Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері



бет10/14
Дата14.09.2023
өлшемі97.61 Kb.
#477499
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
410180.pptx

Мәдениетшілдік көзқарас құндылық жүйесі ретінде адамның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде пайда болған. Өйткені адам өзінде мәдениеттің бір бөлігіне ие. Оның жеке тұлғасы тек мәдениетті меңгеру негізінде ғана дамымайды, сонымен бірге өзі де оған принциптік тұрғыда жаңалық енгізеді, яғни ол мәдениеттің жаңа элементтерін жасаушысы да бола алады. Сондықтан да құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайы, екіншіден, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы жүзеге асады.

  • Мәдениетшілдік көзқарас құндылық жүйесі ретінде адамның мәдениетпен объективтік байланысы негізінде пайда болған. Өйткені адам өзінде мәдениеттің бір бөлігіне ие. Оның жеке тұлғасы тек мәдениетті меңгеру негізінде ғана дамымайды, сонымен бірге өзі де оған принциптік тұрғыда жаңалық енгізеді, яғни ол мәдениеттің жаңа элементтерін жасаушысы да бола алады. Сондықтан да құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайы, екіншіден, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы жүзеге асады.
  • Жүйелік көзқарас бірден бір әдіснамалық принцип болып есептеледі. Оның мәні педагогиканың жекелеген элементтерін бір бірінен оқшау қарастыратырмайды, керісінше олардың бір бірімен өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірыңғай жүйе құрады. Сондықтан да жүйелік көзқарас жекелеген педагогикалық элементтерді құрастыратын жүйелік қасиет және сапалық сипаттаманы тудыруға мүмкіндік береді.
  • Жүйелік көзқараста педагогикалық жүйе келесі компоненттердің өзара байланысының жиынтығы ретінде қарастырылады: білім берудің мақсаты, педагогикалық процестің субъектісі (мұғалім және оқушы), білім беру мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениеттілік), педагогикалық процестің формалары және әдістері және материалдық база.

  • Ықпалдастық немесе біртұтастық (итегрированный подход) көзқараста тұлғаны қалыптастыру тәрбие әрекетінің негізгі компоненттерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз етуді қарастырады. Бүгінде тәрбиедегі тұлғаны жан-жақты дамыту идеясында жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеру, соның ішінде ақыл-ой мәдениеті, зияттық мәдениет, политехникалық және еңбек мәдениеті мен тұлғаның кәсіби бағдары, адамгершілік мәдениеті, саяси және құқық мәдениеті, эстетикалық және дене, экологиялық және экономикалық мәдениет, дәстүрлі және этнопедагогикалық мәдениетті қамтиды. Олай болса, жоғарыда аталған мәдениеттің барлық түрі, олардың өзара байланысы адамның өмірді, табиғатты, қоғамды, өндірісті, өнерді біртұтастық тұрғыдан қабылдауының негізгі көзі болып, оның ғылыми дүниетанымының тұтастай қалыптасуына маңызды әсер етеді.
  • Этнопедагогикалық көзқарас қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет педагогика мен халықтық тәрбиенің бірлігін, этностық тәрбиенің сипаты мен ерекшелігін және оны мазмұндау, адамзаттың көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық құндылықтарды практика жүзінде қолдана алу қажеттілігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет