"Ақсүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.
Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: "Ақсүйекті іздеңдер, кім жылдам табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек.
|
Жаңбырлы күн туралы сөйлесу (немесе бақылау). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Балаларды табиғат құбылыстарын сезіне білуге баулу;бағдарлау қабілетін жетілдіру; ептілікке, достыққа тәрбиелеу
.
Балалардың еркін ойындары.
|
|
Серуеннен оралу
|
Балаларды киімдерін жүйелі түрде шешуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
|
Түскі ас
|
"Ат - адамның қанаты, ас - адамның қуаты" деген мақал-мәтелді балаларға айтқызу; балаларға тамақты кішкене бөліктерге бөліп жеу керектігін айту; тыныш отырып тамақтануды үйрету; тамақ ішер алдында балалар бір-біріне астың дәмді болуын тілеп, тамақтан соң алғыс айтулары.
|
|
Түскі ұйқы
|
Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйретуді жалғастыру.
«Алтын жұмыртқа» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)
|
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау.
(музыка)
|
Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету.
«Үш аю» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)
|
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту.
«Қоянның үйшігі» ертегісін оқып беру. (көркем әдебиет)
|
|
|