Мұғалім: Ендеше құстар әнін тыңдалық (күйтабақ, үнтаспадан құстардың дауысы тыңдатылады).
Ән «Құстар келді», орындайтын Сансызбаев А.
Мұғалім: Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Құстар, құстар келеді! Жерді шуға бөледі! «Көктем келді!» - деп бізге Жақсы хабар береді.
Көктем (Нұрлы): Сәлем, достар, аман ба? Мынау бейбіт заманда. Шат-шадыман көктемің, Шаттық болсын қашанда. Ән құрадым үніммен, Сән құрадым гүліммен. Қуантамын бәріңді, Құт-мереке күнімен.
1-оқушы (Әсия): Сәлем, елдің көктемі, Әлем енді көктеді. Құрметпенен бас идік, Құстарына көктегі.
Көктем (Нұрлы): Рақмет, балалар, сендерде ой-сана бар. Бау-бақшаның дұшпанын, Бастырмайды құстарым. Кербез құстар әнімен, Келді міне, сәнімен.
2-оқушы (Әсем): Халық «көкек келді – көктем келді» - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен?
Көктем (Нұрлы): Бұл кезде қар кетіп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады. Осы кезде көкек келеді. Не деген ғажап «кө-кек, кө-кек» деп ән салады. Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
Көкек (Бекбол): Жаршысымын көктемнің «Көкек» дейді мені жұрт. Өз атын айтар құс менмін, Көктемді күтсең – мені күт. Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да, мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 қытырлақ қоңыз, 4 өрмекші т.б. зиянды құрттарды жеймін.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз».
3-оқушы (О. Дана): Пайдалы құстың бірі – қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Қараторғайлар – орман қорғаушылары.
4-оқушы (Батырбек): Мен торғаймын, торғаймын, Суықтан да тоңбаймын. Құрт-құмырсқа шіркейден, Бау-бақшаны қорғаймын. Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі төрт миллион зиянды құрттарды жейді.
Достарыңызбен бөлісу: |