Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Дабылдарды өңдеу методологиясы



бет273/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

2-параграф. Дабылдарды өңдеу методологиясы

343. Дабылдарды анықтау емшара орындалатын дәрілік препарат түріне қарай ауытқуы мүмкін құрылымданған және танылған методологияны ұстануы тиіс.


344. Түскен дабылды растайтын дәлел негізін бағалау мақсатында клиникалық мәнін, әсерінің дәрежесінің өзара байланысы және реакциялар, себеп-сладрлы байланысы, биологиялық шындыққа жақындығы, экспериментальдік нәтижелер, сипаты бойынша болжамды ұқсас құбылыс деректерін ескеруі тиіс құрылымданған және танылған методологияны қолдану керек.


345. Дабылдарды басым етуде әртүрлі факторларды ескереді: анықталған өзара байланысының немесе дәрілік препараттың жаңалығы, өзара байланысының мәнділігіне қатысы бар факторларды, мәліметтерді құжаттауға қатысы бар, тиісінше күрделі реакциялар және факторлар.

3-параграф. Дабылдарды өңдеу үдерісі

346. Дабылдарды өңдеу үдерісіне дабылды анықтаудан ұсыныстар жасауға дейінгі барлық сатылар қосылады. Дабылдарды өңдеуді орындау қағидаларының тіркелген дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылауға қатысатын барлық мүдделі тараптарға қатысы бар.


347. Дабылдарды өңдеу үдерісінің төмендегі сатылары бар:


1) дабылдарды анықтау;


2) дабылдар валидациясы;


3) дабылдарды талдау және басым ету;


4) дабылды бағалау;


5) әрекет ету бойынша ұсыныстар;


6) ақпарат алмасу.


348. Әдетте бұл сатылардың қисынды бірізділікті ұстануына қарамастан, дабылдарды анықтауда пайдаланылатын қолжетімді ақпарат көздерінің кең ауқымы дабылдарды өңдеу үшін икемділігін талап етуі мүмкін, мысалы:


1) дабылдарды анықтау негізінен жағымсыз реакциялар туралы жеке мәлімдеулердің шолуына негізделсе, рәсімге анықталған дабылдың верификациясы және алдын ала басымдық берілуі қоса жатуы мүмкін;


2) егер дабыл зерттеулердің біріккен нәтижелері бойынша анықталса, әдетте әрбір жеке хабарламаны бағалау мүмкін емес, және валидация нәтижесінде қосымша деректер жинау талап етілуі мүмкін;


3) әрекет бойынша ұсыныстар (кейін қолданыстағы заңға сәйкес шешім қабылдау отырып) және ақпарат алмасу компонентті болып табылады, бұны үдерістің әрбір сатысында ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет