Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: 1. Тірі заттың химиялық құрамы немесе Энгельстің бірінші заңы 2. Ф.Энгельстің еңбектері
3. Биохимиялық тіршіліктің негізі
Тест тапсырмалары 1. Тірі заттың химиялық құрамы туралы заң А) Морган -Эфрусси заңы В) Вернадскийдің бірінші заңы С) & Энгельстің бірінші заңы D) Дарвин заңы Е) Сент - Илер заңы 2. Зат алмасу деп тірі организмде өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы
А)& Метаболизм
В) Диссимиляция
С) Көбею
D) Даму
Е) Барлық жауаптар дұрыс
3 Жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы
А)& Ассимиляция
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) Даму
Е) Көбею
4. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы
А) Ассимиляция
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) &Анаболизм
Е) Катаболизм
5. Ақуыздық заттың тіршілік ету тәсілі, оның тіршілік етуінің ең маңызды кезеңі, сыртқы табиғатпен үнемі зат алмасу үдерісі
А)& Тіршілік
В) Диссимиляция
С) Метаболизм
D) Даму
Е) Көбею
1
№ 8
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Антропогенез
2. Адамның жануарлар әлеміндегі орны
3. Сананың биосфералық рөлі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Эволюция барысында маймыл тектес адамнан қазіргі адам (Homo sapiens - саналы) адам қалыптасты. Бұл процесте басты рөлді еңбекке беруге болады.
Антропогенез барысында табиғи сұрыпталу томендеді де, еңбектің маңызы өсе берді.
Еңбек - өмір сүрудің және адам қоғамының, әрбір адамның дамуының негізі болып табылды.
Адамның жануарлармен әсіресе адам тектес маймылдармен ұқсастығы-қаңкасында, ішкі мүшелерінде ғана. Адам және маймылдар эмоцияларының көрінуінде де ұқсастықтар бар. Маймылдарда да, адамда да қанның 4-ші тобы инфекциондық аурулар және хромосоманың аппаратының құрылысы тән.
Адам ағзасы маймыл ағзасынан көптеген айырмашылықтары бар. Қаңканың пропорциясында, тік жүруінде, қолдың құрылысында, мидың құрылысында айырмашылықтар бар. Адамның миы 3,5 есе үлкен. Антропогенездің әлеуметтік факторларын Энгельс «Маймылдың адамға айналуындағы еңбектің маңызы» атты кітабында терең зерттеді (1896). Бұл еңбегінде еңбек құралының жасалуы адамның қалыптасуының жетекші факторы екені анықталды. Еңбек әрекеті адам қоғамының қалыптасуына алып келді.