Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру негізінен сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оқушылардың тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше. - Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру негізінен сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оқушылардың тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше.
- Сондықтан бұл оқу пәні студенттердің практикалық дайындығының нәтижесін қамтамасыз ету мақсатында оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін жан-жақты оқып-үйренуді қарастырады.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің» пәні, міндеттері - Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар.
- Педагогика ғылымының жетілуі барысында тәрбие жұмысының әдістемесі де өзіндік бет-бейнесі, бағыт-бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның қарастыратын мәселесі оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік аспектілері. Соған сәйкес соңғы жылдары педагогикалық жоғары және арнаулы кәсіби педагогикалық оқу орындарында тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөнінде арнаулы курстар мен практикалық сабақтар кең етек жаюда.
- Ондағы көзделген негізгі міндеттер қатарына жатады:
- -болашақ мұғалімдерге оқушылардың сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларды меңгерту;
- -тәрбие процесін және оны әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде нәтижелі ұйымдастыру жағдайын түсіндіру;
- -тәрбие процесін ұйымдастырудың ең жетілген жаңа жүйелері мен технологияларын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |