Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы



бет211/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

7-тарау. Персонал

60. Негізгі қызметтерді орындау үшін дәріханалық ұйымның штаты өздерінің қызметтік мақсаттарына сәйкес кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде шешуге қабілетті білікті персоналдың жеткілікті мөлшерінен жинақталуы керек, аспаптар қолданған жағдайда өлшеу құралдарының жай-күйіне жауапты тұлға тағайындалады.


Дәріханалық ұйымның персоналы Заңға сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.


61. Дәріханаларда дайындалатын, дәріханалық қоймадан түсетін дәрілік заттардың сапасына жауапты тұлға дәріханалық ұйымға сапасыз дәрілік заттар түсуін болдырмау және олардың сапасының сақталу, өңдеу және босату үдерістерінде төмендеуін болдырмау мақсатында, алдын алу шараларын жүргізуден, қабылдау бақылауын іске асырудан тұратын, дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүргізеді.


62. Өзінің өндірістік қызметінде дәріханалық ұйымның маманы денсаулық сақтау саласының қолданыстағы нормативті құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, санитария және гигиена, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қызметтік нұсқаулықтар және талаптарын, осы Стандартты басшылыққа алады.


63. Барлық персонал тиісті дәріханалық практиканың GPP қағидаттары мен ережелерін білуге және орындауға, кейін біліктілікті арттырудан өтеді.


64. Өз қызметінің барысында дәріханалық ұйымның персоналы фармацевтикалық этика және деонтология нормаларын сақтайды.


65. Барлық персонал санитарлық-гигиеналық және арнайы киім және аяқ-киімнің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіледі, бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес медициналық тексерістен өтеді.

8-тарау. Стандартты операциялық рәсімдер

66. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сапасына, сондай-ақ дәріханалық ұйым қызметінің сапасына бүтіндей әсер ететін барлық жұмыс түріне СОР жасалады.


67. СОР мыналарға әзірленуі керек: өнімді алу және жеткізуді тексеру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, дәріханалық жиынтықтағы тауарлардың түр-түрінің қауіпсіз сақталуы, жабдықтарды тазалау (өңдеу) және үй-жайларды жинау (зиянкестермен күресті қоса), қолданылатын өлшеу құралдарының сақтау шарттарының, қолданылуының және құрамының параметрлерін тіркеу, құжаттарды жүргізу және сақтау, сонымен бірге дәрілік препараттарды, тапсырыстарды, қайтаруларды жүргізу, персоналды оқытуларды жүргізу.


68. СОР сапасына жауапты тұлғаның қол қойған күні және қолы қойылуы керек, дәріханалық ұйымның жетекшісі бекітуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет