2.2Қашықтықтан оқытуда оқушының жеке бейімделген білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері
Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту[44]. Қашықтықтан оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар (2-сызбада көрсетілген):
Сызба 2- Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру формасы
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экраннан көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен электрондық пошта, WhatsApp мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
-Бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып қашықтықтан оқыту;
- Мемлекеттік стандарт талаптарын сақтау.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Елімізде қашықтықтан оқыту барсында жаңа бағдарламалар құрастырылды. Олар: «Daryn.Оnline», «Online.Mektep». Сонымен қатар, сабақты тек бағдарламалар арқылы ғана емес, көгілдір экран арқылы «Балапан» және «Ел арна» арналары арқылы әр сыныпқа уақыт бөліп, алдын-ала дайындалған бейнероликтер арқылы оқушыларға түсіндіріледі. «Daryn. Оnline» - бұл бағдарлама негізінен ақылы білім алуға арналған бағдарлама негізінде құрылған.
Елімізде жарияланған карантин уақытында «Daryn.Оnline» бағдарламасын құрастырушылары мемлектіміздегі оқушы мен ұстаздарға өз қызметтерін тегін ұсынды. Алғашында елу мың адамға есептелген бағдарлама болып табылады. Бағдарламаға карантин уақытында 1 күнде 1 миллион оқушы мен оқытушы тіркелсе, келесі күндері 800 мың оқушы мен оқытушы тіркелген. Қазіргі кезде бұл бағдарлама қолданушылар саны 2,5 миллионға жуықтаған. Қазіргі кезде «Daryn.Оnline» бағдарламасында 42 ұстаз, үш жылға келісім шартпен жұмысқа орналасқан. «Daryn.Оnline» бағдарламасының ерекшеліктері:
- оқушыларды сабақ оқуға қызықтыру;
- оқушыларды сабақ оқудан жалықтырмау;
- сабақтар видео түрінде түсіндірілген;
- ұялы телефонмен тіркелу және сабақ оқу;
- оқу үлгерімі пайызбен көрсетіліп тұрады;
- сабақтар 3,5,8 минуттық роликтер түрінде;
- әр тақырыпқа тест тапсырмалары;
- жоғарғы балл алған оқушыларға «Дарын» баллы қойылады;
- жоғары «Дарын» балын жинау арқылы келесісабақты тегін сатып ала-алады;
- төлем оңай төленеді;
- ҰБТ-ға дайындықты толық қамтамасыз ете алады;
- ҰБТ тест тапсыру арқылы қай сұрақтардан қателескенін және қай тақырыптарды оқу керектігін толық көрсетеді.
«Online.Mektep» - жаңа, қолдануға ыңғайлы, қашықтықтан оқытудың заманауи платформасы. Ол барлық мектеп процестерін цифрландырды, бірақ сонымен бірге технологияның арқасында оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтті. «Online.Mektep» платформасында 42 пән бойынша 5,5 мыңнан астам жаңа электрондық сабақ пен 140 мыңнан астам интерактивті жаттығулар бар. Бұл жұмысқа 500-ден астам мұғалім және 250 маман қатысты. «Online.Mektep» бағдарламасының ерекшеліктері: - интуктивті және қарапайым;
- әр сабақта тақырыптың түсіндірмесі бейне немесе синопсис түрінде;
- интерактивті оқыту технологиясы бойынша интерактивті тапсырмалар;
- оқытушы мен оқушының жеке аты-жөні мен паролі болады;
- порталда мұғалім сабақ барысымен синхронды бейнеконференция форматында сабақ өткізе алады;
- оқытушы бейнеконференция арқылы сабақ өткізу барысында оқушылардың даусын өшіріп қоя алады;
- бейнеконференция арқылы сабақ өткенде уақыт шектеусіз, әрі тегін болады; - синхронды және асинхронды сабақ өту;
- оқушлардың тапсырмаларды қанша пайыз орындағанын көре алуы;
- егер оқушыда сұрақ туындаса, мұғаліммен чат арқылы жеке сөйлесе алады; -оқушылар жеке сыныпқа арналған чат болады;
- әр сабақ жазылып, асинхронды форматта, яғни оқушымен жекелей жұмыс істеуге бейімделген.
Қазіргі қашықтықтан оқыту барысында осы бағдарламар арқылы оқушы мен оқытушылар сабақ барысын жеңілдетіп өтіп жатыр.
Бағдарламалар сабақты толық оқыту мен түсіндіру жұмысына байланысты өзгерістерге түсіп отырады. Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:
-туындайтын мәселелерді қарастыру;
-мақсат пен міндеттерді қою;
-білім, тәжірибелерді беру;
-ұйымдастыру қызметі;
-білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру;
-оқу процесін бақылау.
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу. Порталдар арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру басты міндет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |