Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Интерактивтік оқыту — қашықтықтан оқыту жүйесінің негізі



бет11/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
МД Уалшерова

2.4 Интерактивтік оқыту — қашықтықтан оқыту жүйесінің негізі


Қазіргі кезде республикалық жəне халықаралық деңгейдегі зерттеулер нəтижелері мен алдыңғы қатарлы тəжірибе көрсетіп отырғанындай, мамандарды сапалы дайындаудың бір жолы білім беру мазмұнының базалық жəне вариативті компоненттерін қамтамасыз ету болып табылады.


Білім беру мазмұны мен сапасына деген мөлшерлік талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кəсіптік білім беру стандарттарын дайындау бойынша инновациялық білім мазмұны ерекше қызығушылық тудырады. Өз кезегінде мемлекеттік стандарт əзірлеу барысында өмір талаптарына сəйкес білім өлшемдері мен сипатын жаңарту мүмкіндіктері ескерілуі қажет болды. Əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі қашықтықтан оқытудың негізгі қызметі білім беру процесінің субъектілері арасында дəнекер болып табылатын электронды жəне телекоммуникациялық құралдардың көмегімен үздіксіз білім беруді іске асыру болып табылады. Бұл жүйеде субъектілер Білім алушы пен оқу процесін ұйымдастырушылар болады.
Инновациялық оқыту интерактивті оқыту жүйесін іске асыруды, оқытудың жаңа құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді. Бүгінгі таңда кəсіби оқыту педагогтарын даярлау қашықтықтан оқыту түрі арқылы да іске асырылады.
Интерактивтілік қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады .Интерактивті оқыту деп оқытуға қатысушылардың бір-бірімен өзара əрекет етуін, оқытушы мен Білім алушылардің арасында интерактивті оқыту құралдары арқылы электрондық жəне мультимедиалық оқулықтар, тізбекті ақпараттық жүйелер арқылы кері байланыстың болуын электрондық пошта, əр түрлі режимдегі байланыс жүйесінде телеконференциялар айтады.
Білім алушылар өздеріне қолайлы уақытта, қолайлы жерде жəне қолайлы қарқынмен жұмыс істей алады, əркім пəнді меңгеру үшін жəне таңдап алған пəндер бойынша қажетті білімді алу үшін қанша оқығысы келсе, сонша оқи алады. Интерактивтілік оқытудың негізін модульдік принцип құрайды, Білім алушылар меңгерген əрбір жеке пəн (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пəндік аймаққа сəйкес келеді, бұл дербес немесе топ қажеттіліктеріне жауап беретін тəуелсіз оқу курстарынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді. Ооқыту негізгі кəсіби іс-əрекет пен оқытудың өзара бірлігінде жүргізіледі, яғни өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік береді. Білім алушылардің білім беру мекемесінен қашықтығы байланыстың сапалы жұмысы жағдайында білім беру процесінің тиімділігіне кедергі болмайды. Оқыту процесінде оқытушы мен Білім алушы өздеріне қолайлы кесте бойынша жұмыс істейді. Оқытушының жаңа ролі мен қызметі айқын көрінеді. Білім алушыларге қойылатын талаптар дəстүрлі оқыту жүйесінен мүлдем басқаша болады. Интерактивтілік оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктері пайдала-нылады .
Тұлғаға бағдарланған технологиялық əдіс білім алушылардің танымдық қабілеттерін, олардың зияткерлік, эмоциялық дамуын, кəсіби бейімділіктері мен ұмтылыстарын, педагогикалық іс-əрекетке деген құндылық қасиеттерін аша түседі. Осыны ескере отырып, жоғары оқу орындарында тұлғаның шығарма-шылық ерекшелігі жеке қызмет етілуі мен іс-əрекеттің шыңдалуының көрініс табуы үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Ең алдымен, білім беру бағдарламалары мен жеке оқыту үлгісін таңдау мүмкіндігі беріледі.Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ кəсіби оқыту педагогтарының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен, байланысты болады.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті тұлғаның өзіндік даму тұжырым-дамасы болып табылады. Өзіндік даму - бұл ішкі жəне сыртқы əлеммен байла-нысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның əр түрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі əрбір білім алушыға ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігіндəлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дəстүрлі форма-да даярлаумен қатар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.Ғылыми зерттеулерді оқып-үйрену жəне талдау педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болашақ кəсіби оқыту педагогының технологиялық даярлығы мəселесінің педагогика ғылымының теориясында өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын жəне ол үнемі зерттеп отыруды қажет екендігін көруге мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім берудің кеңістігіне енуге бағыт алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру пара-дигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Қоғамдық білім мен жаңа педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның рөліне мəн берілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет