Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері



бет7/14
Дата14.09.2023
өлшемі97.61 Kb.
#477499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
410180.pptx

7.Философия ғылымымен байланысы: негізінен философия барлық ғылымдардың, соның ішінде педагогиканың әдіснамалық негізі болып, тәрбие мен білім берудің заңдылықтарын жете ұғынуға ықпал етеді. Педагогикалық ізденіс бағыттары, білім беру мен тәрбиенің мағыналық, мақсаттылық және технологиялық сипаттарын анықтау және белгілеу негізінен философиялық көзқарастар жүйесіне байланысты болады.

  • 7.Философия ғылымымен байланысы: негізінен философия барлық ғылымдардың, соның ішінде педагогиканың әдіснамалық негізі болып, тәрбие мен білім берудің заңдылықтарын жете ұғынуға ықпал етеді. Педагогикалық ізденіс бағыттары, білім беру мен тәрбиенің мағыналық, мақсаттылық және технологиялық сипаттарын анықтау және белгілеу негізінен философиялық көзқарастар жүйесіне байланысты болады.
  • 8.Физиология ғылымымен байланысы – бұл тірі организмдердің механикалық, функционалдық және биологиялық қызыметтерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, ол балалар мен жасөспірімдердің денесінің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын қарастырады (адам денесiнде болатын көрiнiстердi баяндайды (қан жүру, дем алу сықылды) (М.Жұмабаев). Демек, оларды білу әрбір педагог үшін балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қажетті буын болып табылады.
  • 8.Гигиена – денсаулық туралы ғылым (саулықты сақтау пәні (М.Жұмабаев). Бұл адам денсаулығы үшін өмір мен еңбектің қандай жағдайлары пайдалы, аурулардан қалай сақтануға, денсаулықты қалай күтуге және өмірді қалай ұзартуға болатынын түсіндіруге көмектеседі.
  • Демек, мектеп гигиенасы оқушының денсаулығын сақтау және оны нығайтуға көмектессе, «тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні педагогқа оны қалай ұйымдастыру әдістемесімен қаруландырады.
  • 9.Анатомия – бұл баланың даму процесiнде жоғары жүйке қызметiнiң негiзгi заңдылықтарын жете түсінуге көмектеседі. Бұл орайда болашақ ұстаз осы заңдылықтарды меңгеру барысында оқушылардың тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
  • Жоғарыда аталған және т.б. ғылым салалары бала тәрбиесінде, оны нәтижелі ұйымдастыруда жетекші факторлар ретінде үлкен қолдауға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет