Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу



бет8/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
МД Уалшерова

2 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Биологиядан қашықтықтан оқытудың тиімділігі арттыру жолдарын
зерттеу
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру[35].  қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтықтан оқытудың( 1-сызбада ерекшелігі қарастырлған) дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.

Сызба1.Қашықтықтан оқыту технологияының тиімділігі




Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, білім алушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және оқушылардың білім дәрежесінің артуын талап етін отыр. Қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру. Білім беру жүйесінің ортасында Білім алушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы білім алушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды[36].
Білім беру сапасы мен құрылымы қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтықтан оқыту сапасы жоғары болғанын тәжрибелер дәлелдейді. Қашықтықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалер мен ақпаратты жеткізу жүйесінгің инетрактивтік мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататын және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құраладарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Білім және ғылым министрлігі оқу процесін сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан оқытуға көшірді. Білімнің адамнын жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман ақпараттық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны, электрондық почта, телеконференция, аймақтық және интернет желісінің ақпараттық қорларын пайдылануды ұсынады. Бұл қашықтықтан оқытудың кең тараған әрі арзан түрі.
Қашықтықтан оқытудың әсерлі болуы білім алушылармен бірге интернетпен жұмыс істейтін оқытушыге тікелей байланысты. Бұл оқытушы: қазіргі заманғы ақпараттық және педагогикалық технологияны меңгерген, білім алушылармен бірге желідегі жаңа оқу-танымдық ортада жұмыс істеуге психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Қашықтықтан оқытудың уақыт пен кеңістікке тәуелсіз үдеріс екеніне, сандық технологиялар арқылы өз бетінше үздіксіз білім алып, сан алуан ақпаратпен алмасу мүмкіндіктерінің болуына, әлеуметтік жағдайына қарамастан еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім, ғылым жаңалықтарымен танысып, өз бетінше игеру құқығының бар екеніне, сонымен қатар өзіндік мақсат-міндеттері және білім алушыларға өз бетімен оқып-үйренуге негізделген кейс – технологиялардың тиімділігін арттырудың аса қажеттілігіне тағы бір мәрте көз жеткізді[37].
Қазіргі уақыттағы бүкіл әлемде ушығып тұрған эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту мәселесіне көшуге тура келді. Оқытушы мен білім алушы енді алшақ отырып, яғни қашықтықтан жұмыс жасап отыр. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағыоқып білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етілуде.
Қашықтықтан оқыту түсінігі білім алушы мен оқытушы арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. «Онлайн-оқыту» тақырыбы интернет-байланыс арқылы жүреді. Яғни, оқытушы мен білім алушы бір-бірінен бөлек тұрады. Оқытушы тапсырмаларды беріп, оның орындалуын қарап, бағалап, кері байланыс жасап,қайтадан білім алушыға жібереді. Білім алушылар өз кезегінде сабақтарға қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, оқытушыге тексеруге жібереді. Бас кезінде айтарлықтай қиындықтар туындады, бірақ оқытушылар үнемі тығырықтан шығатын жол іздеп жүреді. Цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, оқытушылар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуни-кациялық құралдарды қолдану қажет. ZOOM платформасымен видеосабақ жасауды үйреніп, білім алушыларға шағын сабақтарды түсіндіріп Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырылды. Сонымен қатар білім алушыларда үнемі кері байланыс жасап отырды. Осы тұста айта кететін жағдай, білім алушылар үй жағдайындағы қол жетімді құралдармен кері байланыстарын жасады. Мұндағы бір ерекшелік көп ашыла бермейтін білім алушылардың белсенділігі арта түскендігі байқалды.
Қашықтықтан оқыту тек білім алушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділіктерін оятты. Қашықтықтан оқыту оқытушы еңбегінің қиын екендігін, Білім алушы мен ата-анаға ұғындырып, оқытушылардың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді.
Қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
-Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
-Интерактивті әрекеттесу формалары;
-Сапалы білім алу;
-Уақытты үнемдеу;
-Ыңғайлы уақытта оқу;
-Территориялық шектеулер болмайды;
Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы білім алушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында Білім алушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы білім алушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқыту технологиясы – білім алушыны дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны зор.
Білімді ақпараттандыруды үйрену ақпараттық технологиялардың əртүрлі тұрғыда білім саласына енуін танысуды қамтуы қажет. Жеке алғанда, білімде қолданылатын ақпараттандырудың техникалық құралдары, бағдарламалық құралдары, олардың мазмұндық толтырулары нақты қарастырылуы тиіс.
Мотивация оқыту үдерісінде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар табысты оқытудың кілттік факторы болып табылады. Мотивация білім алушының өзінің оқу үдерісі, оқытушының жүріс-тұрысы, академиялық талаптар, оқу материалдарының сапасы мен сабақтардың рөлі сияқты сұрақтар бойынша білім алушылардың көзқарастырының жиынтығымен анықталады. Зерттеулер мультимедиа - ресурстарды оқыту үдерісінде қолдану білім алушылардың мотивациясын арттыратындығын дəлелдеп отыр.
Мультимедиалық білім беру құралдары білім алушылардың оқуға деген құмарлықтары мен қызығушылықтарын тудырулары, сонымен қатар ойша бейнелер мен модельдерді қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен, көптеген жағдайда мультимедианы қолдану білім алушыларды мотивациялауға оң əсер етеді. Мультимедиа - ресурстармен жұмыс істеудің жеткілікті көп табиғи аспектілері бар. Кез келген білім алушы интернет желісінде өзінің жеке мультимедиалық сайтының болуын қалайды. Сонымен қатар, білім алушылар электрондық пошта мен чатты қызыға қолданады[24]. Интернеттің мұндай қызметтері білім алушыларды коммуникативті қарым-қатынастың ерекше тəсілдерімен қамтамасыз етеді, оларға жаңа достар табуға, өзін-өзі дамытуға, өзін жария етуге көмектеседі. Осындай мақсаттарға жету үшін ,бейне дәріс, виртуалды жұмыстар, мультимедиа - технологиясының элементтері қолданылады.
Білім алушылардың оқу процеғсіндегі белсенділігін арттыру жəне жаңа білім мен технологиялық тəсілдерді тиімдірек меңгеру үдерісіне бейне дәріс, виртуалды зертхана және мультимедиа-ресурстарында түрлі проблемалық жағдайларда қолдану өз септігін тигізеді.
Компьютерлік желілерде жұмыс істейтін пайдаланушылар проблемалық жағдайлармен жиі ұшырасып отырады. Мысалы, білім алушылар олардың алдында мультимедиа - ақпараттың үлкен көлеміне жол ашылғандығын түсінеді, бірақ ақпаратпен танысу барысында бөлінген уақыт аралығында барлық ақпаратпен танысып үлегере алмаулары да мүмкін. Осындай жағдайда білім алушылардың ақпаратты іздеу жəне өңдеу дағдылары жеткіліксіз болып шығады. Иерархиялық құрылымның гипермедиа жəне мультимедиа қағидасы бойынша құралған түрлі ақпараттық объектілермен толықтырылуы қажет. Анық айтар болсақ иерархиялық құрылымның əрбір төбесі құрамына төбемен байланыстырылған төбе параметрлері, түсініктемелер жəне көптеген қосымша файлдар кіретін бірнеше атрибуттарға ие. Қосымша ретінде барлық ақпараттық форматтардың файлдары болады жəне өзінің құрамына мультимедиа ақпарат-қарапайым немесе форматталған мəтін, бейнелер, сұлбалар, кестелер, диаграммалар, суреттер, аудио немесе бейне жазбалар, сұрақтар немесе тесттер жауаптары жəне т.б. кіреді.
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, вебинар, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. Қазіргі таңда аралас оқу («Blended Learning») – дәстүрлі күндізгі оқу нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы. Аралас оқу режиміндегі курс үш кезеңнен тұрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (offline). Курс бағдарламасы біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталып, заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту формаларын пайдалану арқылы қол жеткізілген іс-әрекет тәсілдерін көздейді.
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда[40].
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
-Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет;
-Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет;
-Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет;
-Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Қашықтықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге асырылып келеді:
-желілік технология;
-кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;
-ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл Білім алушы пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл Білім алушы пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.
Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.
Бұл жүйеде оқытушы Білім алушытің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында Білім алушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы Білім алушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады[42]. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Компьютерлік құралдармен жұмыс жасауға оқыту, білім беру мазмұнының бір бөлігі болып табылады. Оқытуда қолданылатын ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары, мəселені шешетін тек құрал ретінде, оның қолданылуы өздік мақсатқа айналмауы қажет.
Компьютерлік оқу құралдарын қолдану оқу жəне кəсіптік міндеттерді шешу бойынша адамның ойлау қабілетін кеңейтеді.
Білім алушыларды оқытуда ақпараттық - қатынастық технологиялардың құралдарын қолдануда қазіргі заманғы педагогикалық кадрлардың дайындығын қалыптастыру үдерісінде оң əсер беретін бірнеше негізгі факторлар бар. Əсіресе, оқытушылардың біліктілігін көтеретін көп деңгейлік жүйені құру қажет. Ол үшін оқытушылардың дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын аса іргелі жəне үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру құралдарына тəуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен принциптері жүзеге асырылу керек. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындайтын негізгі мақсаттар:
- білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
- ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру, өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру және үнемі дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет