Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу


Қашықтықтан оқыту жаңа форматтағы білім жүйесін зерттеу



бет6/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
МД Уалшерова

1.2Қашықтықтан оқыту жаңа форматтағы білім жүйесін зерттеу
Еліміздегі 3 миллионнан астам білім алушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.Бұған дейін оқытушыдың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтықтан оқытуға “Balapan” қазақ тілінде мен “Еларна” орыс тіліндетелеарнасы да атсалысып жатыр.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Білім алушылар үшін 2 мыңнан астам телесабақ әзірленеді [16].
Стратегиялық проблемалар жөнінде мамандар қашықтықтан оқыту формасын ХХІ ғасырдың білім беру жүйесі деп көрсетеді. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады. Сонымен қатар оның құрамы кез-­келген оқыту формасында, кез­келген оқыту жүйесінде бар компоненттерден, оқытудың барлық түрінде: әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан, әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.
Қашықтықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технологиялық негіздерге тек компьютерлік коммуникацияға, баспа құралымен, компакт дискімен, кейс­технологиямен жабдықталған компьютерлік телекоммуникацияға қарай айрықшаланған.
Қашықтықтан оқытуда жүйелі әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, қашықтықтан білім беруді оқыту нәтижесі сияқты жүйені де, процестің өзін де білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Қашықтықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындау. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс[17].
Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын, мүмкіндігін, өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру болып саналады. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологиялардың куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабараториялық жұмыс көрерде осы интерактивті теледидардың маңызы зор. Қашықтықтан бұл формасының мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде маызы зор, бірақ қазіргі таңда бұл өте қымбат технология болып табылады. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны, электрондық почта, телеконференция, аймақтық және интернет желісінің ақпараттық қорларын пайдылануды ұсынады. Қашықтықтан оқытудың әсерлі болуы оқушылармен бірге интернетпен жұмыс істейтін мұғалімге тікелей байланысты. Бұл мұғалім: қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияны меңгерген, оқушылармен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек.
Қашықтықтан оқыту формасы туралы айтқанда құрамына барынша мүмкін болатын ақпараттың электрондық көздері, виртуалды кітапханалар деректер базасы, консултациялық қызметтер, электронды оқу құралдары, киберсыныптар, т.б. кіретін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін жасау керек, ол жүйеде мұғалім, оқушы және оқушы бар деп түсіну керек. Осыдан шығатыны қашықтықтан оқыту формасын ұйымастыруда ең бастысы электрондық курстар, қашықтықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтықтан оқыту жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор[18]. 
Оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру оқушының шығармашылықталанттарын жан-жақты ашып көрсету оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытусабақ үдерісінде АКТ-ны тиімді пайдалану қазақ тілі сабағында оқушының белсенділігінарттыру оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соғанбаратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз »деп атапкөрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауытиіс.
Қазіргі таңда ғылыми негізде және жаңа зерттеушілік бағытта құрастырылған
электронды оқулықтарды тиімді пайдалану оқушының пәнге қызығушылығына жол ашады.
«Робин раунд» әдісі бойынша сыныптағы оқушылар бір –бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікірін айтып сабақты қорытындылай алады. «Елес жетелеу», «Автор орындығы», «Ассоциация» әдістері,диалогтік оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызары анық.Сонымен бірге тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға, олардың ой-пікірлеріне,көзқарастарына,атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады. Биология сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе, тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу,мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болу тиіс мен өз тәжірибемде ғаламтордан тақырыптық бейне көріністер алып талдау жұмыстарына үлкен мән беремін[19]. Оқушыларға сұрақ қоя отырып ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдар,әдет-ғұрыптар жайлы өздерінің көргендерінен ой-пікірлерін айтуды сұрадым. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге,бір-бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды. АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыны мына қадамдарға бағыттайды:
1.Оқушы танымын кеңейтеді;
2. Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды;
3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын
қалыптастырады.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңашаұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми –педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардыңқұзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістеріарқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.Оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.Пәнге дегентанымдылық қызығушы-лығын тудырады.Оқушылардың көз қарасын кенейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігіөседі. Биологияны оқуға және үлгерімді жоғарылату қызығушылығы туады. Теориялықматериалды толық игеру болады. Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылыөндеу. өз көзқарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы. Сабақ үстінде оқушыныңда мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Далада бақылау жүргізу әдісі негізінен табиғат жағдайларын зерттеу үшінқолданылады. Ол мектепте бар техникалық құралдарды қолдану арқылы дала жағдайында әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.Зерттеудің картографиялық әдісі өлке аумағындағы шаруашылық пен табиғаттыңарасындағы кеңістіктік үйлесімділікті ашу мақсатында қолданылады. Географиялықөлкетанушылық зерттеу жұмыстары картадан басталуы және нәтижелер картаға түсірілуітиіс. Зерттеудің маңызды бөлігі – жергілікті жердің планын қағазқа түсіру және әр түрлікарталар құрастыру. [20]
Статистикалық әдіс әсіресе халықты, шаруашылықты, экономикалық байланыстардыоқу барысында жинақталған сандық көрсеткіштерді іріктеп алу және олардан қорытындышығарумен анықталады. Бұл әдіс әр түрлі сандық мәліметтерді санау, орташа көрсеткіштердішығару, кестелер құрастыру және олардың графикалық бейнесін сызудан тұрады.Көзбен шолу (визуалды) әдісі – бұл оқылатын құбылыстар мен заттарды бақылауғабағытталған әдіс. Ол мектептегі географияда, өлкетанулық зерттеулерде, саяхаттарда,экскурсияларда өте жиі қолданылады.
Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады.Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек. Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Биология мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, биология пән мұғалімдері мультимедиа кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[21]. 
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл, бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютер-лендіру.  ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады[22]. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
-үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту;
- коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту;
- сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
-оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру
-қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен болуы мүмкін. 
АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін оқушының жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады[23 ] .
Құзырлылық бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы әдістердің оралымдылығы ойлаудың сынаулығы. Ақпараттық құзырлылық бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Әдебиеттерде «ақпараттық құзырлық», «компьютерлік құзырлық» терминдері жиі кездеседі[24].
Қазіргі уақытта құзырылылықтың бірнеше түрі бар, соның бірі-ақпараттық –коммуникациялық құзырлылық М.В.Лебедев мен О.Н. Шилова мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық «оқу,тұрмыстық,кәсіби міндеттерді ақпараттық жән коммуникациялық технологиялардың көмегімен шеше білу қабілеттілігі» деп анықтайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ[25].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет