Тәттімбет ауылдық округінің әкімі С. Саркеновтың 2014 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі66.46 Kb.
#8831
Тәттімбет ауылдық округінің әкімі С.Саркеновтың 2014 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі


«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Приздентінің 2013жылғы 15 тамыздағы №615

Жарлығына

сәйкес Тәттімбет ауылдық округінің әкімі С.Саркеновтың халық алдында есеп беру кездесу жиынында оқылатын баяндамасы
Құрметті ауылдастар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасынан» туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда осы есептік кезеңде Тәттімбет ауылдық округі әкімдігінде атқарылған жұмыстарға тоқталмақпын.

Тәттімбет ауылдық округінің ауыл шаруашылық жер көлемі 143652 га жерді қамтиды.

Бүгінгі таңда округтегі екі елді мекен және 20 қыстақта статистикалық мәліметтер бойынша 642 адам тұрады, оның 355-і экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. 2014 жылы 11 сәби дүниеге келді. Сондай-ақ ауылымызға өзге аудандар мен облыстардан 2 отбасы көшіп келді. Жаңа жұмыс орындарына бірінші кезекте аз қамтылған отбасы мүшелері жұмысқа алынды. 2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек, 7 отбасына балалар жәрдемақысы төленеді. 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға ауыл тұрғындарының мал сатып алып өсіруге ауыл адамдарына қол үшін беріп отырған « Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 1 отбасы 3 млн қаржы алып, мал сатып алды.



Ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс өмірлік мәселе екендігі белгілі, сондықтан да Үкімет қабылдаған Тұрақтандыру бағдарламасына да айрықша көңіл бөлінген.

Біздің ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Округтегі мал басы жыл сайын артып келеді, округ бойынша:


ірі қара 4107 басқа, қой-ешкі 12372 басқа, жылқы 1317 басқа жетті. Осы малға 8340 тонна жем-шөп дайындалып алынды.

Ауыл шаруашылығын дамыту саласында 18 шаруа қожалығы

жұмыс жасап отыр. Ірі қараның – 42 %, қой-ешкінің – 38 %, жылқының -50 % шаруа қожалықтарының иелігінде. 2013 жылы жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылып, 3 шаруа қожалығы өз жерлерін ұлғайтты.

Шаруа қожалықтарының басшылары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы іске асып жатқанын, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беру мен субсидиялауға қатысты барлық жағдай жасалып отырғанын жете түсініп өздерінің және шаруа қожалығы мүшелерінің малдарын қосалқы шаруашылықтан қожалыққа ауыстырумен қатар ет өнімінің сапасын арттыру мақсатында қолдағы малды асылдандырумен шұғылдануда. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне» сәйкес аудан әкімінің берген тапсырмаларын орындау мақсатында, 9 шаруа қожалығы ірі қараның селекциялық жұмыстарына субсидия алды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «КазАгро Қаржы»-дан «Рауан» шаруа қожалығы, Қарқаралы несие серіктестігінен «Өнер», «Ауыл» шаруа қожалықтары төменгі пайызды несие алып мал басын көбейтіп, асылдандыру жұмыстарын жалғастыруда.

2014 жылы округтегі «Ауыл» - Слямов Е, «Диана» - Ағыбаев Қ, «Майтан» - Исабеков Е, «Уахит» - Такиров С шаруа қожалықтары 8 бас асыл тұқымды бұқа, «Рауан» шаруа қожалығы 50 бас құнажын сатып алды. Бүгінгі күні округте 10 шаруа қожалығы ірі қара малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда.

2013 жылы «Бапалак», «Береке», «Қанат» шаруа қожалықтары лизинг арқылы 3 МТЗ- тракторын алса, 2014 жылы «Рауан», «Уахит», «Өнер» шаруа қожалықтары 2- МТЗ-82, 1 - МТЗ-92 тракторларын 50 % жеңілдікпен алды.

Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында өтетін «Ауыл-Береке»

жәрмеңкесіне жылда жақсы дайындықпен қатысып жүр.

Қолда бар малдарға мал дәрігерлік, аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. 2014 жылы ірі қара -1600 бас, қой-ешкі-4800 бас, жылқы 380 бас бірдейленіп, 285720 тенге атрибут төленді. Бұл салада 2 Ветстанция дәрігері 2 ветсанитар еңбек етуде. Округте эпизотиялық ахуал тұрақты.

Округтегі 1 орта мектеп, 1 отбасылық емхана, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, тойхана, пошта, 3 арналы телестанция ауыл халқына қалыпты қызмет көрсетуде.

№ 32 орта мектепте 2014-2015 оқу жылында 102 оқушы білім алуда.Былтырғы жылға қарағанда бала саны 3 оқушыға артып отыр. Біріңғай ұлттық тестілеу қорытындысымен 80 балл алып, аудан бойынша 8 орын иелендік. Қажетті 370 тонна көмір түсірілді. Оқушыларға 30 мұғалім білім мен тәрбие береді. Биыл 4 жас маман келді. Мектеп мұғалім кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Арнаулы жабдықтармен қамтамасыз етілген шағын орталықта 36 бүлдіршін тәрбиеленуде, биыл жаңадан жиһаздар әкелінді. Мектеп алды даярлық тобында 8 бала оқиды. Оқушылардың сапалы білім алуына қажетті 27 компьютер бар.1 информатика, 16 оқушыға арналған мултимедия және кейінгі үлгімен жабдықталған физика кабинеті жұмыс жасайды. Білім беруде 2 интерактивті тақта пайдаланылады. 1 компьютерге 3,5 оқушыдан келеді. Мектептегі асханада аз қамтылған отбасының 4 баласы тегін тамақтанады.

Жаз айларында аудандық білім беру бөлімінің көмегімен мектеп жанынан сауықтыру лагері ұйымдастырылып - 20 оқушы, «Қарқаралы» сауықтыру лагерінде - 5 оқушы демалды. Биылғы жылы орта мектепке 120 мың тенгеге электрогенератор әкелінді.

Ауыл халқының денсаулығы үнемі назарда. Емхана

мамандармен толық қамтылған. Лабаротория, 6 кабинет, 5 орындық күндізгі стационар ауыл халқына қызмет көрсетуде. Жүрек, асқазан ауруларына тегін дәрілер берілді. Жалпы 776563,85 тенгенің дәрісі алынды. Күндізгі емдеу бөлімінд 230 адам ем қабылдады. Флюрографиялық байқаудан 632 адам өтті. 254 бала скринингтік тексерістен өтті. Биылғы жылы 50 тонна көмір түсті, жедел жәрдем автокөлігі жүріп тұр.

Халық денсаулығы таза ауыз суға тікелей байланысты. “Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету” жобасы бойынша 2010 жылы ауылымызға су құбыры тартылып жұмыс жасап тұр. Келешекте қалыпты жұмыс жасау үшін су құбырлары мен су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінсе деген тілегіміз бар.

Биылғы жылы аймақты дамыту бағдарламасымен бөлінген 647 мың тенге қаржыға балалардың ойын алаңы салынып пайдалануға берілді.

Елді елге танытатын халықтың мәдениеті екені белгілі.



Ауылдағы мәдениет ошағы клуб үйі ауылдың көпшілік жиналатын орны, онда “Халық театрының” қатысуымен жыл бойы түрлі мерекелік шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Шаруа қожалықтары, қыстақ иелері мен жеке кәсіпкерлер ауылда өткізілетін мәдени көпшілік шараларға демеушілік көрсетіп тұрады.

Клуб үйінде орналасқан 22500 дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Жыл бойы 250-300 экземпляр жаңа кітап қорымен толықтырылып оқырмандарға насихатталуда.

Қарқаралы қаласының 190 жылдығына орай әр-түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Қасиетті мекенім – Қарқаралы» атты энциклопедия шығарды. 550 оқырманы бар кітапханада балаларға арналған әр саладағы танымдық энциклопедиялармен толықтырылды.

Әкімшілік ғимаратында орналасқан почта байланыс бөлімшесі жұмыс жасайды. 2015 жылға 378 дана мерзімдік басылымдарға жазылып, жоспарды толығымен орындады.

Округ орталығы электр қуатын үзбеліксіз пайдаланып отыр. Едірей ауылына тартылған электр желісі біздің округтың Сарыөлең, Майтан қыстақтары осы желіге жақын орналасқандықтан, өз қаржыларымен 2013 жылы Сарыөлең қыстағы , биыл тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Майтан қыстағы электр желісі 18 жылдан кейін қайта тартылып игілігін көруде.

Округте телефон байланысы Н.Нурмаков округінде орнатылған СДМА станциясы арқылы жұмыс жасайды, алайда телефон байланысының нашарлығы, жиі істен шығуы ауыл тұрғындарының ренішін туғызуда.Сондықтан округ орталығын, жақын қыстақтарды телефон байланысымен қамтамасыз ету үшін СДМА станциясын өзімізге жеке құру керек.

Округтегі моральдық-психологиялық ахуал қалыпты жағдайда. Халық арасында қоғамдық ұйымдар, ардагерлер және әйелдер кеңестері түрлі мерекелерді, басқада мәдени көпшілік шараларын өткізуде, ағымдағы жұмыстармен жастардың тәрбие мәселесі жөнінде әкімдікпен бірігіп жұмыс істеп келеді.

Ауылымызда қоғамдық тәртіптің сақталысын қадағалайтын учаскелік инспектор күнделікті және мерекелік күндері кезекшілермен қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстайды. Әкімдікпен бірігіп қыстақтар араланып шаруа қожалықтарының басшыларынан, жекелеме қыстақ иелерінен сырттан әкелінген құжаттары жоқ адамдарды уақытында тіркеуге қою туралы жазбаша түрде қолхат алып орындалысы қадағаланып отырылады.

Ауыл жастарымен және мектеп оқушыларымен қылмыстың алдын-алу жөнінен профилактикалық жиындар өткізіліп тұрады.



Алдағы уақытта шешімін табатын істер:

  1. Шілдебай ауылының ауыз су мәселесін шешу үшін «Кіші елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» бағдарламасына енгізілсе.

  2. Емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу.

  3. Ауылдағы телефон байланысын жақсарту үшін СДМА станциясын өзімізге орнатып, интернетке қосу.

Келешекте Тәттімбет ауылдық округінің әкімдігі Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдап, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып ауылда нақтылы істерді қолға алудың арқасында Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін ел болып бірігіп жүзеге асырамыз деп сендіремін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет