3.3 Оқытуды басқару жүйесі (LMS)
Электрондық оқытуда, басқа оқыту үдерістеріндегі сияқты мазмұндық бөлімімен қатар ұйымдастыру компоненті болады. Курс- өту үдерісін басқару элементтері дамыған электрондық кітапханаларда бар, бірақ e-learning үлкен жүйесін жүзеге асыру үшін бұл қызмет аздық етеді. Оқу контентін қажет уақытындатиісті адамдарға жеткізу жұмысын, оқу ресурстарын пайдала-нудықадағалауды, жеке оқушылар жəне топты басқаруды, оқытушымен бірге жұмыс жасауды ұйымдастыруды, есеп беруді, т.с.с. автоматтандыру қажет болады. Бұл қызметтер e-learning-ді орнататын платформасы бар оқытуды басқару жүйесін LMS, ҚОЖ - қашықтықтан оқыту жүйесі дəстүрлі оқыту үдерісін басқаруға да пайдаланыла алады.
LMS жүйесі негізінде əр оқушыға оқу материалын анағұрлым тиімді үйренуге жеке мүмкіндік беруі, ал оқу үдерісінің менеджеріне оқу бағдарламасын жасауға қажетті құралдарды алуға, оларды өткізуді басқаруға, оқытудың тиімділігін көрсететін есепті жасауға, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Оқушылар барлық оқу контентінің жіберілу нүктесі болып табылатын LMS-дан оқу порталына кіруге мүмкіндік алады, сондай-ақ, арнайы сілтемелердің көмегімен қосымша материалдарды пайдалану арқылы өткізілген аралық алдын ала тесттердің негізінде сəйкес оқу тректерін таңдайды.LMS-дің əкімшілік қызметтері бірнеше негізгі аймақтарды қамтиды.
Оқушыларды басқаруға қолданушылардың жүйеге жəне оқу контентіне тіркелуін жəне кіре алуын бақылау, оқушыларға жалпы курсты таныстыру жəне есеп беру үшін топқа ұйымдастыру, аудиториялық жəне оқытушылық ресурстарды басқару жатады. LMS сонымен қатар, оқу үдерісінің қосымша элементтерін (практикалықсабақ, зертханалық жұмыстар, тесттер, бүрге жұмыс жасау құралдары, ішкі материалдарға сілтемелер, т.б.) интеграциялауға
жауап береді. Сондай-ақ, LMS оқу контентін бөліп беруге жəне пайдалануға
мүмкіндік береді. Олардың қатарында іздеуге ыңғайлы каталог курстарды ұйымдастыру, міндетті оқуға жəне өз еркімен оқуға арналған курстарды бөлу, жеке оқу тректерін (мысалы, оқушылардың берілген қызмет қорында) дайындау жəне басқа да оқу контентін толықтай бере алатын механизмдер, оқытушымен қарым-қатынастың синхронды жəне асинхронды режимдерін қолдау. LMS-нің маңызды элементі оқу үдерісінде электрондық оқытуға салынған қаржының тиімділігі жайлы қорытынды шығаруға көмектесетін есеп
беру болып табылады. LMS-да бақылау жəне белгілі бір тақырыпты меңгеру барысында оқушы (немесе топ – «ұжымшыл оқушы» моделі) қалай дамып келе жатқандығы жайлы есептер механизмі болуы тиіс.
LMS-дің мүмкіндіктері:
- Электрондық оқытуды қолдау. LMS оқу сыныптарында дəстүрлі (аудиториялық) сабақтар мен желілік оқу курстарының негізіндегі виртуалды оқытуды қарапайым жолмен біріктіру мүмкіндігін беруі тиіс. Бұл мүмкіндіктер біріккен кезде қарапайым сабақты да, жекелеген (жеке тұлғаға арналған) сабақтарды белсендендіреді.
- Оқу мекемелерінде қолданылатындай, LMS оқу мекемесінің бірегей ақпараттық жүйесімен үйлесуі қажет, бұл оқушыларды, профессорлық-оқытушылық құрамды (қашықтықтан білімді жетілдіру), т.с.с. қосқанда білім алушылардың барлық категориясын электрондық оқыту жүйесіне қосуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
- Басқару құралдары. LMS басқарушыларға қолданушыларды тіркеу мен профильдерді басқаруға, рөлдерді анықтауға, тьюторларды, курс авторларын тағайындауға, контентті басқаруға, ішкі бюджетті, қолданушылардың төлемдері мен шығындарды басқаруға мүмкіндік беруі тиіс. Басқарушылар оқыту мəліметтер қорына еркін кіре тиімді алуы, жеке жəне топтық көрсеткіштер бойынша есеп құру мүмкіндігі керек. Жүйе білім алушыларға, нұсқаушыларға жəне оқу сыныптарына сабақ кестесін құруға мүмкіндік беруі
тіис.
- Контент интеграциясы. LMS-ға сыртқы өндірушілерден курстың кең ауқымды белсенділігін қамтамасыз ету өте маңызды. Кейбір LMS-лар өз өнімдерін дайындау құралдарымен ғана сəйкес келеді, ал басқалары оқу контентінің стандар-тымен өте шектеулі түрде сəйкес келеді. LMS жеткізушісі
үшінші фирмалардың өнім контентін сертификациялауы жəне курстарға кіру сырғымалы менюді пайдаланған сияқты оңай болуы қажет.
- Стандарттарды орындау. LMS-тің SCORM жəне AICC сияқты стандарттарды қолдауы қажет. Стандарттарды қолдау дегеніміз LMS-тің пайдаланылған дайындау құралдарына байланыссыз стандартқа сəйкес біріктірілген контент пен курстарды импорттауына жəне басқаруына болады деген сөз. Егер жеткізуші контентті сертификацияламаса, онда оны қосымша
сертификаттауға шығындаласыз.
- Тестілеу мүмкіндігі. Бағалау жəне тестілеу модульдерінің міндетті бар болуы, сонымен қатар, анағұрлым сервистік қадам: а) курстың (жүйелік сабақтың) əр бөлімінің бөлігі ретінде тестті (бағалау модулін) қосу мүмкіндігі пайда болады;
- Тестілеудің (бағалау модулінің) өздік модулі бар, мысалға, жеке бөлімді немесе толық курсты оқу нəтижесі бойынша.
- Білімдерді басқару. Білімдерді басқару модулі ұйымға арнайы аумақта жұмыс коллективінің компетенциясына оқытуда күш салу аймағын инденцификациялау қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Білімдерді бағалау пікір алмасу мен 360 градус əдісін қоса алғанда əртүрлі қайнар көздерден алынуы мүмкін. Менеджерлер келесілерді анықтайды: деңгейлестіру, орташаландыру немесе білім деңгейін анықтау үшін нəтижелерді салыстыру. Бизнес сондай-ақ бұл қызметті білім бойынша
спецификалық талаптарға жауап беретін жұмысшылар іздеу үшін пайдалана алады.
LMS e-learning желілік ортасына қажетті қорғау механизмімен де қамтамасыз ете алады, сондай-ақ, үлкен көлемді оқу жобаларында мекеме ресурстарын жоспарлау жəне қызметшілерді басқару жүйелерімен біріктіруді қолдайды. LMS платформалар əртүрлі дайын курстарды ұсына алуы үшінинтероперабелділік стандарттары құрылған. Airline Industry CBT Committee компьютерлік треннингтердің басқару жүйелерімен байланысын сипаттайды жəне Web-курстарға сəйкес интероперабелділік стандарттардың дамуына негіз болып табылады. ISM стандарты оқыту платформаларына кеңінен таныс, сондай-ақ Sharable Content Object Reference Model (SCORM) – АҚШ қорғаныс министрлігі, Advanced Distributed Learning программасы аясында дайындалған
оқыту Web-контентін құруға арналған техникалық спецификациялар үйлесімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |