26
Тәрбие жұмысын
ұлттық дүниетаным тұрғысынан
ұйымдастырудың маңыздылығы
«Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай
түрде
иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген
күйiнде қалмақ», – деп Мағжан Жұмабаев
айтқандай, 6-9
жас аралығындағы бастауыш
сынып баласы тәрбиеге өте икемді болады.
Дәл осы кезеңде үздіксіз және жүйелі түрде
жүргізілген ұлттық рухани құндылықтар мен
ұлттық дүниетанымға негізделген бала
тәрбиесінің іргетасы берік, ғұмыры ұзақ болады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өзара сабақтасқан «Ұят болады»,
«Обал болады», «Жаман болады» деген үш концепциядан құралады.
Халқымыздың рухани-адамгершілік
іс-әрекеттерге, таным-түсініктерге,
мінез-құлық пен әдет-ғұрыптарға т.б. қатысты толып жатқан наным-
сенім тыйымдары,
айналып келгенде, «ұят болады», «обал болады»,
«жаман болады» деген қазақы моральдің үштағаны арқылы
қарастырылады. Әсіресе, бастауыш сыныптарда осы концепциялар
негізінде баланың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың маңызы зор.
Бұл концепциялардың негізінде мынадай принциптер жатыр:
1.
«Ұят болады» – ар тазалығы;
2.
«Обал болады» – ниет тазалығы;
3.
«Жаман болады» – іс-әрекет тазалығы.
Тәрбиенің заманауи принциптері (табиғи
болмысына сәйкестілігі,
мәдени сәйкестілігі, қарым-қатынас ізгілігі, өзін-өзі реттеу және т.б.)
ұлттық тәрбиенің осы концепцияларымен сабақтасып жатыр. Ашып
айтсақ, осы үш концепцияның аясында тәрбиенің барлық принциптері
мен бағыттарын қамтуға болады.