Тәуелсіз қазақстандағЫ Қандастар: миграциялық Үдерістер барысы (1991-2020ЖЖ)


-1999 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қон үдерістері



бет6/14
Дата16.11.2023
өлшемі0.51 Mb.
#483450
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАР МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР БАРЫСЫ (1991-2020ЖЖ)

1.3 1991-1999 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қон үдерістері

1980 жылдардың аяғы - 1990 жылдардың басында Қазақстан қоғамының ішіндегі ұлтаралық қатынастар сипаты мен этникалық құрылым динамикасы егемендіктің қалыптасу жағдайында өзгеріп жатты.


Қазақстан халқының көп ұлтты сипаты жаңа саяси және экономикалық жүйенің құрылысы жағдайында өзекті мәселе болды. 1990 жылдарды негізгі екі процесс жүзеге асты:
-Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруі;
-Этнос аралық салада негізгі тенденцияларының жүзеге асуы.
1990 жылдарда Қазақстанның этникалық құрамының өзгеруіне славян және еуропалық халықтар басым болған сыртқы көші-қон ықпал етті. Халықтың табиғи өсімінің қарқыны төмендеу кезінде көші-қонның кері кетімі Қазақстанның барлық облыстарына тән құбылыс болды.
Көші-қон процесстері тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыспен байланысты болды.
Статистикалық мәліметтер мен әлеуметтік сұрақнама мәліметтеріне сай, Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі 90 жылдардың басында күрт төмендеді. 1992 жылы өндірістің төмендеуі 1990 жылмен салыстырғанда 14,6 % ке, 1993 жылы 28 %, 1994 жылы 48 %, 1995 жылы 57% құрады [49,28]. Ішкі жалпы өнім 1990 жылы 4081 доллардан 1995 жылы 2271 долларға төмендеді. Нақты еңбекақы 69,9 %, зейнетақы-77,3 %, құрылыстағы инвестиция - 69, 9 % ке төмендеді [49,30].
1990 жылдардағы көші-қон процесстерінің динамикасында екі кезеңді ерекшелеуге болады:
1 кезең. 1991-1995 жылдар. ТМД елдеріне бағытталған жаппай сыртқы көші-қон.
2 кезең. 1995-2001 жылдар. Қазақстан халқының көші-қон белсенділігінің төмендеуі, этнодемографиялық процесстердің тұрақтануы.
Қазақстаннан сыртқы көші-қонның шырқау шегі 1993-1994 жылдарға тән болды. Жалпы көші-қон ағымында орыстардың үлесі 50 пайыз болды (1.1-кесте) [43,71].

Кесте 1.1 Қазақстан халқының сыртқы көші-қон динамикасы



Ұлттар

Келгені

Кеткені

Көші-қон өсімі




1993

1994

1993

1994

1993

1994

Қазақтар

36004

19972

12514

14491

23490

5484

Әзірбайжандар

1148

617

1332

1461

-184

-790

Белорустар

1175

787

5023

7207

-3848

-6420

Немістер

4089

2790

88218

92586

-84123

-89796

Орыстар

46352

31220

170129

283154

-123777

-251934

Татарлар

2944

2143

8273

13122

-5329

-10949

Өзбектер

1407

983

2978

3200

-1571

-2217

Украиндықтар

6698

5474

23278

3699

-16580

-32325

Барлығы

111247

70452

333375

480839

-222101

-410378

1990 жылдардың басында көші-қонның себептері тарихнамадағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстаннан көптеп көшіп кетудің себептері: әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлауы, ауылдан қалаға халықтардың көшіп кетуінің күшеюі, еңбек нарығындағы этнос аралық бәсекенің күшеюі, қазақ халқының табиғи өсімнің төмендеуі болды.


90 жылдарда Қазақстаннан көшіп кетушілердің қатарында Германияға қоныс аударған немістер көп болды. Статистикалық мәліметтерге сай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жақын және алыс шетелдерге көші-қон ағымы негізінен қалалық жерлерде жүзеге асты. Сыртқы көші-қонмен бірге, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыс аралық және облыс ішілік көші-қонда қуатты болды. Әсіресе ауылдан қалаға қоныс аударған қазақ халқының ішкі көші-қон ағымы күшті болды.
1994 жылы алыс шетелдерге көші-қон 14,0 %, жақын шетел мемлекеттеріне 41,9 %, облыс аралық көші-қон-17, 1 %, облыс ішілік көші-қон 27,0 % құрады. Облыс аралық көші-қон барысында халықтың басым көбі Алматы қаласына қоныс аударған [50,15].
Қазақстан халқының саны мен этникалық құрамындағы өзгерістер 1999 жылы жүргізілген Қазақстан Республикасының халық санағында тіркелді. Қазақстандағы халық саны, санақ мәселелеріне сай, 14,9 млн адамды құрады. 1989-1999 жылдары аралығында санақтарда халық санының қысқаруы 800 мың адамды құрады. 1989-1999 жылдарда Қазақстаннан 1,3 млн адам көшіп кеткен. Орыс халқының саны 6,3 млн нан 4,5 млн адамға азайған. Немістер 958 ден 353 адамға немесе 63,1 %, украиндар 896 адамнан 547 адамға, 38,9 % ке азайды [51,6-8].
90 жылдардың аяғында оралмандардың атамекенге қоныс аударуына байланысты қазақ халқының көші-қон сальдосы оң көрініс көрсетті. 1989-1999 жылдардағы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеріс динамикасы төмендегі кестеде (1.2-кесте) келтірілген:

Кесте 1.2. 1989-1999 жылдардағы халық санағы мәліметтері бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы (75,5-15) [43,6-8].








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет