Тәрбие процесінің барлық субъектілерінің қадір-қасиетін құрметтеу


Аға куратор және топ кураторының жауапкершілігі



бет5/5
Дата18.11.2022
өлшемі31.34 Kb.
#465144
1   2   3   4   5
aғa-kurator-men-top-kuratorlary-erezhesi

11. Аға куратор және топ кураторының жауапкершілігі
11.1. ҚР Еңбек кодексі және осы ережеде қарастырылған өзіне қатысты қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағанына жауап беруге.
11.2. ҚР әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдары аясында қарастырылған өз қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне жауап беруге.
11.3. ҚР Еңбек кодексі және азаматтық заңнамасы аясында анықталған материалдық зиян келтірген жағдайға жауап беруге.


12. Топ кураторының жұмыс жоспарын ұйымдастыру
12.1. Университеттің тәрбие жұмысының бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Бұл жоспарға аға куратордың, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарларының келісімімен іс-шаралар, тәрбие ісінің негізгі бағыттары бойынша жалпы университеттік әдістемелік семинарлар; шеберлік-кластар, тақырыптық-тәрбиелік сабақтарына сәйкес (қосымша1) жұмыс жоспарын ұйымдастырады.
12.2. Шараның өткізлуін аға кураторлар қадағалайды.
12.2. Өткізілген шаралар тізімін әлеуметтік желілерге жариялап, орындалғаны жөніндегі ақпаратты қосымшада көрсетілген кестеге сәйкес есебін береді.


13. Кураторлық сағаттарды ұйымдастыру
13.1. Кураторлық сағаттарды көрсетілген бағыттар бойынша Ф УЕ 112-08-2022 формасына сәйкес жүргізу керек:
- Студенттерді кітапхана, мұражай, оқу ғимараттарындағы, жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерімен, UNION жұмыстарының талап-міндеттерімен, академиялық ұтқырлық ережелерімен таныстыру;
- Спорттық және шығармалық үйірмелер туралы ақпарат беру, жазылу мәселелері;
- Студенттік клубтар туралы ақпарат беру;
- Арнайы мамандармен кездесу;
- Психолог мамандармен кездесу;
- Табиғат аясына экскурсияға шығу;
- Жағымсыз жайттардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- Нашақорлыққа қарсы;
- СПИД, Вакцина т.б. мәселелері бойынша дәрігерлермен кездесу;
- Құқық қорғау органдары мамандарымен кездесу;
- Маңғыстау облысы дін істер басқармасы мамандарымен кездесу.
13.2. Кураторлық сағаттар мен іс-шаралар жоспарын алдын-ала тапсыру;
13.3 Өткізілген шаралар тізімін әлеуметтік желілерге жариялап, орындалғаны жөніндегі ақпаратты көрсетілген кестеге сәйкес есебін береді.
Сондай-ақ, талқылауға арналған тақырыптар:
- ішкі тәртіп ережелерін сақтау ;
- күнделікті мәселелер шешу;
- ағымдағы және аралық аттестаттаудың қорытындыларын талдау;
- қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін талқылау (өз құқықтарын білу және қорғау, қазіргі жастар үшін отбасының құндылығы, репродуктивті денсаулық);
- ұжымдық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа және студенттердің бір-біріне деген сенімін дамытуға арналған іскерлік ойындар өткізу;
- студенттердің өзіндік жұмысын ұтымды ұйымдастыру (кеңес алуға қатысу, оқулықпен және конспектімен жұмыс, практикалық және зертханалық сабақтарға, бақылау жұмыстарына, сессияларға дайындық;
- жағымсыз құбылыстардың алдын алу, учаскелік инспектормен кездесу;
- қазіргі қоғамдағы студент жастардың салауатты өмір салты, нашақорлықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу;
- қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу;
- университеттің академиялық адалдық саясаты;
- университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.
Әлеуметтік қолдау көрсету және жастардың
дамыту басқармасының басшысы М. Бағдатұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет