Тәуелсіз қазақстандағЫ Қандастар: миграциялық Үдерістер барысы (1991-2020ЖЖ)



бет13/14
Дата16.11.2023
өлшемі0.51 Mb.
#483450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАР МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР БАРЫСЫ (1991-2020ЖЖ)

ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміз үшін маңызды мәсе­ле – демографиялық ахуал. Тәуел­сіздіктен кейінгі 30 жыл­дан астам уақытта республика хал­қы­ның саны небәрі 12 па­йызға өскен. Нақты деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2020 жыл­ға дейін Ресейден басқа ТМД мем­лекеттерінің халық са­ны 21,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті. Ал көршіміз Қытай елінде 21,8% немесе 350 млн-ға өскен. Бұл өсім Қазақстан халқының саны­нан 20 есе жоғары. Біздің ел үшін басты теріс фактордың бірі – елден көшіп кету.


Қазақстан­нан басқа елге тұрақты тұруға кету­шілердің ішінде 43,8%-ын 15-тен 34 жасқа дейінгі жас­тар құрайды, бұл еңбек ресурстары­ның тұрақты азаюын сипаттайды. Халық саны­ның өсуін қамтамасыз ету таби­ғи өсімді арттыру және көші-қон ар­­қылы жүзеге асырылатынын ес­керсек, мүмкіндіктерді бір­жақ­ты қарауға болмайтыны айқын.
Біріншіден, шеттегі 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы арасында қаншама білікті мамандар бар. Ел экономикасын дамытудың негізгі факторы белсенді халық, ол өндіруші және тұтынушы.
Екіншіден, шағын және орта бизнесті дамыту үшін оның ІЖӨ үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу көзделген. Бұл да қандастардың келуін ынталандыратын және экономиканың дамуына тікелей оң әсер беретін жағдай.
Үшіншіден, ауыл­дың әлеуетін толық ашу мәселесі стратегиялық тұрғыдан маңызды болып қала береді. Қандастардың барлығы дерлік ауылдық мекендерге орналасып жатқанын ескерсек, бос қалған қаншама ауылдарды дамытуға мүмкіндік бар.
Төртіншіден, солтүстік ай­мақ­тардағы ауылдарда мұғалім, дәрігер және ауыл шаруа­шы­лығы саласының мамандары жетіспейді. Осы тұрғыда шетел­дердегі қандастар арасында білік­ті маман, тәжірибелі азамат­тар қаншама. Қазір урбани­зация­лық үрдіс жалғасуда. Бұл ауыл мен қала дамуындағы аталған өзге­шеліктің салдары. Келген қан­дас ауылда орналасып малын өсіріп, егінін салып тіршілігін жақ­сартуды көздейді. Басқасын былай қойғанда осы айтылғандардың өзі көші-қонды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Бұл тұрғыда ел аумағынан басқа мемлекеттерге, әсіресе жас­­тар­­дың қоныс аудару үрдісін рет­­теу қажет болса, екінші жағы­нан шет­тегі қазақтың Отанға ора­луын қамтамасыз ету керек.
Елдің қалыпты дамуы құқықтық базаның деңгейімен, басқару жүйесінің біліктілігімен, білім-ғылым, денсаулық, мем­лекеттік идеологиямен, аумақ­тардағы демографиялық, эконо­микалық жағдайлармен, өндіріс саласының дамуымен тікелей байланысты. Әлемді жайлаған пандемия, экономикалық дағдарыс, шикізат бағасының төмендеуі тығырыққа тіреді. Ең алдымен, ел экономикасын ілгері­летіп, халықтың қалыпты тірші­лігін қамтамасыз ететін құқық­тық тетіктердегі олқы­лық­тар, яғни заңның орын­далмауы, атқарушы билік­тің, басқару жүйесінің халық­тың мұң-мұқтажынан алшақ­тығы айшықтала түсті. Бұл, қабыл­данған заңдардың қарапайым өмірмен ұштаса бермеуі десек, екінші жағынан, қоғам талабына сай кез келген заңдар толықтырылып, өзгертіліп отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет