Тәрбие процесінің барлық субъектілерінің қадір-қасиетін құрметтеу


Аға куратордың және куратордың міндеттері



бет3/5
Дата18.11.2022
өлшемі31.34 Kb.
#465144
1   2   3   4   5
aғa-kurator-men-top-kuratorlary-erezhesi

5. Аға куратордың және куратордың міндеттері

6.1. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары белгілеген мерзімде университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес семестрге аға куратордың жұмыс жоспарын ұсыну.


6.2. Өз жұмыс жоспарына сәйкес жұмысты жүзеге асыру.
6.3. Университет кеңестеріне, коммиссиялық отырыстарға қатысу.
6.4. Студенттердің оқуға деген саналы көзқарасын, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
6.5. Кураторлармен байланыса отырып, студенттердің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және олардың отбасы мүшелерімен, оқытушылармен, жатақхана тәрбиешілерімен тұрақты байланыста болу.
6.6. Студенттермен, кураторлармен және оқытушылармен жанжалдар туындаған кезде студенттер мен кураторларға көмек көрсету.
6.7. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын ұйымдастыру және көмек көрсету, студенттерді мақалалар жазуға, жобаларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысуға, әртүрлі бағыттағы үйірмелер мен секциялардағы сабақтарға және т. б. тарту.
6.8. Студенттерді әскери-патриоттық, спорттық, адамгершілік, экологиялық, мәдени-бұқаралық бағыттағы және сабақтан тыс іс-шараларға және басқа да іс-шараларға қатысуға тарту.
6.9. Кураторлар мен студенттердің университет жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылау.
6.10. Кураторлардың жұмысын және олардың жұмыс жоспарының орындалуын бақылау.
6.11. Кураторлардың белгіленген құжаттамаларды жүргізуін қадағалау
6.12. Студенттердің аралық бақылау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз бағаларды пысықтауын бақылау.
6.13. Белгіленген құжаттаманы уақтылы және сапалы рәсімдеу:
-академиялық және басқа да шәкіртақы бойынша құжаттарды дайындау;
- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия үшін құжаттарды дайындау;
6.14. Аға кураторлар кафедра есептерін бекітілген формаларға сәйкес семестірдің соңына дейін факультет вице-деканына тапсыруы тиіс, сондай-ақ кафедралардың есептерін вице-декан жинақтап, факультет декан бекітіп ӘҚКЖДБ тапсырады;
- Кафедра бойынша кураторлар тізімін Ф УЕ 112-01-2022 формасына сәйкес аға куратор жасақтап, кафедра меңгерушісімен қол қойып факультет вице-деканына тапсыруы тиіс.
- Тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-деканы Ф УЕ 112-02-2022 формасына сәйкес факультет деканымен бекітіп, Әлуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасына тапсырады. ӘҚКЖДБ бөлімі Ф УЕ 112-02-2022 формасына сәйкес СІҚБЖ вице-президентімен бекітуі тиіс.
- Кафедра бойынша топ старосталардың тізімін Ф УЕ 112-03-2022 формаға сәйкес кафедра меңгерушілері аға кураторлардан жинақтап тәрбие іс жөніндегі вийе-деканына тапсырады.
- Тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-деканы Ф УЕ 112-04-2022 формасына сәйкес факультет деканымен бекітіп, Әлуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасына тапсырады. ӘҚКЖДБ бөлімі Ф УЕ 112-04-2022 формасына сәйкес СІҚБЖ вице-президентімен бекітуі тиіс.
- Семестірлік және І жырты жылдық кураторлық сағаттарының өткізу кестесін Ф УЕ 112-05-2022 және Ф УЕ 112-07-2022 формаларына сәйкес аға кураторлар жасақтап, кафедра меңгерушісімен келісе отырып, факультет тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-деканы тапсырады.
- Тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-деканы кафедралардан жинақталған семестірлік және І жырты жылдық кураторлық сағаттарының кестесін факультет деканы мен бекітіп ӘҚКЖДБ бөлімі Ф УЕ 112-06-2022 және Ф УЕ 112-08-2022 формаларына сәйкес СІҚБЖ вице-президентімен бекітуі тиіс.
6.15. Кураторлар әр семестірдің басында топтарындағы студенттердің әр түрлі әлеуметтік жағдайларына байланысты Ф УЕ 112-09-2022 формасын аға кураторларға өткізуі тиіс, аға кураторлар жинақтап, факультет вице-деканына тапсыруы тиіс, вице-декан кафедралардан жинақталған студенттердің әлеуметтік кестесін факультет деканы бекітіп ӘҚКЖДБ тапсыруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет