Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Қашықтан оқытудың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі



бет10/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
МД Уалшерова

2.3 Қашықтан оқытудың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі



Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесін-де білімнің базалық сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Қашықтықтан білім беруерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүние жүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасйды. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. : ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсіл і бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт[49].
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
1.Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
2.Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
3.Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
4.Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
5.Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
6.Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
7.Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
- туындайтын мәселелерді қарастыру;
- мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру;
- ұйымдастыру қызметі;
- білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру;
- оқу процесін бақылау.
Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды . Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгереді. Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылады:
1.Желілік технология (Виртуалды кафедралар) ;
2. Интернетті пайдаланатын кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
3.ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
Нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс- қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары. Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады[50]. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.
Электрондық оқулықтар (1 кестеде келтірілген) жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады.

1 кесте-Қашықтықтан оқытуда электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісі








бөліктері

үрдісі




Мотивациялық-мақсатты

Электрондық оқулықтың мотивациялық мақсатты бөлігі модульдер мен шағын модульдерді құрастырудан тұрады

Модуль-пән салаларындағы жүйелік және қызметтік білімнің жиынтығы

электондық оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың қызметтік түйіні




Мазмұндық

Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асады

Мәліметтер жиынтығы ретіндегі ақпараттық оқу ортасы

Білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі

Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейнематериалдармен толықтырылған




Операциялық

Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген




бағалы - нәтижелі

Электронды оқулықты қолданудың тиімді әдістің жүзеге асуы, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:



  • оқытудыдаралау;

  • оқытудың тиімділігін(сапасын) арттыру;

  • дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Білім беру ұйымдарында қашықтықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:

  • оқу курстарын қолдау;

  • білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;

  • кеңестер беру;

  • білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

  • білім алушылардың білімдерін бақылау.

Білім беру ұйымдарындақашықтықтықтан оқыту барыснда қажетті негізгі шарттар (2-кестеде келтірілген)
2 кестеБілім беру ұйымдарындақашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары

қ/с

оқытунысаны мен шарттары

1

Білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру интернет-порталы

2

Телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтары

3

мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдары

4

CD, DVD дискілеріне арналған оқу контенті

5

желілік оқу мультимедиа контенті

6

желілік тестілеу кешендері

7

контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханалары

8

оқытудыбасқарудыңжелілікжүйелері (Learning Management Systems – LMS)

9

оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management SystemsLCMS) бар болуы

Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:



  • оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

  • қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

  • ақпараттық-техникалыққамтамасызету.

Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етедіСессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтық кеңестерін алуды ұсынады. Білім алушылардың өзіндік жұмысына электрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін білім алушылардың өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).
Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәуелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін электрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдықжұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі .
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практиканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар – берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және білім алушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.
Ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады.
Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді. Бүгінде, ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді.
Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады. Әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс.
Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын ақпараттыққатынастық технологияларды (АҚТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады. Қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет .
Білім алушылар мен педагогтардың өзара оңтайлы қарым-қатынастарының өзгеше тәсілі саналатын заманауи оқу құралы мен технологиясы, дәріс беруді ұйымдастырудың айрықша түрі – қашықтықтан оқыту формасы.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қазіргі кезеңде телеқатынастық деп сипаттауға келеді. Мұндай форма уақыт пен кеңістік белдеулеріне тәуелсіз, білім алушылардың уақыт талабына сай өз беттерінше үздіксіз білім алу жүйесін, талаптарын, өзара ақпарат, білім алмасуларын қамтамасыз етеді, оқу үдерісін қалыптастырады.
Қашықтықтан оқу жүйе және үрдіс, ол жалпы білім беру жүйесіне еніп, үздіксіз білім беру және оның буындары сабақтастықты сақтайды.
Оқыту формасы, оқу үрдістері сияқты:
- педагогикалық жобалау кезеңдерінен тұрады;
- мазмұны, әдістемесі қарастырылады;
- теориялық, тәжірибелік мазмұндары бар, оларды жүзеге асыру, жобалау, жүзеге асырылады;
- бағалау сияқты міндеттерін, мақсаттарын сапалы орындау жауапкершілігі артады.

Сызба 3- Қашықтықтан оқудың педагогикалық жобалау кезеңі


Қашықтықтан оқудың педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері(3-сызбада келтірілген).Оқу пәндерінің теориялық материалдары электрондық үлгіден зерделеніп, қосымша электронды оқулықтардан меңгеріліп, оқушылар өз бетінше білім алып, электронды пошта және университеттің қашықтықтан оқыту орталығының жүйесінің құралдарын пайдалану арқылы «оқушы - оқытушы» әрқашан қажетті байланыста жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар топтық іс-шараларға, форумдарға, конференцияларға, чаттарға - интернет арқылы сөйлесудің бір түрі, т.б. байланыстармен бірлесіп, білімдерін ұтымдылықпен сапаландырады.


Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы мен болашағы зор екендігі анық. Оның кең тараған түрлері мыналарға негізделінген:
1.Интербелсенді технологиясы теледидармен;
2.Компьютерлік телеқатынас желісі, қолданыстағы конфигурациялар арқылы (мәтіндік файлдар, мультимедиялық технология, бейне-конференция, телекөпір, онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесіндегі сабақтар)
3. Түрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай сандық интербелсенді мультимедиялық білімдену ресурстарының қоры.
4.Интернет желісі, компакт-диск, флешка бірлігі технологиясы.
Білім беру технологиялар ішінде кең тараған және арзан түрі телекоммуникациялықтехнологиясы. Әрине болашақта қашықтықтан оқыту технологиясы жетіледі, маңызы арта түседі, смартфондар, планшеттер, мобильді телефондар сияқты қолданыстары артады. Интернет технологиясын пайдалану дуальдік жүйенің қашықтықтан оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа технологиялар ғасырында өмір сүретін жастар үшін даму, сапалы білім алу, көп көлемде қажетті ақпараттармен қанығу олар үшін өте қызықты. Оларды өмір депайдалану, оқу үдерісінде ұтымды қолдану, ғылыми педагогикалық зерттеулер жүргізу, креативті тұлғаның тәрбиеленуі, шығармашылықпен айналысуы, жаңа жобаларды ойлап табуларына ықпалы зор.
ХХI ғасырдағы өркениеттің талабы, ұлттық интеллектуалды мәдениеттің бағыты болмақ. Қашықтықтан оқыту – ол оқу үрдісін телекоммуникациялық құралдарының көмегімен, компьютерлік, интернеттік байланыстар мен спутникті теледидар және т.б. қамтамасыз етілуі арқылы кешенді білім қызметтеріне мүмкіндіктер берілетін еркін, тәуелсіз жүйе.
Қашықтықтан оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі оның «виртуальды Білім алушыға» – қолжетімділігі. Қолжетімділікті сапалыққа үйлестіру, ұштастыру, жеткізу жолы – сандық интербелсенді мультимедиялық білімдену ресурстарымен қамтамасыз ету жүйесінің «сапа – қолжетімділік» балансына жеткізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясының бүкіл білім жүйесінің даму сатысындағы жаңа баспалдақтар болып табылады, оның болашағы, әрине алда. Ақпараттық-қатынастық технологиялар қатынастық мүмкіндіктеріне негізделген қашықтықтан оқыту, мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім алуда кедергі келтіретін жағдайларды болдырмауға көмектеседі: басқа мектепке көше алмауы, ауруы себебінен сабақ жіберуі, арнайы педагогикалық көзқарастың жоқтығы. Осыған ұқсас мақсаттарға жету үшін ақпараттандыру құралдарымен жұмыста интернет жергілікті компьютерлік желінің мүмкіндіктерін қолдану ұсынылады. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары арқылы интернет ресурстарын жəне мүмкіндігі шектеулі оқушыларды мүмкін болатын қашықтықтан оқытуда қолдану олардың əлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне жағдай жасайды, онда мүгедек оқушылардың білімді алу мүмкіндігі уақыт жағынан жəне өзін-өзі дамыту жағынан болсын кеңістік жағынан шектеусіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет