23
сенімділікті дарытуға, пайымдап үйреніп, түрлі ой түюге, бойында
табандылық пен ерік-жігерді тәрбиелеуге ықпал етеді. Математиканы
оқыту үдерісі оқушының танымдық дағдыларын жетілдіріп қоймай,
сонымен қатар саналы және жағымды мінез-құлқын да дамытуға әсер
етеді. Оқушы өзін қоршаған ортаны математика
тұрғысынан зерттеп
тануға мүмкіндік алады. Оның жасына лайықты, дүниетанымына сай
контент ұсыну аса маңызды. Осы тұста Ж. Аймауытовтың:
а) материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін;
с) жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе
қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін;
ж) жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры,
мағлұматы салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен
басталсын, – деген тәрбие мен білім берудегі талабы еске түседі [4, 33-
б.].
Математикалық тапсырмалар баланың күнделікті
өмірімен
байланысты берілген жағдайда затты (құбылысты) көз алдына елестету,
талдау, шешу жолын табу да оңай болмақ. Нәтижесінде оқушының
математика пәніне деген оң көзқарасы мен жағымды эмоциясы
туындайды. Есепті шешу үшін бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып,
оқушылардың өзара ақпарат алмасуына, тәжірибесі және білімімен
бөлісуіне, бір-бірінің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келуіне итермелейтін
оқу
жағдаяттарын құрастыру, әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды. Есепті
бірге талдау, шешу жолдарын талқылау арқылы шағын топта, жұпта
қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады. Оқушылар өзара қолдау
көрсетуге, білмегенін бір-біріне түсіндіруге ынталанады.
Құндылықтарды дарыту математика пәнінің міндеттерінде белгіленді: