Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Адамның қалыптасуы және дамуындағы еңбектің маңызы немесе Энгельстің ІІ-ші заңы
2. Антропогенез
3. Сананың биосфералық рөлі
Тест тапсырмалары
1. Адамның қалыптасуы және дамуындағы еңбектің маңызы туралы заңы
А) Морган -Эфрусси заңы
В) Вернадскийдің бірінші заңы
С) & Энгельстің ІІ-ші заңы
D) Дарвин заңы
Е) Сент - Илер заңы
2. Өмір сүрудің және адам қоғамының, әрбір адамның дамуының негізі болып табылды
А)& Еңбек
В) Зат алмасу
С) Қоректену
D) Тыныс алу
Е) Диссимиляция
3 Жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы
А)& Ассимиляция
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) Даму
Е) Көбею
4. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы
А) Ассимиляция
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) &Анаболизм
Е) Катаболизм
5. Ақуыздық заттың тіршілік ету тәсілі, оның тіршілік етуінің ең маңызды кезеңі, сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасу үдерісі
А)& Тіршілік
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) Даму
Е) Көбею
|
1
|
№ 9
дәріс
|
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тірі жүйенің өзін-өзі жаңарту
2. Автотрофты және гетеротрофты ағзалар
3. Ақуыз синтезі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әрбір ағза ашық, біркелкі емес, өзін-өзі жаңартатын, өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі өндіретін активті жүйе. Онда жүріи жатқан үздіксіз биохимиялық процестер озін-өзі жаңарту және өзін-өзі ондіретін жүйеге байланысты. Тірі жүйенің ашық болуы зат алмасу, энергия және қоршаған ортамен информация алмасуында көрініс табады. Тірі жүйенің біркелкі еместігі жүйенің өзгеруімен сипатталады.
Тірі жүйенің өзін-өзі жаңартуы тірі дененін заттарының жойылуына байланысты. Бұл процесс жүйенін, өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі реттеу тірі дененін өзін-өз сақтауга арналған жағдайлардың қолдауынан корініс тапқан.Тірі жүйенің өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі өндіруі табиғи сұрыптаудың әрекетіне байланысты. Ол тірі дененің құрылымдық-функцияналдық ұйымдастырылуын анықтайды.
Тірі денедегі заттардың басқа заттарға айналуы көп сатылы процестерден көрініс тапқан.
Берталонфи заңы - тірі денелердің функционалдық ерекшеліктері туралы.
Людвиг Фон Берталонфи (1901-1972) ағзаны ашық жүйе ретінде қарастырған. Ағзаның тіршілік етуіне қоршаған ортамен зат алмасу және энергия алмасу процестері қажет.
Автотрофты ағзалардың қоректік заттарына бейорганикалық қосылыстар, СО2 аммоний ионы, азот, фосфор қышқылы, калий, кальций, натрий, қосылыстары жатады. Микроэлементтер өте аз мөлшерде қажет. (Н, Мg, Мn, В, Сu, Ln). Автотрофты ағзалардың негзгі тобына жасыл өсімдіктер жатады.
Олар күн энергиясымен тіршілік етеді. Сондықтан оларды фототрофты ағзалар деп атайды. Жасыл өсімдіктермен бірге, оларға көк-жасыл балдырлар және фотосинтездеуші бактериялар жатады. Автотрофты ағзалардың негізгі тобын хемотрофты бактериялар құрайды. Олар энергияны неорганикалық қосылыстардың басқа заттарға айналу процесінде алады.
Гетеротрофты ағзалардың қоректенуіне органикалық қосылыстар қажет. Оларға; ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер жатады. Бұл ағзалар автотрофты ағзалар сияқты бейорганикалық қосылыстар, микроэлементтер керек. Гетеротрофты ағзаларға барлык жануарлар, саңырауқұлақтар, микроағзалар жатады.
Гетеротрофты ағзаларға негізгі азот көзі - ақуыз, автотрофтыларға азот қышқылдарының тұздары және аммоний тұздары. Кейбір микроағзалар молекулярлық азотты сіңіреді. Оларға бактериялар, азотбактер, көк-жасыл балдырлар жатады.
Кез-келген ағза сусыз өмір сүре алмайды. Судың жетіспеуі ағзаны өлімге алып келеді. Бірақ көптеген түрлер сусыз бірнеше күн өмір сүре алады. Ағзаның мұндай күйге түсуі анабиоз деп аталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |