Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет4/10
Дата11.10.2023
өлшемі34.03 Kb.
#480432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
казан1

Серуенге дайындық

Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)




Серуен

"Гүлдер мен аралар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды белгі бойынша жұптарға жиналуды және жан-жаққа тарап жүгіруге дағдыландыру.
Құралдар: таратпалы таңбалауыштар (гүлдер мен аралар).
"Допты ұстап ал" ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Ептілікті, реакция жылдамдығын дамыту; доппен ойындарға қызығушылықты арттыру.
Дене тәрбиесі бойынша жеке жұмыстар.
Мақсат-міндеттері. Допты қағып алу және лақтыру жаттығулары.
Балалардың еркін ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларға өз бетінше ойын тақырыбын таңдауды үйрету.

"Толқиды теңіз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)
Мақсат-міндеттері. Балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Балалар ойын алаңында айналып жүріп:
Толқиды теңіз бір,
Толқиды теңіз екі,
Толқиды теңіз үш,
Толқиды теңіз төрт.
Тәрбиеші белгісі бойынша: "Толқын мұз бол!"- дегенде балалар қозғалмай қалу керек.
"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру, көркем сөз)
Мақсат-міндеттері .Балаларды шеңберге тұрып, бойымен жүруге және жүгіруге бейімдеу; вестибуляр аппатарын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ақырын-ақырын итеріп,
Әткеншекті қозғалтамыз.
Жылдам-жылдам жүгіріп,
Шеңберді айналдырамыз.
Д. Ахметова.
Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет