Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Биологиялық ақпараттардың дискреттілік заңы немесе Морган -Эфрусси заңы
2. Жүйелік және регуляторлық факторлар
3. Ақпараттың тасымалдануы
Тест тапсырмалары
1. Биологиялық информациялардың дискреттілік заңы
А) & Морган -Эфрусси заңы
В) Вернадскийдің бірінші заңы
С) Берталонфи заңы
D) Дарвин заңы
Е) Сент - Илер заңы
2. Биологиялық информациялардың ДНК-дан ДНК-ға тасымалдануы
А) Транскрипция
В) & Репликация
С) Кері транскрипция
D) Диссимиляция
Е) Метаболизм
3 ДНҚ матрицасында жүретін тірі жасушалардағы рибонуклеин қышқылының биосинтез процесі
А) &Транскрипция
В) Репликация
С) Кері транскрипция
D) Диссимиляция
Е) Метаболизм
4. Биологиялық информациялардың РНК-дан ДНК-ға тасымалдануы
А) Транскрипция
В) Репликация
С) &Кері транскрипция
D) Диссимиляция
Е) Метаболизм
5. Полипептид тізбегінің гендегі иРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі
А) Транскрипция
В) Репликация
С) Кері транскрипция
D) Диссимиляция
Е) &Трансляция
|
1
|
№ 11
дәріс
|
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Биосфера
2. Биогеоценоз
3. Агробиоценоз
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Адамзат қоғамын қалыптастыру және дамыту барысында және адамдардың шаруашылық қызметін дамытуда оның биосфераға және биогеоценозға ықпалы күшейіп, тереңдей түседі. Бұл ықпал табиғи түрде көрініс табады. Яғни орман алқаптары жыртылып, жер қыртыстары құрғай түседі.
Қоршаған ортада агробиоценоздар құрылып, су, орман, аң және балық шаруашылықтары дами тусті.
Өнеркәсіптің дамуына және ауыл шаруашылығының интенсификация-сына орай адамдардың биосфераға ықпалы едәуір артты. Көптеген жағдайда осыған байланысты экологиялық ахуалы нашарлай түсті, яғни табиғи орта өндірістік қалдықтармен ластанып, орман, балық, аң және су ресурстарын тиімсіз пайдалануға әкеліп соқты.
Адамзат дамуын сақтап және дамыту үшін биосфера түзілімін сақтап, оны сапалы сатыға яғни ноосфераға алмастыру қажет. Ол үшін төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру керек:
а) табиғатты қорғаудың тиімді жүйесі және биологиялық, ресурстарды қалпына келтіру;
б) су, орман, аң және балық шаруашылықтарын тиімді пайдалану;
в) шикізаттарды кайта өңдеуге, қалдықтарды сүзгіден өткізуте, өндірістік көлемдерді герметизациялауга және қалдықтар мен шаң тозаңдарды толық тазалауға негізделген өндірістік қалдықсыз технологияларды толық игеру.
Орыс ғалымы В.И.Вернадский кезінде биосфераны: ноосфераға ауысатыны жөнінде ұтымды идея ұсынға болатын. Ол өз идеясында жер шарының биологиялы қабаттарын адамзат игілігі үшін сақтап қалуды негізге алған. Яғни ноосфера сатысына өту өндірістік күштерді мақсатсыз дамыту нәтижесінде жүзеге аспайды. Ол кең аумақта экологиялық ахуалды жақсарту арқылы іске асырылады. Ол, үшін өндірістік және халық шаруашылығын дамытуда экологиялық алғы шарттарға баса көңіл болінуі керек.
Ноосфераны қалыптастыру - табиғат пен қоғамды дамытудың объективті заңдылығы. Алайда оны жүзеге асыруда субъективті факторлар басты роль атқарады. Сондықтан да бүгінгі таңдағы бізді қоршаған ортаның барлық ахуалына барша адамзат баласы үлкен жауапкершілік сезіммен қараулары керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |