жүгіріспен жүгіреді, ал әйелдер ақырын жүреді.


Маруа төбесіне жеткенде:
Жүзін Құбылаға бұрып, Сафа төбесіне көтерілген оқыған дұға-тілектерін қайталап, қалағанын жалбарынып, дұға жасайды. Сосын төмен түсіп, Сафаға қарай жүріп жасыл жолаққа жеткенде ақырын жүгіріп, екінші жолағына елгенде ақырын жүріспен жүрісін жалғастырады. Сөйтіп Сафаға көтеріліп тағы қайталайды. Осылайша жеті рет айналып сағи жасайды. Сағи деген Сафа мен Маруаның арасында жүруді білдіреді. Сафадан Маруаға бару – бірінші айналымды, Маруада Сафаға дейін екінші айналымды білдіреді. Сағидың бірінші айалымы Сафадан басталып, жетінші айналымы Маруадан аяқталады.

Екі аралықта жаяу жүруге жамасы жетпеген адам арнайы арбаға отырып айналуға болады.

Етеккір және нифас халіне түскен әйелдер сағи жасауына рұқсат етіледі. Себебі ол тауап жасайтын жерлерге жатпайды.

Сағи барысында ескерілетін жайттар

Әйелдер екі жасыл жолақ арасында жылдам яки жүгіруі дұрыс емес.



Сафа мен Маруа төбешіктерінің арасында сағи жасап болғаннан кейін шашты тықырлап алу немесе қысқартуды Маруа төбешігінде не мешіт ішінде жасауға жол бермеу. Арнайы шаш алатын орындарда қасиетті мешітті таза ұстау мақсатында алдырған дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет