Сурет салудан ойын-жаттығу.
"Саябаққа күз келді".
Мақсат-міндеттері. Балаларды қылқалам арқылы ағаштарда өскен және ағаштардан жерге түсіп, жерде жатқан сары жапырақтарды салуды үйрету; күз мезгілі туралы, жапырақтардың сарғайып, түскені жөнінде түсініктерін кеңейту.
"Түрлі-түсті моншақтар" жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Негізгі түстер (көк, қызыл, сары, жасыл) туралы білімдерін нығайту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Түрлі түсті моншақтарды алақанмен домалақтау, ермексаздан үзіп алу, есуді үйрету. (мүсіндеу)
|
Балалармен жеке жұмыс
|
Балалардың еркін ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.
|
"Толқиды теңіз" қимылды ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Балалар ойын алаңында айналып жүріп:
Толқиды теңіз бір,
Толқиды теңіз екі,
Толқиды теңіз үш,
Толқиды теңіз төрт».
Тәрбиеші белгісі бойынша: "Толқын мұз бол!"- дегенде балалар қозғалмай қалу керек.
|
Күнді бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем сөз)
Мақсат-міндеттері. Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру, күннің шығуын қадағалауды жалғастыру. Балалардың еркін ойыны.
|
"Ақсүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.
Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады.
|
Балалардың еркін ойындары.
|
|