Тәрбие негізі – ҚҰндылық


«Ұят болады» концепциясы тәрбиенің қай бағыттарын қамтиды?



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

«Ұят болады» концепциясы тәрбиенің қай бағыттарын қамтиды? 
Қазіргі педагогикалық практика балаға тек әдеп сақтаудың
адамдармен қарым-қатынас жасаудың сыртқы формаларын игертумен 
ғана шектеліп отыр. Бұл жасөспірімнің моральдық санасы мен мінез-
құлқының арасындағы алшақтыққа әкеледі. Бұл алшақтық жас 
жеткіншектің жеке басының адамгершілік қасиеті қалыптасуының негізгі 
факторына айналған кезде күшейе түседі.
Осы алшақтықты жоюда адамның ішкі мәдениетінің, адами 
қасиеттері мен рухани құндылықтарының өлшемі болып табылатын ар-
ұждан тәрбиесінің алатын орны зор. Ар – адамның ішкі дүниесі, жан 
әлеміне қазық болатын рухани субстанция, іс-әрекетінің төрешісі. Қазақ 
философиясында ар, ұят, ынсап, ұждан мәселелерін анықтап, мораль 
философиясын байрақ еткен ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының:
Еңбекпенен, өрнекпенен, 
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір,
Ар ілімі оқылса, – деген арманының жүзеге асатын шағы 
туды. 
Бастауыш сынып оқушысы ар-ұждан тазалығын «Ұят болады» 
концепциясының аясында меңгереді. Тәрбие бағытының қай-қайсы 
болмасын үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілген кезде ғана нәтиже 
береді.
«Ұят болады» концепциясы арқылы әдеп, қарым-қатынас мәдениеті, 
тәрбиенің барлық бағыттары жүзеге асырылады. Баланы қандай да бір 
орынсыз, ерсі мінез-қылық көрсету, дұрыс емес әрекет жасау, қате 
шешім қабылдау сияқты түрлі жағдайлардан сақтандыру көзделеді.
«Берген уәдеңде тұрмасаң, ұят болады», «қарт адамның алдын 
кесіп өтпе, ұят болады», «біреудің затын сұраусыз алма, ұят болады», 
«қатты күлме, ұят болады», «өтірік айтпа, ұят болады» деген сөздер 
арқылы ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің негізі қаланады.


29 
«Обал болады» концепциясын тәрбиенің қай бағытында 
қолданамыз? 
Жалпыадамзаттық мәдениеттің тарихи 
прогресі қоғамдағы қатынастарды ізгілендіру 
деңгейімен, адамның адамгершілік қасиеттерінің 
қалыптасуымен 
бағаланады. 
Қоғамның 
деморализациясы мен адамгершілікке жатпайтын 
әрекеттері жас ұрпаққа мораль мен әдеп 
нормаларын сіңіру мәселесін өзектендіре түседі.
Обал – ізгіліктің өлшемі, соның көрінісі. 
Ізгілік – тек жеке адамға немесе бір ғана ұлтқа ғана 
қатысты емес, ол жалпыадамзатқа тəн құндылық. 
Бала тәрбиесінде ұлттық дүниетаным мен салт-дәстүрге сүйене отырып, 
ізгілікке баулудың маңызы ерекше. Тек ұлттық рухани мұраларымыз 
негізінде ұлт жанашырын сомдай аламыз.
Қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеуде қолданатын «обал 
болады» концепциясы – ерекше ұғым. Алдыңғы буын өкілдері өскелең 
ұрпақ санасына мейірімділік қасиетін осы ұғым арқылы сіңіріп отырған.
Баланы ізгілікке тәрбиелеуде бұл концепцияның атқаратын рөлі 
ерекше. Қайырымдылық, мейірімділік құндылықтарын бала бойына 
дарытуда және жанашырлық, аяныш сезімдерін оятуда «Обал болады» 
сөзінің әсері ерекше болмақ. Халқымыз «Обал болады» концепциясын 
жанды және жансыз табиғатқа қатысты қолданған. Бұл балаға 
адамгершілік әрі экологиялық тәрбие (кең мағынада: ой тазалығы, 
табиғатты қорғау және т.б.) беруде таптырмас құрал болып табылады. 
Мәселен, жан-жануарларға қатысты тыйым сөздер «құмырсқаны 
өлтірме, обал болады», «құсты азаптама, обал болады», затқа қатысты 
«нан қоқымын жерге тастама, обал болады», «ағаш бұтасын сындырма, 
обал болады» немесе адамға қатысты «адамға қиянат жасама, обал 
болады» деп жамандық жасауға жол бермей, алдын ала ескертіп, тоқтау 
салған. «Обал боладының» не екенін біліп өскен бала қоршаған ортаға 
зиян 
келтірмеуге, 
жамандық 
жасамауға, 
жан-жануарларды 
жәбірлемеуге, жансыз нәрселерді бүлдірмеуге тырысады. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет