Ол үшін: - Ол үшін:
- 1)болашақ кәсіби мамандарға тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету;
- 2) тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу, соған сәйкес оқушыларға тәрбие беру саласындағы білімдерін кеңейту және біліктіліктерін қалыптастыру.
- 3) оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы педагогикалық талаптарды ескере отыра, оларды тәрбие процесін басқару өнерімен қаруландыру қажет.
- Бұл, әрине өте күрделі өнер. Оны педагогикалық тәжірибеге ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру теориясы мен әдістемесі жөніндегі терең де жан-жақты білімдер жүйесіне сүйене отырып меңгеруге болады.
- «Пән» (предмет) – сол ақиқаттың мәнін анықтайтын негізгі буын. «Мән заттың табиғатын анықтайды». Сондықтан «тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні – мектептің біртұтас педагогикалық процесінде оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.
- «Нысана» (объект) – белгілі бір ғылымда зерттеліп отырған ақиқаттың саласы.
- Оның нысаны болып мектептің біртұтас педагогикалық процесіндегі тәрбие жұмысы.
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің негізгі ұғымдары - Қандай да бір ғылыми пәндер секілді, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні белгілі бір ғылыми аппаратқа (ұғымдарға) арқа сүйейді. Ол негізінен 3 түрлі категорияға бөлінеді.
- 1) жалпы ғылыми ұғымдар, олар басқа ғылыми пәндерден келген. Мәселен:
- - философия: жалпы мен жалқы, мән мен құбылыс, қарама-қайшылық, себеп пен салдар, мүмкіндік пен ақиқат, сан мен сапа, форма мен мазмұн, байланыс;
- - психология: зейін, түйсік, ес, қабілет, қарым-қатынас, іс-әрекет, темперамент, нышан, тұқымқуалаушылық және т.б.;
- - кибернетика – кері байланыс, динамикалық жүйе;
- -әлеуметтану – әлеуметтену, орта, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұжым, қоғамдық пікір және т.б.;
- 2) жалпы педагогикалық ұғымдар: педагогика, білім беру, тәрбиелеу, оқыту, біртұтас педагогикалық процесс, педагогикалық әрекет;
- 3) арнаулы ұғымдар: тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесі, тәрбие шарасы, ұжымдық шығармашылық іс, педагогикалық өзара әрекет, тәрбие әдістері, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелік жағдаят, тәрбиелік ықпал және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |