Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 
Тәжірибе. Ата-анаңа хабарлама жаз. Хабарламада қауіпсіздік 
ережесін сақтағаның, бауырыңа қамқорлық көрсеткенің туралы жазуды 
ұмытпа. Сөздердің қатесіз жазылуын қадағала. Жазған хабарламаны 
тексер.
Қосымша тапсырма. Алғашқы екі сөйлемдегі дауысты дыбыстардың 
астын сыз. 
Өзін-өзі немесе өзара тексеру. Жұмысты алдымен өзі тексереді,
содан кейін жұбына беріп, бір-бірін тексереді.
Рефлексия
Қысқы мезгілдегі ойын туралы осыған дейін... ойлайтын едім, енді ... 
Ойнағанда бауырыңа, достарыңа көмек беру өте маңызды. Себебі ... 


54 
Жоба тақырыбы: АС АТАСЫ – НАН 
Жоба мерзімі: 1 апта.
Мақсаты: 
- нанның ересек адамдардың еңбегі арқылы келетінін түсіну, 
«обал» және «сауап» ұғымдарын ажыратуға, нанды қастерлеуге, 
үлкендердің еңбегін сыйлауға баулу.
Жоба міндеттері:
- нанның дастарқанға келуі үшін еңбек ететін мамандық 
иелерімен танысу;
- сюжетті сурет бойынша нанның дастарқанға келуі туралы шағын 
әңгіме құрау; 
- нанды қастерлеу туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің 
мағынасын түсіну; 
- қазақ халқының нан пісіру тәсілдерін зерттеу;
- нанды ысырапсыз пайдалану, «обал» ұғымын түсіну, нан қоқымын 
шашпау, «сауап» болатын әрекет жасауға баулу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, бейнелеу өнері, көркем 
еңбек, музыка. 
 
1-кезеңақпарат алу және таныстыру
«Ана тілі» және «Дүниетану» сабақтарында тұтас емес мәтіннен 
ақпарат алу және таныстыру дағдысын, сыни ойлауын дамыту 
мақсатында сызба-суреттер ұсынылады. Мысалы, жұмбақ шешу. 
Өсірер тың дала, 
Көшірер қамбаға. 
Айналар ұнға да, 
Айналар нанға да. (бидай) 
Асты тас, үсті тас, 
Ортасында піскен ас. (таба нан) 
Сызбаға назар аудар. Бидай, ұн және нанның арасында қандай 
байланыс бар?


55 
Осы сұраққа толық жауап беру үшін суреттен ақпарат алу және 
түсіндіру тапсырмасын ұсынуға болады.
Бұл тапсырма оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру, сөздік 
қорын толықтыру және байланыстырып сөйлеу дағдысын дамытумен 
қатар нанның дастарқанға келуіне қанша адамның еңбек ететінін түсініп, 
әрбірінің еңбегінің маңызын ұғынады, үлкендердің еңбегін сыйлауға 
тәрбиелейді. Сурет негізінде астық егуден бастап, нан наубайханадан 
пісіп шыққанша қанша мамандық иелері еңбек ететінін ретімен 
әңгімелеп, танымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сурет мазмұны бойынша ақпарат алып, өзіндік интерпретация 
жасайды.


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет