Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 ТАРАУ. ЕГЕМЕНДІК ҚАРСАҢЫ МЕН АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АХУАЛ
1.1 Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы
КСРО 80 жылдардың ортасына қарай терең экономикалық, саяси және әлеуметтiк дағдарыстың ортасында қалды. 1986 жылдағы КСРО еңбек өнiмдiлiгі американдық өнімділіктің үштен бiрін құрады, ауыл шаруашылығында - АҚШ деңгейiнен 15%-ға кем болды. КСРО тауарлар және қызметтердің әр адамға шаққанда тұтынылу көлемі бойынша әлемде 50-60 орында орналасты.
Ресми дерек бойынша, 1989 жылы КСРО-да 41 млн адам өмір сүру табыстары -78 рублейді құрады. Бала өлімі жөнінен КСРО әлемде Маврикия және Барбадоссадан кейінгі 50 орында, өмір сүру ұзақтығы бойынша – 32 орында болды.
1985ж наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы ақпанда оның қолбасшылығымен КОКП ОК-нің кезекті пленумы өтті. Пленумда әлемдегі ең үлкен елдегі ірі саяси, әлеуметтік, экономикалық және діни өзгеріс кезеңін талқылау басталды. Бұл кезең 7 жылға созылды және тарихта бұл « Қайта құру» деген атпен белгілі. Қайта құру тарихы төрт кезеңмен айырмашылық жасайды.
1 кезең – 1985 ж наурызы мен 1987 ж. қаңтары. Бұл кезең «жеделдету» және «көбірек социализм» деген ұранмен өтті.
2 кезең – 1987-1988жж Бұл кезең ұрандары – «көбірек демократия» және «жариялылық».
3 кезең – 1989-1990жж. «Алауыздық және теңселу» кезеңі. Бұл қайта құру кезеңдерінде жікке бөлінушілік байқалды, ашық саяси, ұлттық қарсылық басталды.
4 кезең – 1990-1991жж. Бұл кезең әлемдік социалистік жүйенің құрдымға кетуімен және КПСС-тің саяси банкротқа ұшырауы мен және КСРО-ның құлауымен сипатталды.
Саяси жағдайда КОКП-ның 1986 жылғы XXYII сьезінде социалистік демократияны жетілдіру үндеуімен шектелді. Барлық бастаулардың сәтсіздікке ұшырауы 1987 жылдың басында байқалды.
1987 жылдың қаңтарында КОКП ОК Пленумы өтті, пленум КСРО-ның саяси әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді ретке келтірді, мұны толық құқылы реформа деп те айтуға болады.
Экономикалық реформаның дамуы екі тенденцияны анықтап берді: мемлекеттік кәсіпорындардың өздігінше кеңеюі және экономиканың жеке секторының әрекетінің кеңеюі. 1986 жылы Жеке еңбек қызметі жөнінде заң қабылданды, бұл жеке кәсіпорын қызметінің 30 түрлі өндірістік тауарлар мен қызметтері легализдендірілді [30, 25].
КСРО-да көптеген онжылдықтар нәтижесінде алғаш рет ресми рұқсат етілген «жекеменшік» қалыптасты. Экономикалық өмiрде 1986 жылы жаңалық пайда болды - мемлекеттiк қабылдау. Кәсiпорындар дайын өнiмді қабылдауын тәуелсiз кәсiпорындар, яғни Мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады деп есептелдi. Дегенмен, бұл нәтиже бермеді.
Әлеуметтiк салада бiрнеше науқандарға жол ашылды: мектептердiң жаппай компьютерлендіру, iшiмпаздықпен, маскүнемдiкпен және еңбектiк емес табыстармен күресу науқаны.
1987 жылы мемлекеттік кәсiпорындар туралы заң қабылданды, бұл заң бойынша мемлекеттік кәсiпорындар шаруашылық есепке және өзiн-өзі қаржыландыруға көшті, сонымен қатар әрiптестерімен өз алдына келiсiмшартқа отыруға, ал кейбір ірі кәсіпорындарға сыртқы нарыққа шығуға рұқсат етiлдi. 1988 жылы «КСРО-да кооперация туралы» заң қабылданды. Сонымен, 1989 жылы жердi 50 жыл мерзiмге жалдауға рұқсат етiлдi.
«Капитализмге» мұндай барлық жол берулер, мынадай қағида бойынша жүзеге асты - бiр қадам алға, екi рет артқа адымдау. Жекелер мен кооператорларға үлкен салықтар салынды (65%); кооперативтiк секторды 1991 жылы 5% -дан аспайтын еңбекке жарамды тұрғындар құрады, ауылда жалгерлердiң қолдарында 2% жер және 3% мал болды.
Бұрын тиым салынған шығармалар жарық көре бастады, олардың қатарында Гроссманның, Платонова, Рыбакова, Дудинцева, Приставкина, Гранина, Мандельштам, Галич, Бродский, Солженицин, Некрасова, Оруэла, Кестлер шығармалары. Теледидарда "Он екiншi этаж" , "Көзқарас" , "Бесiншi дөңгелек" , "Түнге дейін және кейін" атты бағдарламалар пайда болды.
1987 жылдары алғашқы саяси өзгерiстер басталды, бастапқыда шалағай сипат алды. КОКП ОК-нің қаңтар пленумында елдiң қоғамдық-саяси өмiрiндегi мынадай жаңалықтарды мақұлдады, яғни кәсiпорын басшыларының альтернативті сайлануы және партиялық комитеттердiң хатшыларын сайлауда құпия дауыс беру мәселелері.
Саяси реформаларға шындығында 19 Бүкiл одақтық партиялық конференция (1988 жылдың жазы) өз ықпалын тигізді. Конференцияда М.Горбачев партиялық аппаратқа альтернативті таңдауларды қолдану мәселесін, сонымен қатар партиялық комитеттің бiрiншi хатшысының қызметiн халық депутаттарының кеңесiнің төрағасының қыметімен қатар қолдану мәселесін ұсынды. Және, бұл конференцияның маңыздылығы сол, партиялық аппараттың көп бөлiгiнiң кедергiсiне қарамастан, КСРО-да өкiлеттi өкiметтiң жаңа екi деңгейлi жүйесiнiң жасалуы және КСРО-да Президент лауазымының енгізлуі мақұлданды. Бұл реформа өкiлеттi және атқарушы өкіметтің жаңа жүйесінің қалыптасуына себепші болды: 1990 жылы болған КСРО Халық депутаттарының үшiншi съезiнде КСРО-ның бiрiншi және соңғы президенті етіп М.Горбачевтi тағайындады [31, 18].
1988-1989 жылдары толықтай заңдардың қабылдануымен: баспасөз, қоғамдық ұйымдар, елдегі мемлекеттiк қауiпсiздiк туралы және т.б заңдар елдегi саяси қалып айтарлықтай либералданды, өз кезегiнде, саяси өмiрдi кенет қанат жандандырған "формальді емес" ұйымдардың қызметі. 1989 жылдан бері ішкі саясатта – нарық, саяси плюрализм, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, жаңаша ойлау секілді ұғымдар саяси лексикондардаға берік тiркелдi.
КСРО халық депутаттарының 1989 жылғы I-III съездерiнің жұмысы бiрiншi съездке депутаттардың таңдаулары, ел тереңдеген экономикалық дағдарысты фон әр түрлi саяси күштердiң арасындағы ашық қарсы тұруды жолаққа кiргенiн ашық көрсеттi. Әлеуметтiк қарбаластықты жеке тауарларға жүйелi түрде дефициттердің енгізілуі күшейтті: 1989 жыл жазында - қантқа, жуғыш заттарға, 1989 жылдың күзiнде - шай дағдарысы, 1990 жылдың жазында - темекi дағдарысы және т.б.
1990 жылы көктемде Н.Рыжков үкiметі бірқатар тауарлардың құнын көтеретін нарыққа өту қоғамдық бағдарламасын сотқа ұсынды. Халық оған жауап ретінде дүкендердiң полктерiнде әлi қалған тауарларды иемденумен болды.
Бұған қарама-қарсы Совмин бағдарламасы, 1990 жылдың жазында "500 күндік" жоспар жарияланды, бұл жоспар С.Шаталинаның және Г.Явлинский басшылығымен жүзеге асты. Жоспар осы кезеңде нарықтық экономикаға өту жағдайын құру мәселесін көтерді.
Сонымен, 1990 жылы М.Горбачев Жоғарғы Кеңеске өзінің ымыраластық, сонымен бiрге нарыққа өту бағдарламасын ұсынды. Дағдарыс өсiп келе жатты. Елдегi М.Горбачевтiң беделі құлай бастады. 1988-1991 жылдары КСРО-ның ішкі саясатында өзгерiстермен ерекшеленді. АҚШ президенті Р.Рейганмен үш рет кездесу нәтижесінде М.Горбачев орташа және аз қашықтықтағы зымырандарды жою келісіміне қол жеткізді, 1988 жылы кеңес әскерлерiнің Ауғанстаннан шығарылуы басталды.
1991 жылдың қыркүйегiнде Ауғанстанға кеңес және американдық қарудың жабдықтауларын тоқтату туралы келiсiмге қол жетті. Осы жылы КСРО Кувейт қатынасында (өз бұрынғы одақтасы) Ирак агрессиясында АҚШ-тың жағында болды, Израиль және ОАР мемлекеттерімен дипломаттық қатынас орнатты [32,21].
Партиялық аппаратта iрi кадрлық тазалық жүргiзiлдi (1987 жылда обкомдардың 28% қызметкерлерi қызметтерiн жоғалтты), ЖОО-ларына қабылдау қазақ және қазақ емес байланысының қатал есеп процентi арқылы жүзеге асты [33, 41].
Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшеіп, олар бұқаралық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрынғыдай өз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар өз ұлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық көрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш өнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас аралығында қазақ жастарының 71 пайызы өздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан [34, 10].
1990 жылы көктемде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне сайлау өткізілді. 340 депутаттық мандатқа 1403 кандидат ұсынылды және 1242 кандидат тіркелді. Қазақ КСР сайлау заңына сәйкес, ал бұл КСРО Жоғарғы кеңес қабылдаған сайлау заңын қайталады, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне қайта құру кезеңінде «еркін» сайлау келесідей көрсетілді:
- депутаттардың 1/3 бөлігі қоғамдық бірлестіктерден сайланды, мәселен жазушылар, суретшілер Одағынан және ардагерлер Кеңесі.
- депутатардың 2/3 –і жалпыға бірдей сайлау жүйесінен сайланды.
Бұл сайлау альтернативті болды. Парламент депуттарына кандидаттарды ұсыну құқығы алғаш рет сайлаушылардың тұрғылықты жері мен ЖОО- ң ұжымдары жиналыстарында анықталды.
Таңдалған парламенттің әлеуметтік, кәсіби және жыныстық құрамы келесідегідей нәтижеге болды: 19,4 – жұмысшылар мен колхозшылар, 3,8 – құқықтанушылар, 1,8 – мұғалімдер, 5,3 – дәрігерлер, 7,4 - әйелдер. 30 жасқа дейінгі депутаттар 3,3 пайызды құрады. 94,4 КОКП мүшесі [35, 19].
Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұхара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.
Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 196 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді [38, 18].
1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі демократияның жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап, айтқанда, КСРО халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияның толық айғағы болды.
Сөйтіп 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтарымен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды [39,6].
Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» 1989 жылы қыркүйекте қабылдауы маңызды зор оқиға болды.
Толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге республиканың құқылы болуы Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге ммүкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысымен 30-40 жылдары және 50 жылдардың бас кезінде сотталған және жазаға ұшыраған халқымыздың данқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, қазақ халқының аталған бес арысы 1988 жылы ресми ақталды [39,11].
Қайта құру жылдары Қазақстанның экономикалық дамуында дағдарыстық құбылыстар одан әрі тереңдей түсті. Экономикада көптеген кәсіпорындардың шығынын табысы мол кәсіпорындардың арқасында ұстап тұру орын алды. Жұмыстың бағасы өнімнің саны мен сапасына емес, оған жұмсалған қаржымен есептелді.
Жоғары сапалы түсті металдың өзінің 3 % ғана дайын заттарға айналып, қалған 97 % республикадан шығарылып жатты. Мұндай жағдай өндірісті тығырыққа әкеп тіреп, республиканы шикізат өнімдерінің бағасының төмендігінен көп қарыздар етті. Қазақстан өндірісінің 93 % одаққа, тек 7 % ғана жергілікті жерге бағынышты болды. Сондықтан да республикалық бюджетке қаржы өте аз мөлшерде бөлінді [40, 4].
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шарушылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары-акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
Дегенмен әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдыңдағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек өнімділігі 5,4 %-ке төмендеді [41, 101].
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылытар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомаға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8% қысқарды. Шет елдерге бұрынғысынша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-астам түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды [41, 38].
ХХ ғасырдың 80 жылдары Қазақстанда ұлттық шаққанда Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мысалы, 80 жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек 69, Одақта әрбір 10 мың алдамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті.
1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамы мынадай еді: қазақтар-39,7, орыстар-37,8, немістер-5,8, украиндер-5,4, өзбектер мен татарлар-2, ұйғырлар мен беларустар-1,1, кәрістер-0,6, әзірбайжандар-0,5, процент тағы сол сияқты. Сонымен, қазақтар 1926 жылдан кейін бірінші рет өзінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мұнан Қазақстан тұрғындары ұлттық құрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының бір ерекшелігін көреміз [42, 56].
Еліміздегі ұлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін ұғыну үшін қоныс аударулардың тарихына қысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украйнадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға көптеген қоныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бұл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: XX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды.
Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.
Бұл қоныстанушылардың жергілікті халықты орыстандыруды және отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.
1.2 ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстан халқының саны мен құрылымындағы өзгерістер
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан халқының санының динамикасы көптеген өзгерістерге тап болды. Бұл уақытта ХХ ғасырдың І жартысындағы саяси оқиғалардың зардаптары көрінді. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қоныстандыру саясаты, 1916 жылғы көтеріліс, азаматтық қарсылық, 30 жылдардың басындағы ашаршылық, ұжымдастыру, күштеп қоныстандыру, репрессия, Қазақстанның демографиялық даму динамикасына Ұлы Отан соғысы үлкен әсер етті. Бұл кезеңде Қазақстан территориясына өнеркәсіп кәсіпорындары мен жұмыс күші көшіріліп, көптеген халықтар депортацияланды. Бұл оқиғалар республиканың демографиялық сипаттамасына ықпал етіп, ХХ ғасырдың екінші жартысында күрделі мәселелерді туындатты.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан территориясында 5 халық санағы өткізілді: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. 1959-1989 жылдары республиканың халық саны 9294,7 мыңнан 16536,5 мың адамға артқан, немесе 1,8 есе артты. 1999 жылы Бірінші Ұлттық халық санағы бойынша республика халқының саны 14953,1 мың адамға, немесе 1989 жылмен салыстырғанда 9,6 % ке азайып, 1979 жылғы деңгейге жетті. 2002 жылдардың басында Қазақстан Республикасында 14820,9 мың адам өмір сүрген [43,25].
1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша республиканың санақ уақытындағы халық саны 1653 65 11 адам болса, тұрақты халық саны 16 464 464 адам болды. Бірақ 1999 жылғы халық санының мәліметтері жарияланған уақытта 1989 жылғы халық саны 16199154 адам деп көрсетілген [43,26]. Бұл өзгерістердің себебін түсіндіру де мүмкін болмады. Дей тұрғанмен, 90 жылдардың басында жарияланған мәліметтердің нәтижелері негізге алынды. Халық санының қалыптасуы екі фактордың ықпалынан, табиғи өсім мен көші-қон сальдосынан жүзеге асады. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл факторлар Қазақстан халқының санының қалыптасу процесінде басты рөл атқарды.
ХХ ғасырдың 50-80 жылдарда Қазақстан халқының санының қалыптасуында табиғи өсім көрсеткіштері айқын роль атқарды. Табиғи өсім есебінен республика халқының саны жыл сайын арта түсті. Табиғи өсім деңгейі халықтың өсіп-өнуін реттеу үшін жеткілікті болды. 1968 жылға дейін табиғи өсімнің жоғары көрсеткіші көші-қон ағымымен толықты. 1968 жылдан бастап Республика халқының өсімі табиғи өсім есебінен жүзеге асты. 50 жылдардың басынан - 60 жылдардың аяғына дейін көші-қон процесі Қазақстан халқының санының өсіміне ықпал етті. 60 жылдардың аяғынан 80 жылдардың аяғына дейін халық санының толығуы табиғи өсім есебінен жүзеге асты.
80 жылдарда Қазақстанның экономикалық дамуының шикізаттық бағыты қалаланудың жоғары қарқынын көрсетті. Егер 1959 жылы қала халқының үлесі 43,7 % болса, 1970 жылы 50,3 %, 1979 жылы -53,5 % болса, 1989 жылы 57,1 % болды [43,48].
Қазақстанда ХХ ғасырда көп ұлтты қоғам қалыптасты. 30-50 жылдардағы репрессияның нәтижесінде, депортация, арнайы қоныстандыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация, тың және тыңайған жерлерді игеру оқиғаларынан кейін халықтың көп ұлтты құрамы қалыптасты. Бұл ХХ ғасырдың екінші жартысындағы республиканың демографиялық даму желісі айқындалды.
1959-1989 жылдарда қазақ халқының санының динамикасы қарқынды өсті. Осы 40 жыл ішінде республикадағы қазақ халқының саны 2,9 есеге артты, 2787,3 мыңнан 7985 мың адамға өсті [44,74]. Бұл көптеген себептерге байланысты жүзеге асқан құбылыс болды. Әсіресе қазақ халқының туу көрсеткішінің жоғары болуы, өзге ұлттардың өкілдерінің көшіп кету ағымы, қазақ халқының көші-қон белсенділігінің төмен болуына байланысты процесстер.
1959-1989 жылдар аралығында Қазақстан территорясында абсолютті саны мен үлес салмағы артқан бірден бір ұлт қазақ халқы болды. Дей, тұрғанмен, 60-70 жылдары халық саны бойынша қазақтар 2 орында болды (орыстардан кейінгі). 1959 жылы қазақ халқының үлесі 30 %, 1970 жылы- 32,5 %, 1979 жылы - 36,0 % болды. Осындай этникалық дисбаланс көбінесе одақтас республикадан келген өзге ұлт өкілдерінің белсенді ағымына байланыста болды. 2 жыл ішінде (1968-1969 жылдары) Қазақстан территориясына 262 200 адам көшіп келген. 47700 адам Украинадан (4,6 %), 44334 адам Өзбекстаннан (4,3 %), 24208 адам Қырғызстаннан (24 %) адам келді. 1989 жылы ғана ұзақ жылдардан кейін қазақ халқының үлесі орыстардан басым түсіп, 39,7 % құрады [44,74].
90 жылдары халық саны арта түсіп, қазақ халқының үлес салмағы арта берді. Өсім қарқыны қуатты болмағанмен қазақ халқының үлес салмағы 1990 жылы 40, 3 % тен 1994 жылы 53,4 % ке өсті. Қазақ халқының үлес салмағы тарихи Отанға оралған оралмандар есебінен толықты. Сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша 1991-1998 жылдары Қазақстанға 175 мың адам келген. Олар Моңғолиядан 36,1 %, Ираннан 2,7 %, Түркиядан 1,4 % келген [44,74-78].
Өзге ұлт өкілдерінің саны мен үлес салмағы 90 жылдары біртіндеп азая берді. Әсіресе орыстардың саны мен үлес салмағы азая берді. Орыстардың абсолютті саны 1992 жылға дейін өсті. 1959-1992 жылдары аралығында орыстардың саны 1,6 есеге артты, 3972,0 мыңнан 6247,1 мың адамға өсті. Дегенмен, осы уақыт аралығында Қазақстан халқының құрамындағы орыстардың үлесі 42,7 % дан 37,0 % ға төмендеп кетті. 1993 жылы біртіндеп, Қазақстандағы орыс ұлтының саны мен үлес салмағы азая береді [43,48]. Сонымен бірге неміс ұлтының санының динамикасы да ерекше болатын. Неміс диаспорасы Қазақстанда 1941 жылы депортация нәтижесінде кеміп, 400 мыңнан астам болды. 1959 жылы немістер саны 658,7 мың адам болса, 1989 жылы 957,5 мың адамға жетіп, немесе 1,5 есеге артты. Бірақ, 1990 жылы халық саны қысқарды. 1989-1999 жылдары Қазақстандағы немістер 2,7 есеге азайған. 1959, 1970, 1979, 1989 жылдардағы халық санағы бойынша Қазақстандағы неміс диаспорасы халық саны бойынша 3,4 орындарда тұрса, 1999 жылы өзбектерден кейінгі 5 орынға тұрды [43,55].
Бүгінгі күнде Қазақстанның көптеген диаспораларының саны қысқарып отыр (орыс, украин, неміс, белорус, татар). 1989-1999 жылдар аралығында санақ аралығында өзбектер, дүнгендер, ұйғырлар, сияқты бірқатар диаспоралар саны артқан. Қазақстандағы халық санының қысқаруын халықтың өсімінің орташа жылдық қарқынының динамикасына қарап бағдарлауға болады.
1939-1959 жылдар аралығында халықтың өсімінің орташа қарқыны 4,3% болды [43,58]. 1959-1970 жылдары бұл көрсеткіш төмендеп, 3,1 % құрады. Халықтың өсімінің орташа қарқыны 1970-1979 жылдары 1,36 % болса, 1979-1989 жылдары 1,19 % болды. 1989 жылғы халық санағынан кейін Қазақстан халқының саны 1993 жылға дейін өсіп, орташа қарқыны 0,67 % құраған. 1993 жылдың аяғында Қазақстан халқының саны азайып, жыл сайын төмендей береді. Нәтижесінде республика халқының санының азаю қарқыны жыл сайын төмендейді.
1980 жылдардың соңында көші-қонның жаңа бағыты – халықаралық көші-қон қалыптасады, ал 1990 жылдардың басында ол Қазақстан халқының саны қысқаруының аса маңызды факторына айналады. 1970-1989 жылдары Қазақстан халқының саны 13 008 726 адамнан 16 464 464 адамға дейін өсті. Халықтың абсолюттік өсімі 1 136 262 адамды құрады. 1959-1989 жылдары Қазақстан халқы 77 %-ға өсті. Оның есесіне өсім қарқындары баяулады, егер 1970 жылы 1959 жылға қарағанда өсім 140 %-ды құраса, 1979 жылы 1970 жылға қарағанда 113%-ға, ал 1989 жылы 1979 жылға қарағанда 112%-ға көтерілді. 30 жыл ішінде республика халқының орта есептік жылдық өсімі (1959-1989 ж) 239000 адам санын құрады. 1970-1989 жылдары халық өсімі 27% құрады. 1970-1979 жылдары сəбилердің дүниеге келуі төмендегенімен, қалада бірқатар өсім байқалып, ал ауылдарда тұрақтағандық байқалды, табиғи өсім қалада көтеріліп, ауылда азайған, алайда 1961 жылы көрсеткішіне республиканың жалпы тұрғындар саны 58 %-ға өссе де, жете алмай, тіпті 22,7 мың адамға кем нəтиже көрсетті, өлім-жітім саны 113,7 мыңға жетіп, 1960 ж. салыстырғанда 73,3 %-ға көтерілді, яғни өлім-жітім түрғындар санының өсуінен, 15,3 пунктке жоғары, дегенмен де табиғи өсім республика халқының баяу болса да өсімін қамтамасыз ете алды. Қалада сəбилердің дүниеге келуі 1970-1979 жж. 38,0%-дан 45,7%-ға дейін көтерілсе, ауылда 61,7 %-дан 54,3 %-ға төмеңдеген, өлім-жітім деңгейі қалада 50,5%-дан 54,9 %-ға көтеріліп, ауылдық жерлерде 49,5%-дан 45,1%-ға дейін төмеңдеген; табиғи өсім қалада 35%-дан 42,1%-ға дейін өсіп, ауылдарда 65 %-дан 57,9 %-ға дейін төмендеген. Қалалардағы нəрестелердің дүниеге кебірек келуінің себептерінің бірі, қала түрғындары осы онжылдықта 1382 мың адамға (артқан, яғни 21,13% %-ға өскен, ал ауыл-село тұрғындары 293 мың адамдық несеме 4,5%-дық өсімді құраған. Қала тұрғындарының сандық өсімі негізінен ауыл тұрғындарының есебінен артса, екінші факторы қалалар мен қала типтес поселкелердің санының 1970 жылы 254-тен 1979 ылы. 281-ге дейін есуі, оның ішіңде 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалардың саны 15-тен 18-ге дейін өсті, 27 елді-мекен қала мəртебесін алып, тұрғындары қала халқы есебіне ауысты [45, 655].
Қазақ əйелдерімен орыс əйелдерінің жас топтарын салыстыратын болсақ, қазақ əйелдерінің жас топтары бойынша бала туу көрсеткіштері жоғары, атап айтқанда: 20-24 жастағылар 1,3 есе, 25-29 жастағылар 2,5 есе, ал 30-34 жастағылар 4 есе жоғары, орыс əйелдерінің ең нəтижелі жасы 20-24 болса, қазақ əйелдерінің 30-34 жастағылар көрсеткіші өте жоғары, бұл нəтижелерді тұжырымдасақ орыс əйелдері негізінен 1-2 баламен шектеледі деген сөз, ал қазақ əйелдерінде 4 жəне одан кейінгі реттегі балалардың дүниеге келуі басым деп тұжырымдауға болады. Тағы бір ерекшелікке аса назар аударған жөн сияқты, қазақтар басым тұратын Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Гурьев, Маңғыстау облыстарында бала туу жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары. Республика бойынша 1970 ж. əрбір мың адамға шаққаңда 23,4 сəби, 1980 жылы 23,9 сəби дүниеге келсе, Шымкент облысында жылдарға сəйкес, 29,8 жəне 29,5; Қызылорда облысында 28,9 жəне 30,6; Маңғыстау облысында 29,5 жəне 27,7; Гурьев облысында 28,8 жəне 27; Ақтөбе облысында 26,7 жəне 25,6; Жамбыл облысында 26,6 жəне 26,1 сəби дүниеге келген. Ал орыс ұлты басым тұратын облыстарда керісінше: Шығыс Қазақстан облысында 18,7 жəне 20,1; Қарағанды облысында 17,8 жəне 18,9; Солтүстік Қазақстан облысында 20,1 жəне 21,4 сəби дүниеге келген, басқа да қазақ этносы аз тұратын облыстарда да нəтижелер осы деңгейде [46, 89]. 1960-1970 жылдары қазақ халқында бала туудың азаюын жалпы алғаңда орынды құбылыс деп атауға болады. Қазақ халқының əлеуметтік-демографиялық дамуы өзінің есейген кезеңіне өтті. Қазақ халқының қарастырып отырған кезендегі бала тууының деңгейі, əлі де ұзақ уақыт қазақ халқының тез қарқынмен өсіп- өнуін қамтамасыз ете алады. Бұл жылдары қазақ халқының өсімі, көптеген басқа ұлттардан біршама жоғары болған. Бұл үдерістің басты себептері ғылыми баспа беттеріңде кең көлемде баяңдалған, яғни қазақ халқының бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда тұрмыстық əл-ауқатының артуы, дəрігерлік қызметтердің жақсаруымен жəне т.б. себептермен, адамдардың орташа өмір сүру жасының ұзаруымен байланысты. Қазақтар үлесі, əсіресе 1970-1979 жылдары аралығында қарқынды өсті, бұл кезеңде орыстар, украиндар жəне т.б. ұлттардың үлес салмағы алдағы жылдарға қарағанда кему үрдісіне көшті.
Халықтың əртүрлі жастағы топтарын жынысы бойынша талдасақ, 1979-1989 жылдары ер жəне əйелдердің еңбекке қабілетті жастағыларының үлесі, тиісінше, 1979 жылы 35 жəне 31,5 %-дан бастап, 1989 жылы 32% жəне 28 % болыпазайғанын атап айту қажет.
Қазақ этносының 1959-1989 жылдары туылғандары 1999 жылы 20-40 жасаралығындағылар республика халқының 2709,2 мың адамы (34 %), өз кезегінде 20 жасқа дейінгі 3504,5 мың адамның (43,9 %) ата-аналары, барлығы республика қазақтарының 77,9 %-ы 40 жасқа дейінгі азаматтар қазақэтносының сандық жəне сапалық өсуінің қайнар көзі болды [46, 95].
Қазақстанның демографиялық дамуы бүкіл əлем халқының дамуының негізгі үрдістерімен сəйкес келеді. Алайда, жекеленген демографиялық жағдайлар республиканың əлеуметтік – экономикалық жəне демографиялық даму ерекшелігіне, соның ішінде ұлттық құрамының өзгерістеріне негізделгенерекшеліктерге байланысты болады. Қазақстан ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін бала санын шектеу негізінде аз балалық кезеңге аяқ басты. Яғни, жеделдетілген əлеуметтік-демографиялық даму тұжырымдамасын қазақтардың тарихи өсіп-өну, даму тəжірбиесінде көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |