Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет5/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Дəлдік туралы. Термин арқылы ғылыми ұғым білдіріледі. 
Ондай жағдайда термин ғылыми-зерттеу жұмыстарының
ізденістердің негізгі құралына айналады.
Ғылыми ой-пікір қашанда өзінің анықтығымен, дəлді-
гімен, нақтылығымен ерекшеленуге тиіс. Термин дəл болсын 
дейтін талап осы негізде пайда болған. Сонда осы дəлдікті 
кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда (Гасымов М.Ш.) 
қамтамасыз ететін үш түрлі фактор бар сияқты: 
1) термин білдіруге тиісті ұғым белгілерін дəл іріктеп алу;
2) термин жасау кезінде пайдаланылатын оның компо-
ненттері мен элементтерін дұрыс саралау;
3) термин жасау барысында осы аталған элементтердің 
органикалық бірлігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Қысқалық туралы. Термин қысқа болсын дейтін та-
лап əншейін айтыла салған сөз емес. Оның негізінде на-
зар аудармауға болмайтын себеп бар. Əсіресе, ғылым мен 
техниканың ерекше қарқынды даму жолына түскен қазіргі 
кезде ақпарат жиілігі барған сайын үстемелене түсуде. 
Оның игерілуі едəуір қиындыққа айналып отырған осын-
6
Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. 
Алматы, 1966.
7
Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977. 2-том.


17
дай жағдайда айтылатын ұғымның, мəліметке тірек бо-
латын термин сөздердің барынша қысқа, тұжырымды 
келуінің практикалық мəні айрықша болып отыр. Ал авто-
маттандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (автоматическая 
информационно-поисковая система) қолданысқа ендірілген 
кезеңде осыған лайықталған мəтіндердің қысқалығы қажет-
ақ. Мұның үстіне көңілге жатталып, есте сақталуы үшін де, 
сондай-ақ есептеу машинасына берілетін мəтінді бастыруға 
кететін уақытты үнемдеу үшін де оның маңызы зор.
Қысқа əрі ыңғайлы термин жасау үшін түркологияда 
мынадай əдістер қолданылып жүргенін байқаймыз: термин 
құрауға қатыстырылатын кейбір элементтерді қысқартуға 
болады; термин құрамының қайсыбірін басқа элементтер-
мен алмастыруға болады; термин құрамындағы жеке сөз-
дерді қосымшалармен алмастыруға болады; бір синтаксис-
тік құрылымды екіншісімен ауыстыруға болады; кейбір 
бөліктері мен элементтерін қысқартуға болады; аббревиату-
ра көмегін пайдалануға болады
8
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет