3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНҒА БАСҚА РЕСПУБЛИКАЛАРДАН КӨШІП-КЕЛУШІЛЕР, СЕБЕПТЕРІ, ДЕҢГЕЙІ МЕН КӨЛЕМІ. ҚАНДАСТАР
3.1 Қазақтардың тарихи Отанға оралу үдерістері
Көші-қон мен демографиялық өсім – Қазақстан үшін ең маңызды мәселелер. Мемлекеттің негізгі саясаты да осы мәселені оңтайлы шешуге бағытталып отыр. Небір алмағайып заман мен қилы күндерді артта қалдырған халқымыз өзінің несібесіне бұйырған байтақ даласын күні бүгінге дейін қорғаумен келеді. Ұланғайыр жерімізге ары қарай да ие болу үшін қазақтың саны артқаны қажет. Халқымыздың саны демографиялық өсім және сырттағы қандастарымызды елге қайтару арқылы жүзеге асатыны белгілі. Ел тәуелсіздігінің арқасында кезінде шекара асқан қандастарымыз Отандарына оралды. Мамандар келтірген дерекке сүйенсек, өзге елдегі қандастарымызды қайтару бойынша Қазақстан Германия мен Израильден кейінгі үшінші орында екен [73, 228].
Соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре берсе, 2020-2030 жылдары қазақтың саны едәуір көбейеді деген болжам бар. Сондай-ақ алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғолиядан 130 мыңға жетерлік қандастар көшіп келген екен [74, 155].
1991-2019 жылдар аралығында оралман мәртебесін 304 839 отбасы немесе 1042589 адам алған [75]. Қазіргі таңда еліміз әр жыл сайын қандастарымызды елге қайтару үшін бөлінетін мемлекеттік квотаның көлемін көбейте түсті. Кез келген шетелден өз еліне көшіп келген азамат белгілі бір қиындықтарға тап болатыны белгілі жағдай. Көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында осы мәселе де қамтылған. Этникалық қазақтар алдымен тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.
Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп түсініледі [55].
КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік алуымен шетелдерге көшіп кетушілермен, жақын елдерден көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн [77, 16].
Халықаралық құқықтық деңгейде көші–қон үрдісін реттейтін құжаттарды атап кеткен жөн: 1951 жылғы «Босқындардың мəртебесі туралы» Конвенция жəне 1967 жылғы оның Хаттамасы, БҰҰ-ның «Еңбек етуші–мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің барлық құқықтарын қорғау туралы» Конвенциясы [78, 99].
Еліміз оралмандарға керекті əлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жəрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға 833 мың теңгеден бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастыратын 14-ке жуық орталықтар қызмет етеді [79].
Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп, олардың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға əсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде республикамыз көші-қон ағымының əсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының ұлттық, өңірлік жəне əлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ. Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мəжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспорттық- визалық режимді нығайту қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін күшейту қажет. Осы аядағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актінің бірі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 шілде 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережесі туралы» № 1063 Қаулысы болып табылады [83].
3.2 Қандастардың жаңа ортаға бейімделуі және әлеуметтік жағдайы, қиындықтары
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев «Алыстағы ағайынға ақ тілек» деген айдармен, тарихи зобалаңдардың зардабынан төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды жер бетіндегі жалғыз ортақ Отанымыз Қазақстанға шақырды [84,8]. Міне соның нәтижесінде 1990 жылдардан бастап әлемнің түпкір-түкпірінен тарихи тағдырмен шет елдергеауа көшкен қазақ диаспорасы тарихи Отанына оралуда. Қазіргі таңда да сол шеттен қоныс аударғысы келетін отандастардың саны көбеймесе азайып отырған жоқ.
Тәуелсіздік жылдарында көші-қон мәселесінің жолға қойылуына байланысты Қазақстан тағдыр тәлкегіменшетелге шашырап кеткен қандастарымызды еліне оралтуға жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта ерекше үдерісті саясатты жүзеге асырды. 1991 жылдан бері бүгінгі есеп бойынша елімізге 1 млн.-ға жуық этникалық қандастарымыз келген. Бұлардың 790 мыңы Көші-қон комитетінің тізіміне еніп, тіркеуден өтіп, оралман мәртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы өз күшімен көшіп келгендер. 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 201 мың 309 оралмандар отбасы немесе 789 мың 339 этникалық қазақтар өмір сүріп жатыр [86,68]. Отанына оралған этникалық қазақтардың барлығы Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған мемлекеттік көмектерге ие болған.
Ал 2012 жылдың маусымында Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстандағы оралмандар, босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалар» жөніндегі сараптамалық есептегі мәліметтерінде: «1991 жылдан 2011 жылдың 1 қазанына дейін тарихи Отанына 221,3 мың отбасы немесе 860,4 мың этникалық қазақ елге оралды. Олардың 127,7 мың отбасы көші-қон квотасы бойынша, 94,2 мыңы өз бетімен квотадан тыс қоныстанған», – деп көрсетеді [87,11]. Бір ғана Ташкент облысы Шыршық қаласы, Ангрен, Ахангаран және Қыбрай аудандарынан, «Түркістан» елді аумағынан қоныс аударып, Оңтүстік Қазақстан аумағына шоғырланған қазақтардың өзі шамамен 300-400 отбасы екендігі болжанған.
Бүгінде елге оралған қандастарымыз Қазақстан халқының шамамен 10 пайызын құрап отыр [76]. Бұл көрсеткіш әрине еліміздің қазіргі таңдағы күрделі демографиялық ахуалына да өң әсерін тигізетіндігі сөзсіз. Сондай-ақ олар ондаған жылдар бойы бөгде ортада отырғаннан кейін сол жергілікті ортаның мәдениет элементтерін сіңдіруі де заңдылық. Бірақ тарихи Отанынан жүздеген, ондаған жылдар бойы сырт жүрсе де, өзінің ұлттық мәдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып атадан балаға мирас етіп, этномәдени мұраларының қалпын бұзбай келе жатқан ұлттық нақыштағы дәстүріміз, өнеріміз қазақ мәдениетінің кейбір ұмыт бола бастаған тұстарын толықтырып, жандандыруда. Сондықтан дәстүрлі мәдениетіміздің жұрнағын таратушы қандастарымыздың ұлттық мұраларының сақталуы мен өзгерісін, тарихи Отанға қоныстану үдерісіндегі жергілікті ортаға бейімделу мәселелерін, олардың еліміздің саяси, әлеуметтік, мәдени дамуындағы ролін зерттеудің маңызы зор. Олай болса, басқа халықтар әлемінде өмір сүрген қазақ диаспорасының ұлттық болмысын, мәдени мұраларын зерттеу арқылы ұлттық идеяны қалыптастырып, қазақ халқының біртұтастығын қамтамасыз ете аламыз.
Миграция және демография агенттігінің мәліметтері бойынша дүниежүзіндегі қазақ ұлтының өкілдері шамамен 13 млн. адамды құрайды. Этникалық қазақтардың үштен бірі әртүрлі жағдайларға байланысты Қазақстан тысқары жерлерде өмір сүріп жатыр. Олардың шамамен 2 миллионы тарихи отанына қайтуға дайын. Қазақстан диаспораларыәлемнің 40 еліндетіркелген. Біздің қандастарымыздың көпшілігі Қытайда – 1,3 млн., Өзбекстанда – 1 млн., Ресейде – шамамен 900 мың адам өмір сүріп жатыр. Тарихи Отанға қоныс аударушылардың ішінде саны жағынан бірінші орында – Өзбекстаннан келген оралмандар болса (60,5%), екінші орында – Монғолияан келгендер (13,3%), үшінші орында – Қытайдан (10,3%), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) және бесінші орында – Ресейденкелген қазақтар құрайды[88].
Қазіргі кезде Қазақстанның барлық өңірлері мен облыстарында оралмандар тұрып жатыр. Олардың басым бөлігі, яғни 121131 Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Бұл көрсеткіш шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26 пайызын құрайды. Екінші орында оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бөліп көрсетуге болады. Мұнда оралмандардың 61737 немесе 13 пайызы тіркелген. Алматы және Жамбыл облыстарында 60770 және 49365 оралман орналасқан. Оралмандар аз көшіп келген аймаққа Батыс Қазақстан, Атырау облыстары және Алматы мен Астана қалалары жатады [89].
Мұндай қоныстандыру жағдайы әр түрлі факторлармен айқындалады. Айта кетсек, квота нақты өңірлік бөлініске бағытталған, сондықтан да ол оралмандардың өмір сүру шекарасын шектейді. 1990 жылдары квота көбінесе Солтүстік Қазақстанға бағытталған болатын. Оралмандардың ең басты өзекті мәселенің бірі жергілікті Қазақстан тұрғындарының оларға деген көзқарасы болып табылады. «Әлеуметтік Технологиялар орталығы» деп аталатын тәуелсіз аналитикалық құрылымның зерттеулері бойынша оралмандарға деген сыни көзқарас төмендегідей (кесте 3.1):
Достарыңызбен бөлісу: |