Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет5/10
Дата11.10.2023
өлшемі34.03 Kb.
#480432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
казан1

Балалардың еркін ойыны.
Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

Күнді бақылау (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)
Мақсат-міндеттері. Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру, күннің шығуын қадағалауды жалғастыру.
Күнің сәулесі туралы айту.
Тақпақ.
Алақай, алақай!
Күн шықты, күн шықты,
Жер үстіне нұр шықты!
"Көк ту" ойыны.
Мақсат-міндеттері. Достыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа баулу.
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта өз тулары болады.
Әр тудың қорғаушысы болады. Ту қорғаушылар тудың қасында тұрады.
Басқа балалар қарсыластарын өз тобына ауыстырулары керек.
Екі топтың ортасынан сызық сызылады да, қарсыластарына қарама-қарсы тұрады. Бір-бірінің қолдарынан ұстап, өз топтарына тартып алуға тырысады.
Сөйтіп қай топ балаларды көп жинай алса, сол топ жеңіске жетеді.
Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады.
Егер де туларын қорғап қалса, ойын жалғаса береді.
"Қағып алмай өт" (кегли) ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды кегли арасымен баяу және ептілекпен өтуге дағдыландыру; көз мөлшерін, тепе-теңдікті, вестибуляр аппаратын дамыту.
Құралдар: кеглилер.
Еңбек әрекеті: алаңдағы ағаштардан түскен құрғақ бұтақтарды жинау.
Мақсат-міндеттері. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Балалардың еркін ойыны.

Суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Судың қасиеттері туралы түсініктерді тиянақтау; табиғи құбылыстарға қызығушылықты арттыру.
Іс-тәжірибеде: құйылатыны, төгілетіні, ыдыста, шалшықта қозғалмай тұратынын анықтау.
Салқын, жылы, ыстықта кеуіп кетеді дегенді айтқызу.
Іс-тәжірибеде судың адамның, өсімдіктердің тіршілігіне ықпалына көңіл аудару.
Гүлзарды суару, таза ас суын ішкізу.
Іс-тәжірибеде суды асфальтқа төгіп, күннің көзінде кебуін бақылату.
Балаларға "кеуіп кетеді" дегенді айтқызу.
Еңбек әрекеті: гүлзарда өскен гүлдерді суару.
Мақсат-міндеттері. Балалардың қарапайым еңбек дағдыларына баулу.
Құралдары: су құйғыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет