Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Қашықтықтан білім беруде оқушылардың сыни ойлауы ақпаратқа қарым-қатынас технологиялық әдістерді қолдануын зерттеу



бет13/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
МД Уалшерова

2.4.2 Қашықтықтан білім беруде оқушылардың сыни ойлауы ақпаратқа қарым-қатынас технологиялық әдістерді қолдануын зерттеу
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары жəне басқа да ақпараттық ресурстарды қандай пəннен сабақ беретіндігіне қарамастан, барлық мектеп мұғалімдері қолданады. Сонымен қатар қазіргі мұғалім оқушыларды интернетті жəне желіде жарияланған ақпаратты қолдана отырып, желімен жəне ресурстармен еріксіз таныстырады. Мұндай жағдайда интернет ресурстарының мазмұнымен жұмыс барысында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мəселелері туындайды. Білім берудегі интернет ресурстарды қолданудан психологиялық-педагогикалық сипаттағы жəне ақпараттандыру құралдарының оқушының денсаулығының физиологиялық жағдайына кері əсерін тигізетін келеңсіз жағдайлар туындауы да мүмкін. Осы факторлардың барлығын мұғалім сəйкесінше дайындық барысында білуі жəне түсінуі тиіс.
Оқушыларды оқыту барысындағы желіде орналасқан ақпаратты қолдану екі сипатта: біріншіден, интернет-ресурстар ақпараттың өзегі ретінде көрінсе, екіншіден, ақпаратты алу құралы ретінде көрінеді. Осындай сипаттамалардан, осындай құралдарды білім беру мақсатында қолдану келесі негізгі дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
-жалпы даму туралы жəне қызықтыратын оқу ақпаратын беру;
-өзара қарым-қатынас құралдарымен қамтамасыз ету;
-оқытудағы ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану іскерлігін меңгеру тəсілімен қамту.
Биология пəндерін оқытуда оқушылар интернет желісіненақпаратты іздеу, қайта өңдеу жəне алудың жаңа технологиясын қолдану бойынша қосымша іскерліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. Осыған орай интернет ресурстары мен құралдарын пəнаралық кіріктіруді практика жүзінде іске асыратын жолдардың бірі ретінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, компьютерлік желіден ақпаратты адекватты сыни түсіну қажеттігі, телеқатынастарды меңгерудегі ақпаратты сауатты өңдеу мен қабылдау тəсілдерін толықтыру қажетілігін тудырады. Интернет желісі ресурстарын меңгеруде оқушылардың
мотиваициясына əсер ететін факторларды іріктеу жəне қолдану қажет. Мұндай мотивтерді ерекшелеу оқушылардың компьютердің көмегімен алынатын ақпаратпен жұмыстың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек.
Интернет желісі ресурстарында қамтылатын ақпарат, біржағынан ақыл-ой жəне эмоционалдық күш түсіруге əкелетін адамның қабылдауының бірнеше каналдарына əсер етеді. Көру, есту жəне ақпараттық каналдарды біруақытта қолдану ақпараттың өңдеу қиындық келтіреді. Бұл меңгеруге қажетті уақытты
қысқартады. Оқушы интернеттен алынатын ақпаратты сыни түрде бағалау мүмкіндігінен айрылады. Сонымен қатар, оқушыларға оқу материалын дұрыс емес интерпретациялауға əкелетін таныс емес белгілік жүйеде бағдарлануға тура келеді. Көптеген оқушыларда интернетпен жұмыс жасаудағы эмиоционалдық күйзеліс жəне коммуникативтік тосқауыл осы анықталмағындықтың пайда болуының бір көрінісі болып табылады.
Осыған байланысты оқушыларда интернет желісін қолдануға деген қызығушылық жəне мотивация жойылып кетеді немесе қызығушылығы əржақты бола бастайды. Желідегі жұмыстың келеңсіздігі, өз кезегінде, оқыту үдерісіндегі жəне күнделікті өмірдегі желі технологиясының мүмкіндіктерін практика жүзінде қолданылуынан бас тартуға əкеліп соғады.
Оқушыларға интернеттің жағымсыз əсерін төмендетуге мүмкіндік беретін оқыту əдістемесі қажет. Практика мұндай əдістеменің бар екендігін көрсетеді. Интернет желісінің ресурстарымен жұмыс жасауға қызығатын оқушыларды бақылаудан, оқушылар жұмыстың басында ақпараттық-коммуникативтік сипатта болуымен түсіндіріледі. Алдыңғы мотив ретінде жаңа мазмұны көп емес, сыни тұрғыдан өңдеуді қажет етпейтін, бірақ оқушылардың қызығу тақырыбына байланысты ақпаратты алуға ұмтылысы жатады. Оқушыларда желіні қолдануға деген қызығушылық жəне мотивация пайда болады. Бұл кезеңде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қажетті білім саласына бағыттайтын мұғалімнің көмегі қажет. Желіде ақпаратты немесе нысандарды іздеу алдында, оқушылар өзі нені іздесе сол ақпаратты немесе нысанды үлгілеуі қажет. Оқушылар интернет ресурстын не үшін қолданып отырғандығын нақты түсінуі, мектепте оқу үшін қажетті нақты мақсатқа бағытталған ақпаратты іздеуге мүмкіндік беретін құралдар мен технологияны меңгеруі қажет екенін сезінуі тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың сыни ойлауы, ақпаратты сауатты интерпретациялау іскерлігі, проблемалық жағдайды əртүрлі тəсілдермен шешу, интернет желісіндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау үдерісіне шығармашылық көзқараспен қарау дамиды.
Мектеп мұғалімі жасөспірімдердің желіден оқу-танымдық ақпаратын алуда мотивациясын арттыру қажеттігін ескеруі қажет. Оқушылардың қызығушылығын басшылыққа ала отырып, оларды мектеп пəндерін меңгеру тиімділігін арттыру мақсатында оқушылардың денсаулығына психологиясына кері əсерін азайту арқылы желі ресурстарына бағыттау керек. Оқушылардың интернет(4-сызбада қарастырылған) желісіндегі ақпараттық ресурстарға адекватты қарым-қатынасын қалыптасу қажеттілігін ескере отырып, денсаулығын сақтаудағы шараларды белгілеуге болады.



Сызба 4 - Оқушылардың интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға адекватты қарым-қатынасын қалыптасу қажеттілігі

Телеқатынастық желі арқылы алынған ақпаратты оқытуда жəне күнделікті өмірде қолдану ға болады. Мұндай мүмкіндіктерге жету үшін оқыту əдістемесі оқушылар интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар туралы түсініктер алатындай болуы шарт. Сабақта оқушыларға жеткілікті танымал жəне белгілі желі ресурстарында нақты емес, толық емес жəне дұрыс емес ақпарат болуы мүмкін екендігі жөнінде мəлімет берілуі тиіс. Мұғалім оқушылардың зейінін жарнамалық ақпараттың қауіптілігіне аударуы қажет, онда əдейі жіберілген қателіктері жəне файлдармен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіндігі беріледі. Барлық толық емес жəне нақты емес ақпаратттарға берілген мысалдар сəйкесінше мұғалімнің, сонымен қатар оқушының тарапынан берілген комментарийлер жəне түсініктемелермен берілуі тиіс.Интернет желісінде орналасқан ақпаратты меңгеру мен қолдануға арналған оқытудың əдістемесі бар. Егер сабақ аз топ-та жүргізілсе, əрбір оқушыда интернетке қосылған компьютер-мен жұмыс істеу мүмкіндігі болса, мұғалім телекомуникациялық желідегі құралдар мен ресурстармен қарым-қатынас жасауына нұқсан келтірмей оқушылардың əрекетін бағыттап отырса жетеді. Шағын топтағы оқушылардың қарым-қатынасы өзара көмек сипатында жəне оқушы өзінің шығармашылық қабелітін дамыту үшін нақты мүмкіндіктерге ие болады.



Сызба 5- қашықтықтан білім беру қызметінің түрлері
Оқушылардың интернет желісі ресурстарын қолданудағы денсаулығына психикалық жағымсыз əсері аз болады. Сонымен қатар ақпаратты қабылдау үдерісінде интернет жəне желідегі жарияланған ресурстар орнын баса алмайтын мұғалімнің сөзі үлкен қызмет атқаратындығын ескеру маңызды. Мұғалім оқушылар дұрыс қабылдауы үшін оларға түсінікті тілмен жеткізе білуі тиіс. Əдістеменің маңызды элементі өздерінің нені меңгергендігі жəне интернет желісіндегі ресурстарды жəне олармен жұмыс жасаудың мүмкін болатын технологиясын қолданудың мазмұндық элементтерінің негізін түсінгендігі туралы оқушылардың ауызша пікірі болуы тиіс.
Электрондық білім беру басылымды немесе ресурсты автор бекіткен жағдайда білім берудің түрі мен формасы ұсынылатын сипатқаие болады, себебі, бір типке немесе формаға сай əзірленген нақты электрондық білім беру басылымдарды осындай параметрлердің басқа жиынтығымен сипатталатын оқу үрдісінде тиімді қолдану ғажап емес.
Электрондық білім беру басылымдарды əзірлеу жəне пайдалану кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылығы мұндай басылымдар немесе ресурстарды оқу үрдісінің тек əрбір қатысушысының тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларының (немесе тұтынушылардың) тұтас
тобына сай ерекшеліктерге максималды бейімделіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Заманауи ақпараттық жəне қатынас технологиялары биология сабақ жөнінде компьютерлік сыныпта айтуға мүмкіндік береді.Электрондық білім беру басылымдары қажет, яғни оны сабақ құрамына оңай енгізе алатындай болса. Іс жүзінде оқытушыға ақпараттық-қатынастық технологияларның ұсынылған сыныптық-сабақ жүйесі жағдайында өткізілетін сабаққа ешбір қосымша уақыттық шығын шығармай-ақ енгізуге болатындай құралдарын беру керек. Қазіргі таңда перспективалы жəне маңызды амалдардың бірі ретінде қажетті құрылғылармен жабдықталған сынып жағдайындағы мектеп бағдарламасының ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын пайдалануда кешендік тəсілді қолдану қарастырылады.
Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық- қатынастық технологиялар құралдарын пайдалану перспективасына қатысты пəндік оқытушылар мен əдіскер мамандардың санасында елеулі өзгеріс пайда болды деп айту жөн болмас. Көзжетерлік болашақта мектептердің көпшілігі, бұрынғысынша, сыныптық-сабақ күйінде қалады, ал қолда бар ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының басым көпшілігі жеке-дара жұмысқа есептелген.

2.5 Қашықтан оқытуға оқушыларды ынталандыру ерекшеліктерін зерттеу


Қашықтықтан оқыту курстарын жасауға арналған қашықтықтан оқыту ортасы.LMS Moodle мүмкіндіктерінің сипаттамасы Moodle – бұл сапалы программалық өнімді 100-ден аса əлем елдерінің университеттері, мектептері, компаниялары жəне тəуелсіз оқытушылары пайдаланады. Өз мүмкіндіктері бойынша Moodle оқу үдерісін басқарудың белгілі коммерциялық жүйелерімен салыстыруға келеді, сонымен қоса олардан табысты түрде ашық алғашқы кодтарымен таралуымен ерекшеленеді, осының өзі оны кез келген ерекше білім беретін жобаларда, жаңа қызметтермен толықтырып пайдалануға мүмкіндік береді. Moodle-дің басқа мүмкіндіктерінде атап көрсету керек:
- білім алмасудағы оқу тапсырмаларын бірігіп шешу үдерісіндегі білім алуды белсенді формада ұйымдастыруға мүмкіндік беретін зертханалық білім беру технологиясына бағдарлау;
- коммуникацияға арналған зор мүмкіндіктер: əртүрлі форматтағы файлдармен алмасу, тарату, форум, чат, білім алушылардың жұмыстарына сын пікір жасау мүмкіндігі, ішкі пошта жəне т.б.
- əртүрлі бағалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері (балдық, ауызша);
- білім алушылардың жұмыстары туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі (белсенділігі, оқу жұмыстарының мазмұны мен уақыты, портфолио);
- жалпы қайта программалаусыз құрастырылған стандартқа сəйкес өзгертулерді енгізу мүмкіндіктері;
- білім деңгейі əртүрлі, физикалық мүмкіндіктері əртүрлі (мүгедектерді қоса), əртүрлі мəдениеттегі адамдармен жұмыс істеуге арналған ынғайлы программалық интерфейс;
- мoodle жүйесінде курстардың форматының 3 түрі бар: формум, құрылым (күнтүзбеге байланыссыз оқыту модулі), күнтүзбе (күнтүзбеге сəйкесінше оқыту модулі).
Курста кез келген қорлар санымен (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтеме, катологтар) жəне кез келген курстың интербелсенді элементтерінің саны болуы мүмкін. Бұл элементтерге жататындар:
- Wiki, дəл браузер терезесінде карапайым тілді белгілеу арқылы, бірден бірнеше адамдарға документ жасауға мүмкіндік береді, яғни осының көмегімен білім алушылар бірігіп жұмыс істей алады жəне документ мазмұнын өзгертуге, кеңейтуге, қосуға мүмкіндіктері бар.
- сауалнама. қашықтықтан оқу курстарында оқудың жағдайын бағалауда пайдалы бірнеше тəсілдерін ұсынады;
- глоссарий арқылы қолданатын программалар туралы негізгі сөздік түсінік құрастырылады, сонымен бірге əрбір дəрістің негізгі терминдеріне де сөздік құрылады.
- тапсырма оқытушыға есеп құруға мүмкіндік береді жəне оның жауабын білім алушылар электронды түрде дайындап, сервиске жүктеуі керек.
- сұрақ. ынталандыру, ой немесе ортақ пікірді табу зерттеу мəселесінің үдерісі. - түсіндіру. Бұл элемент мəтін мен кескіндерді негізгі бетке орналастыруға мүмкіндік береді. Осы жазулар көмегімен қандай да бір тақырыптың аптаның немесе қолданылатын құралдардың мағынасын анықтауға болады.
- тесттер. Оқытушыларға тест сұрақтарын құрастыруға мүмкіндік береді. Сұрақтар жабық түрде болуы мүмкін, сəйкесінше дұрыс, дұрыс емесін таңдай қажет, жауаптарын қысқа мəтіндік түрде, санмен жəне есептеулер түрінде беріледі. Барлық сұрақтар мəліметтер қорында сақталады жəне осы курстың немесе басқа курстардың соңында пайдалануы мүмкін. - дəріс (сабақ). Оқу материалдарын қызықты түрде ұсыну. Ол беттер жинағынан тұрады. Əрбір бет сұрақтармен аяқталады. Оған білім алушылар жауап беруі керек. Жауыпты дұрыс немесе дұрыс еместігіне қарай білім алушы келесі бетке көшеді немесе алдыңғы бетке қайтадан көшеді.
Іс жүзінде барлық қорлардада жəне курс элементтерінде енгізу алаңы ретінде ыңғайлы жəне интуитивтік түсінік HTML редакторы қолданылады, Moodle-де форумдағы хабарламалар көшірмесін, оқытушылар пікірін e-mail арқылы жіберу белсенді қолданылады, кез келген топтағы курс қатысушаларында email хабарламаларын жіберу мүмкіндігі бар. Moodle Web сайты платформасын қолданушыларға тегін сапалы колдау көрсетеді. Осы жүйені қолданушыларға көп бірлестіктер мүмкіндік туғызып жатыр.
Мультимедиаресурстарының келешегін қарастырған кезде пəндік оқытудың рөлі де, өз пəнін жақсы білетін жəне оқушыларының оқу-танымдық іс- əрекеттер-ін дамытуды басқара алатын мұғалімнің рөлі де төмен түсірілмеуі керек. Тек мұғалімді одақтас етіп, оны қарапайым мектеп сабағында қолдануға болатын арнайы мультимедиа-ресурстарымен, оларды қолдану əдістемесімен қарулан-дырып қана педагогикалық технологиялардың жаңа технологиялық негізінде ойдағыдай дамуға үміттенуге болады. Оқушыларды оқыту үдерісінде ультимедиа - технологияларын қолдану əдетте төрт негізгі бағытта қарастырылады:
- компьютер мен мультимедиа технологиялары зерттеу объектілері ретінде;
- компьютер мен мультимедиа технологиялары оқу ақпаратын бейнелеу, сақтау жəне өңдеу объектілері ретінде;
- компьютер оқушылардың өзара оқу əрекеттестігін ұйымдастыру құрылы ретінде;
- компьютер оқушылардың оқу іс-əрекетін басқару құралы ретінде.
Мультимедиа əр түрлі ақпаратты бейнелеу формасы ретінде оқу іс-əрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мультимедиа-ресурстар визуалдық формада көрсетілген ақпарат бөлігін кеңейтумен байланысты мұғалімдерге оқу материалын түрлідинамикалық иллюстрациялар, дыбыстық сүйемелдеу, «тірі» сабақтар үзінділері жəне т.б. ұсынудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Ақпаратты алу, сақтау жəне өңдеудің электрондық тəсілдері оқу іс-əрекетінің жаңа түрлерін береді оқу сайттарын жасау, сөздіктер, анықтамалықтар жəне т.б. құрастыру. Мектептер мен жекелеген мұғалімдердің дайын мультимедиа-ресурстардың көмегімен электрондық кітапханалар, əр түрлі дидактикалық материалдарды автоматтандырылған құрастырулар жасау мүмкіндіктері пайда болады. Сабақ барысында мультимедиа-ресурстарды қолдану арқылы мұғалім оқушылармен өзара оқу əрекеттестік формаларын икемді ауыстыруға фронтальдық, топтық жəне жекелей формалардың ауысымы; оқушының танымдық стилін ескеру негізінде оқытуды жекелендіру, оқушыға жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру жəне т.б. сонымен қатар, оқушылардың өзара оқу əрекеттестігінің жаңа формаларын қолдануға мүмкіндік алады. енгізу). Жалпы орта жүйе үшін мультимедиа-ресурстарын құру жəне оларды практикалық қолданудың принципиалдық сұрағы оқушылардың маңызды қажеттіліктеріне негізделген позитивті мотивтер құруға арналған сəйкес əдістеменің мақсаттылығы болып табылады. Тек оқушылардың мультимедиа-ресурстарын қолдануға деген мотивациялары жоғары болған жағдайда ғана осындай ресурстарды мақсатты қолдануға нəтижелі оқыту мүмкін болады. Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу тəсілдерін оқыту сипаттамасын анықтау үшін оқушылардың мультимедиа-ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы тəртіп мотивацияларының ерекшелігін қарастыру қажет. Əдетте, мотив ұғымымен іс-əрекетке деген құлшынысын, адамның іс-əрекетінің қозғаушы күшін белгілейді. Мотив – қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру тілегі. Мотивация оқыту үдерісінде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар табысты оқытудың кілттік факторы болып табылады. Мотивация оқушының өзінің оқу үдерісі, мұғалімнің жүріс-тұрысы, академиялық талаптар, оқу материалдарының сапасы мен сабақтардың рөлі сияқты сұрақтар бойынша оқушылардың көзқарастырының жиынтығымен анықталады. Зерттеулер мультимедиа-ресурстарды оқыту үдерісінде қолдану оқушылардың мотивациясын арттыратындығын дəлелдеп отыр.
Мультимедианың білім беру құралдары оқушылардың оқуға деген құмарлықтары мен қызығушылықтарын тудырулары мүмкін, сонымен қатар ойша бейнелер мен модельдерді қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, көптеген жағдайда мультимедианы қолдану оқушыларды мотивациялауға оң əсер етеді. Алайда, мультимедиа құралдары панацея емес, сондықтан да кез келген оқу-əдістемелік аппарат сияқты бір уақытта барлық оқушылар үшін тиімді бола бермейді. Оқушыны оқуға ынталандыратын мотивацияның жеткілікті күрделі құрылымы салыстырмалы тұрақты жəне нақты жағдайға тəуелді емес мотивпен ғылымның белгілі бір саласын зерттеу, мектеп бітіру түсіндіріледі. Мұндай мотивтер салыстырмалы тұрақты жəне олар белгілі бір сыртқы əсерлерден өзгеріске ұшыраулары да мүмкін. Осындай факторлар оқыту үдерісі барысында мультимедиа-ресурстарын жүзеге асыру жəне қолдануға тікелей қатысты. Себебі, ақпаратпен жұмыс істеу үшін оқушылардың техникалық құралдарды меңгеру деңгейі жəне мультимедиа-ресурстарының білім берушілік потенциалын қолдану оларға болашақта өздерінің білімін жалғастыруға жəне айтулы кəсіп алып шығуға мүмкіндік береді. Алғашқы кезде оқушылардың мультимедиа-ресурстармен атқаратын жұмысы негізінен ақпаратты-коммуникативтік сипатта болады. Бастапқы мотив жаңа, соншалықты мазмұнды жəне қолжетімді емес ақпаратқа деген қажеттілік болып табылады. Ережеге сай, мұндай мультимедиа-ақпарат қандай да бір сыни өңдеу мен ұғынуды талап етпейді. Кейіннен негізгі мотив ретінде ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін құрбы-құрдастармен жеңіл қарымқатынасқа деген қажеттілік туындайды. 78 Заманауи компьютерлік құралдар көптеген оқушыларды өздерінің бояуының, мультимедиалық мүмкіндіктерінің бай болуымен, əр түрлі қалалар мен елдердегі өздерінің сүйікті музыкалық топтары, əншілері, футбол командалары, үй жануарлары, басқа адамдардың өмірі туралы ақпаратты жедел іздеу мүмкіндіктерінің көп болуымен қызықтырады. Іздеу мүмкіндігі өте ауқымды. Мұғалім міндетті қолдау көрсеткен жағдайда мультимедиа-ресурстарды қолдану оқушылардың жаңа дүниелермен танысуға деген тілектерін дамытады. Сыртқы ынталандырудан ғана емес, оқу үдерісімен қанағаттану сезімімен түсіндірілетін ішкі мотивация оқушының оқу үдерісіне дара кірісуін арттырады жəне де оқу нəтижелерінің жақсаруына əсер етеді, егер ынталандыратын іс-əрекетке деген алғашқы қызығушылық жоғары болса, онда ынталандырулар қызығушылықты төмендетулері мүмкін, ал ынталандыру тым оңай болғандықтан, бұл əділітсіз болып табылады. Ал, егер де алғашқы қызығушылық деңгейі сондай жоғары болмаса, онда жеңіл ынталандыру қызығушылықты арттыруы мүмкін жəне тиімділікке оң əсер етуі мүмкін. Оқытудың көптеген заманауи мультимедиа-құралдарының қызметі аталған фактордың болуына негізделеді (5-сызбада .



Сызба 6- Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері


Мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері бар (6-сызбада келтірілген). Кез келген оқушы Интернет желісінде өзінің жеке мультимедиалық сайтының болуын қалайды. Сонымен қатар, оқушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады. Интернеттің мұндай қызметтері оқушыларды коммуникативті қарым-қатынастың ерекше тəсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. Осындай мақсаттарға жету үшін мультимедиа-технологияның элементтері қолданылады. Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларды қолдану өз септігін тигізеді. Компьютерлік желілерде жұмыс істейтін пайдаланушылар проблемалық жағдайлармен жиі ұшырасып отырады. Мысалы, оқушылар олардың алдында мультимедиа-ақпараттың үлкен көлеміне жол ашылғандығын түсінеді, бірақ ақпаратпен танысу барысында бөлінген уақыт аралығында барлық ақпаратпен танысып үлегере алмаулары да мүмкін. Осындай жағдайда оқушылардың ақпаратты іздеу жəне өңдеу дағдылары жеткіліксіз болып шығады, проблемалық жағдай туады, соның салдарынан осындай білік пен дағдыны мұғалімнің көмегіне жүгіну арқылы жетілдіріп отыруға деген қажеттілік туындайды. Проблемалық жағдайларды шешу қажеттілігі – оқушылардың мультимедиа-ресурстармен жұмыс істеу мотивтерінің бірі. Жағдайдың мəселелі (проблемалы) болуы оқушылардың неғұрлым аз уақыт бөлігінде қажет мультимедиа-ақпаратты алуға деген қызығушылықтарының салдары болып табылады. Бұл үшін мұғалім оқушыларды жұмыс уақытын жоспарлауды үйретуі, іздеу жүйелері мен каталогтардың көмегімен бір тапсырманы бірнеше тəсілмен орындауды, алынған мультимедиа-ақпаратты сыни бағалауды үйрету керек.


IT технология саласындағы əлемдік жетістіктердің негізінде білім беруді ақпараттандыру қазақстандық білім берудің инновациялық алдыңғы қатарлы дамуының құралы болып табылады. Осыған орай стратегиялық мақсаттары ретінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары бойынша тізбектелген жүйелік саясат анықталған. Бұл бағыттарға: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру жəне компьютерлік паркті жаңғырту. Программалық қамтамасыз ету, білім беру мен басқаруды ұйымдастыруды интернеттендіру; отандық сандық білім беру ресурстарын дайындау, мониторинг жүйесін атвоматтандыру, білім беру ұйымдарын талдау мен басқару, педагогикалық жəне басқару кадрларын дайындау жатады.
Компьютерлендіру саласындағы стратегия білім беру практика қажеттілік-терін ескере отырып білім беру мекемелерін қазіргі компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің əлемдік көрсеткіштердің жетістігіне бағдарлануда.
Программалық қамтамасыз ету саласында Open Source Communitu ашық əлемдік қауымдастығының идеологиясы, принциптері мен құралдарына негіз-делетін, əлемдік алдыңғы қатарлы елдер мақұлдаған өнімдерді, программалық құралдарды қолдану мақсат етілуде.Барлық деңгейдегі білім беру жəне басқару мекемелерін интернеттендіру саласындағы саясат əлемдік ақпарат-тық-қатынастық білім беру ортасын дамытуға бағытталған. Білім беру жəне басқару ұйымдарын интернет желісіне əртүрлі каналдар негізінде (спутниктік, ерекшеленген, мобильдік, кең жолақты, сым-сыз жəне т.б.) жоғарғы олжетімді қабілеттілікпен 100%-ға қосу қамтамасыз етілуі тиіс.Интернетке жəне ғылыми-білім беру желі жүйесіне Wi-Fi жəне Wi-Max технологиялар негізін-дегі білім беру ұйымдары аймағында, əрі қарай республика масштабында білім беру мекемелері территориясы зонасын сымсыз қолжетімділік аймағын құру жоспарланып отыр. Интернет-ресурстарына ұялы телефон байланыстары арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Web-технологияларды енгізу мен дамыту қарастырылуда. Аймақтық ақпараттық-білім беру корпоративтік компьютерлік желілерін бірыңғай жалпы республикалық ақпараттық білім беру компьютерлік желісіне интеграциялау қолға алынды.
Интернет желісі құрылымында жеке дамыған инфрақұрылымы бар жəне Қазақстан қашықтықтан білім беру жүйесіне бейімделген жеке білім беру контенті бар, қазақстандық білім беру сегменті жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының интербелсенділігі пайдаланушыға, оқушы мен оқытушыға құрылғылармен өзара белсенді түрде тіл табысуына мүмкіндік береді. Интербелсенділік арқылы пайдаланушыда оқу диалогы пайда болады. Диалогтың бір жағы – пайдаланушы болса, Ақпараттық-қатынастық технологиялар құрылғысы болып табылады.
Интербелсенділікті қолдану ең бір жоғары бағаланатын мультимедиа құрылғыларының командасына жатады. Интербелсенділік арқылы белгілі бір дəрежеге дейін ақпаратты басқарып отыруға болады: оқушылар өз алдына жобаларды ауыстыра алады, нəтижелерді оқи алады, сонымен бірге бағдарла-маның оқушының орындап жатқан тапсырмаларына қойған сұрақтарына жауап бере алады. Оқушылар материалдың экранға шығу жылдамдығын орната алады, қайталау саны жəне басқа да параметрлерді басқарып отырады. Осыдан мультимедиа технологиясының қаншалықта терең екенін түсінуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет